Турымбетов Турсинбай Абдибекович
Техн.ғ.к.,доцент м.а., кафедра меңгерушісі

Компьютерлік ғылымдар кафедрасы

Компьютерлік ғылымдар кафедрасы – оқытудың инновациялық технологияларын ендіру арқылы оқу үрдісінің сапасын ұдайы жетілдіретін, білімгерлердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи кәсіби білім негіздерін меңгертетін, ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардің ақпараттық қорларын ұтымды пайдалану негізінде шетелдік және отандық педагогиканың озық білім беру үлгілерін білім беруде ұдайы пайдалануды іске асыратын жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі.
Кафедра негізі 2003 жылы желтоқсан айының 1 жұлдызынан «Информатика және сандық әдістер» кафедрасы болып қаланды. (Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к, доцент Ажиханов Нұрлан Тобаханұлы), 2013 жылы қыркүйек айының 01-жұлдызынан кафедра «Математикалық модельдеу және информатика» атауымен қайта құрылды.
2014 жылы қыркүйек айының 01-жұлдызынан Инженерия факультетінің құрамына «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасы атауымен ауыстырылды (Кафедра меңгерушісі, техн.ғ.д., доцент Марасулов Абдурахим Мұстафаұлы).
2016 жылдың қыркүйек айының 01 жұлдызынан бастап «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі болып, п.ғ.к., профессор м.а. Ниязова Гүлжан Жолаушықызы тағайындалды.
2018 жылдың қыркүйек айының 01 жұлдызынан бастап «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі болып, техн.ғ.к., доцент м.а. Турымбетов Турсинбай Абдибекович тағайындалды.
5В011100-Информатика, 5В060200-Информатика мамандықтарының студенттері 2009-2016 жылдары республикалық пән олимпиадасынан командалық және жеке есепте 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарды иеленіп жүр.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 19. Оның ішінде, 2 ғылым докторы, 5 ғылым кандидаты, 1 PhD, 5 аға оқытушы, 6 магистр-оқытушы қызмет атқаруда. Аталған мамандықтар студенттері мен магистранттарына мемлекеттік міндетті компонент және жеке білім беру траекториясы пәндерін ғылыми біліктілігі жоғары, тәжiрибелi оқытушылары оқытады, сонымен қатар, элективті оқу курстары ғылым мен білім беру саласындағы озық технологияларды негізге алу, шетелдік жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын, жұмыс берушілер мен түлектердің ұсыныстары негізінде таңдап алынған.

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінің «Қазақстан жоғары оқу орныдарының білім беру бағдарламаларының рейтингі» бойынша  2016 жылы 6М060200-Информатика мамандығы            3-орын иеленді.

Кафедра оқытушы-профессорлар құрамы «Процесстерді модельдеу және ақпараттық технологиялар негізінде білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар атқарды. (Жетекші Марасулов А.М.).
2017-2018 оқу жылында  Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы  жарияланған мақалалар саны – 4,  импакт факторы 0, бірақ Thomson Reuters, Scopus, Elsevier,  Web of Science, Jstore деректер базасындағы мақалалар,     ҚР БжҒм Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша Қазақстандық басылымдарда  және Ресей, Украина, Беларусия басылымдарында жарияланған мақалалар саны  — 22;
Жақын шет елдердегі басылымдарда (Ресей,Украина, Беларусиядан басқа ТМД елдері)  жарияланған мақалалар саны – 1, Алыс шет елдердегі басылымдарда  жарияланған мақалалар саны – 2, ХҚТУ «Хабаршысы»,  “ХҚТУ хабарлары”, “Түркология” журналдарында жарияланған мақалалар саны  — 6, конференцияларға қатысу (ғылыми еңбектер жинағындағы тезистер, баяндамалар немесе қатысу сертификаттары негізінде) жарияланған мақалалар саны – 15, Отандық басылымдарда жарияланған монография  саны – 1,  Республикалық ғылыми конкурстарда, ғылыми-шығармашылық жарыстардағы білім алушылар арасындағы жүлдегерлер саны  — 2.

Кафедрада  «Интернет технологиялары» үйірмесі жұмыс істеп келеді. Үйірмелерде түрлі сұхбаттар, кездесулер, семинарлар өткізіліп тұрады.  Топ эдвайзерлері қыркүйек айында Конституция күніне арналған «Ардың шыңы – Ата Заң!», «Қазақ тілінің интернеттегі келбеті қандай?» тақырыптық пікірталас, «Тәлім сөз – тәрбие құралы»,  «Қазақстанның сакральды географиясы» киелі өлке аңыздары тақырыбында топтық тәрбие сағаттарын,«Тіл тағдыры-ел тағдыры»  тәрбие сағат, «Аналар» күніне арналған дебаттық турнир ұйымдастырды.

Напишите свой вопрос

 

×