Информатика

Бағдарлама сипаты

БІЛІКТІЛІГІ

Білім бакалавры  (5B011100- Информатика)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын іске асыру  мақсатында 2016 жылдан бастап жоғары білім берудің оқу бағдарламаларына оқытудың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін оқыту курсын жүргізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар ендіру, 2020-2021 жылдары мектептерде жаратылыстану пәндері қатарында «Информатика» пәнін ағылшын тілінде оқыту (білім беру ұйымдарының алқалық шешімінің негізінде таңдау бойынша) енгізілетіндігі белгіленген.

Осыған орай, 2017-2018 оқу жылынан бастап Компьютерлік ғылымдар кафедрасына қарасты 5В011100-Информатика мамандығы бойынша қабылданған білімгерлер үшін оқу жұмыстары толығымен ағылшын тілінде ұйымдастырылады.

Жалпы білім берудің мақсаттары:

Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;

барлық деңгейдегі тұтынушыларға сапалы білім беру негізінде заманауи педагогика аймағындағы жалпымәдениеттілік пен кәсіптік құзіреттілікті меңгерген, білім саласында сәтті жұмыс атқаратын кәсіби мамандарды даярлау;

білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары информатик мамандарды даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

жалпы мәдениеттілік пен кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыру;

жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі: ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгерген; информатика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыру туралы іргелі білімдерге ие.

Қолдана білуі:

мәдениетаралық-коммуникативтік құзыреттерді меңгеруі, коммуниканттардың әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орната білуі;

кәсіби білімнің іргетасы ретінде кәсіби және арнайы сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру.

Біліктілігі:

Түлектер білім беру мекемелерінде, ғылыми, ғылыми зерттеу орталықтарында; басқару ұйымдары: басқарудың мемлекеттік органдары, білім беру департаменттерінде; қолданбалы математика әдістерін және компьютерлік технологияларды пайдаланатын жекеменшіктің әртүрлі формаларындағы ұйымдарда қызмет істеу біліктілігіне ие.

Құзіреттілігі:

Ақпаратты сыни көзқараспен бағалай алады,  педагогикалық технологияларды пайдалану мен дағдыларын меңгерген, кәсіптік саласы мен қоғамдағы эволюциялық үдерістерге бейімделуге қабілетті, кәсіптік білімін өмір бойы жетілдіруді меңгерген. АКТ жүйелерін және олардың элементтерін өрістету, орнату, біріктіру  және  өндіріске енгізу мен қолдауды іске асыра алады.

Мемлекеттік міндетті модуль

Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Философия

Коммуникативтік модуль

Қазақ (орыс) тілі

Ағылшын тілі

Түрік (қазақ) тілі

ЖОО электив модулі

Түркі мемлекеттер тарихы

Ясауитану

Тұлғааралық коммуникация психологиясы

Саясаттану

Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері

Мәдениет және дін

Әлеуметтану

Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

Экология және тұрақты даму

Құқық негіздері

Экономикалық теория

Ататүрік принциптері

Сыни ойлау

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Еңбекті қорғау

Мәңгілік ел

Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы

Өзін-өзі тану

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Математика және бағдарламалау

Жоғары математика І

Бағдарламалау І

Информатиканың теориялық негіздері

Модуль  – Психология және физиология  

Психология және адам дамуы

Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Модуль-Дискретті математика

Дискретті математика

Компьютер сәулеті І

Модуль  – Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі 

Педагогика І

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль-Интернет технология

Бағдарламалау ІІ

Интернет технологиялары І

Модуль-Желілер және графика

Компьютерлік  желілер І

Компьютерлік графика І

Ақпаратты қорғау және криптография

Модуль –Информатиканы оқыту әдістемесі

Информатиканы оқыту әдістемесі

Қолданбалы бағдарламаларда мәліметтерді өңдеу

Модуль  – Бағдарламалау

Бағдарламалау ІІІ

Деректер қорының теориясы І

Модуль  – Басқару, ұйымдастыру, бағалау

Инклюзивті білім беру

Бағалаудың өлшемдік технологиялары

Білім берудегі менджмент

Модуль- Операциялық жүйелер

Есептеу әдістері

Операциялық жүйелер (Lunix /Unix)

Java технологиясы

Модуль- Деректер қоры

Интернет технологиялары ІІ

Жасанды интеллекті негіздері

Деректер қорының теориясы II

ЖБТ1 Электронды оқыту жүйесі

Модуль- Қашықтықтан оқыту

Қашықтықтан оқыту технологиясы

Компьютерлік статистика

Модуль – Электронды оқулық жасау

Электронды оқулық жасау технологиясы

Бейнені құру және өңдеу

Информатикадағы педагогикалық технологиялар

ЖБТ2 Компьютерлік сызбалар жүйесі

Модуль- Үш өлшемді сызбалар

Үш өлшемді сызбаларды құрастыру

Компьютерлік ойын дизайнын құрастыру

Модуль- Жаңа ақпараттық технологиялар

Электронды оқыту үшін бағдарламалық өнімдер және стандарттар

Сайтты басқару жүйелері

Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1 курста   «Оқу тәжірибе I » – университеттің оқу зертханасында өтеді — 3апта;

2-3 курста « Педагогикалық тәжірибесі» облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерде өтеді  — 2,5 апта;

2-3 курста «Өндірістік тәжірибе» қалалық, аудандық мекемелер , ұйымдар, кәсіпорындарда өтеді — 2,5 апта;

4 курста « Өндірістік ( педагогикалық) тәжірибе»  облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерде, қалалық, аудандық мекемелер , ұйымдар, кәсіпорындарда өтеді — 10 апта;

4 курста «Дипломалды тәжірибе» университет кафедраларында өтеді — 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан қаласы әкімдігі білім беру бөліміне қарасты оқу орындары
  • Кентау қаласы әкімдігі білім беру бөліміне қарасты оқу орындары
  • «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты кәсіптік білім беру мекемелері

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Информатика

Мамандық шифры

5B011100

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Физика

Профильдік пәні

Математика

Өту балы

50-140

Оқу ақысы

5B011100-Информатика мамандығы бойынша оқу төлемақысы 443000 тг