Информатика

БІЛІКТІЛІГІ

Жаратылыстану  бакалавры (5B060200- Информатика)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

5В060200 – Информатика мамандықтары бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалаврын дайындау білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: информатика, ақпараттық технологиялар, аймақтық және ғаламдық ақпараттық тораптары және интернет-технологиялар саласында білікті маман даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • компьютерлік технологиялар әдістерін қолданатын салаларда ғылыми зерттеулерді орындауға даярлау;
  • пайдаланушылардың сұранымын, пәндік салалардың модельдерін және техникалық құралдардың мүмкіндіктерін талдаудың негізінде кәсіптік қызметтің объектілерінің жеке компоненттерінің талаптарын және спецификаларын дайындауды меңгерту;
  • белгіленген уақытта белгілі сапамен кәсіптік қызметтің объектілерін дайындаудың үрдісін ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

Автоматтандырылған жобалау, математикалық есептеулер, сандық әдістер, шешімдерді қабылдау теориясы, интеллектуалды ақпарат жүйелері, ақпарат жүйелерін жобалау, программалаудың заманауи тілдері, мультимедиялық жүйелерді жобалау және құрастыру, ақпаратты өңдеу әдістері бойынша іргелі білім алады.

Қолдана білуі:

Кәсіби қызмет саласы бойынша алған білімдерін операциялық жүйелер үшін ақпараттық қамсыздандыру, түрлі шеңбердегі желілер үшін ақпараттық және программалық қамсыздандыруды іске асыра алады, абстрактылы ұғымдарды ғылыми зерттеулер, процесстердің табиғи анимациясы және компьютерлік визуализациялау, деректер базаларын басқару салаларында қолдана алады.

Біліктілігі:

Ақпараттық жүйелерді дайындайтын, ендіретін және іс жүзінде пайдаланатын мемлекеттік, жеке меншік мекемелер мен ұйымдарда (телекоммуникация, ғылым мен білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, әкімдік басқару, экономика, бизнес, түрлі технологияларды басқару) қызмет істей алады.

Құзіреттілігі:

Білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады; ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай біледі, өзінің көзқарасын дәлелдеп және жаңа шешімдер ұсына біледі; заманауи ақпараттық технологияларды  меңгеру және кәсіби салада қолдануға қабілетті. Сондай-ақ, өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қабілетті; теориялық және тәжірибелік зерттеулер, математикалық талдаулар мен модельдеу әдістерін қолдану қабілеті бар; типтік кәсіби есептердің математикалық моделін құра білу, оларды шешу жолдарын таба білу және алынған математикалық  нәтижелердің кәсіби (физикалық)  мағынасын интерпретациялай алады; стандарттарды қолдануға, жоба жасауда заманауи модельдер мен сапаны бағалау әдістерін алу қабілетіне ие.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ  (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік (қазақ) тілі

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Математика және бағдарламалау

  • Жоғары математика І
  • Бағдарламалау І
  • Ықтималдықтар теориясы

Модуль-Математика және физика

  • Жоғары математика ІІ
  • Физика І

Модуль-Дискретті математика

  • Дискретті математика
  • Компьютер сәулеті І

Модуль-Деректер құрылымы

  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
  • Схемотехника негіздері

Модуль-Интернет технология

  • Бағдарламалау ІІ
  • Интернет технологиялары І

Модуль-Желілер және графика

  • Компьютерлік  желілер І
  • Компьютерлік графика І
  • Ақпаратты қорғау және криптография

Модуль-Модуль  – Бағдарламалау

  • Бағдарламалау ІІІ
  • Компьютерлік графика ІІ

Модуль- Алгоритмдер теориясы

  • Адамның компьютермен өзара байланысы
  • Параллельді есептеулер жүйесінің архитектурасы

Модуль- Сандық әдістер

  • Деректер қорының теориясы I
  • Сандық әдістер

Модуль- Операциялық жүйелер

  • Бағдарламалау ІV
  • Операциялық жүйелер (Lunix /Unix)
  • Java технологиясы

Модуль- Деректер қоры

  • Интернет технологиялары ІІ
  • Жасанды интеллекті негіздері
  • Деректер қорының теориясы II

ЖБТ1 Ақпаратты өңдеу технологиясы

Модуль-Ақпаратты өңдеу

  • Тілдер мен автоматтар теориясы
  • Бейнелерді монтаждау

Модуль – Қосымшаларды дайындау

  • Python тілінде қосымша құру
  • Мобильдік қосымшалар құру
  • Компьютерлік математикалық жүйелер

ЖБТ2 Мультимедиалық технологиялар және модельдеу

Модуль –Математикалық және компьютерлік модельдеу

  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Алгоритмдер теориясы

Модуль – Мультимедиа

  • Геоинформатика негіздері
  • Мультимедиалық қосымшалар құру
  • Автоматтандырылған жобалау жүйесі

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

Бакалавриат:

1 курста   «Оқу тәжірибе I » – университеттің оқу зертханасында өтеді — 3апта;

2 курста «Өндірістік тәжірибе І» қалалық, аудандық мекемелер , ұйымдар, кәсіпорындарда өтеді — 2,5 апта;

3 курста «Өндірістік тәжірибе ІІ» қалалық, аудандық мекемелер , ұйымдар, кәсіпорындарда өтеді — 2,5 апта;

4 курста « Өндірістік  тәжірибе»  облыстық мекемелерде, қалалық, аудандық мекемелер , ұйымдар, кәсіпорындарда өтеді — 10 апта;

4 курста «Дипломалды тәжірибе» университет кафедраларында өтеді — 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • «KazMicroFinance»: ЖШС-гі
  • «Астана құрылыс конструкциясы» ТОО
  • «Біріңғай зейнеатақы жинақтаушы қоры» ОҚО
  • Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімі
  • «Түркістан-несие» кредиттік серіктестігі ЖШС
  • Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  • Түркістан қаласы ЖК «Сейтова К.З.»
  • ОҚО «Пеленг» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Информатика

Мамандық шифры

5В060200-Информатика

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім беру,

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Физика

Профильдік пәні

математика

Өту балы

50-140

Оқу ақысы

5В060200-Информатика мамандығы бойынша оқу төлемақысы 343 000 тг