6M060200-Информатика

БІЛІКТІЛІГІ

Жаратылыстану ғылымдарының магистрі (6М060200-Информатика)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

Информатика саласында кәсіби жұмысын ғылыми негізде іске асыруға қабілетті, мамандық саласы бойынша терең ғылыми және педагогикалық білімі бар жоғары білікті жаратылыстану магистрлерін дайындау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • информатиканың фундаментальды негіздері аймағынан терең білім алу шарттарын жасау;
  • кәсіби біліктілік және білім беру аймағында жеке бағдарламаларды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • экономика, бизнес, ақпараттық технологиялар салалары үшін терең кәсіби дайындығы бар мамандар даярлау;
  • шығармашылық ғылыми және педагогикалық саласына дағдыландыру; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелері және ғылыми зерттеу секторлары үшін терең ғылыми және педагогикалық дайындығы бар мамандар даярлау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

Информатика саласының іргелі негіздерін, абстрактілі модельдерді әзірлеудің әдістемесін және деректерді өңдеу, жіберу және сақтау әдістерін, жасанды интеллект әдістерін меңгерген. Алгоритмдерді құрастыру, программалау әдіс-тәсілдерін, компьютерлік жүйелерді ұйымдастыруды және оның қызметін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді түсінеді.

Қолдана білуі:

Кәсіби қызмет барысында оңтайлы шешімдер қабылдап, білім мен құзіреттіліктерді біріктіру әлеуетіне ие, ақпараттарды жинақтау, өңдеу, тарату және тасымалдау, программалық қамтаманы жобалау және құру дағдыларын игерген, топта жұмыс жасауға қабілетті.

Біліктілігі:

Түлектер ғылыми зерттеу орталықтарында, жобалық және ғылыми өндірістік мекемелерде, басқару ұйымдарында, ақпараттық технологиялар департаменттерінде, өнеркәсіптік кәсіпорын және өз қызметінде ақпараттық технологияларды қолданатын әртүрлі меншік формасындағы басқа ұйымдарда жұмыс жасау біліктілігіне ие.

Құзіреттілігі:

Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасайды. Топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз қорытындыларын және олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге жеткізе алады, қақтығыстарды шешеді. Ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді, жарияланымдардың ережелерін біледі. Инновациялық іс-әрекетке, мәселені шешудің озық шешімдерін табуға қабілеттілік. өзінің карьералық потенциалын сезіне білуге және соған сәйкес қиындықтар мен кедергілерді еңсеріп, карьералық өсу жолын қалыптастыруға қабілетті.

Білім берудің негізгі нәтижелері

6М060200-Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі кәсіби мәселелерді креативті шеше алатын, қиын, кереғар, толық емес ақпаратпен жұмыс жасауды терең меңгерген маман.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Жеке білім траекториясы модулі

ЖБТ 1 Заманауи есептеу жүйелері

Модуль- Параллель есептеу жүйелері

  • Паралельдік ғылыми есептеулер
  • Алгоритмдер және олардың күрделілігі

Модуль- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру

Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру  және жоспарлау

Қолданбалы бағдарламалық пакеттерде есептеулер жүргізу және визуалдау

ЖБТ2 Алгоритмдер және кеңейтілген есептеу жүйелері

Модуль- Тізбек және алгоритмдер

  • Серверлер мен мәліметтер сақтау жүйелеріне  шешімдерді дайындау және енгізу
  • Тізбек және параллельді алгоритмдер

Модуль- Таратылған  және кірістірілген жүйелер

  • Таратылған жүйелер интерфейстері және оларды құру технологиялары
  • Кірістірілген жүйелер және нақты уақыт жүйелерін модельдеу
  1. Бейіндеуші пәндер модулі

2.1 Кәсіби міндетті модулі

Кәсіби міндетті модулі  

  • Бағдарламалық қамтаманы өңдеу технологиясы
  • Криптология

Кәсіби элективті модулі

  1. Бейнені сандық өңдеу
  2. Бұлттық есептеу
  3. Дыбыстарды сандық өңдеу
  4. Model-Driven Architecture және бағдарламаларды генерациялау
  5. Action Script тілінде бағдарламалау
  6. Ақпараттарды іздеу алгоритмдері
  7. Формальды тілдер теориясы
  8. Параллельді және үлестірілген есептеу жүйелердің программалық қамтамасы
  9. Графикалық сигналдар және дыбыс идентификациялары
  10. Кластерлік жүйелерді дайындау үшін бағдарламалық орталар, құралдар және саймандар
  11. Ақпараттық жүйелерді талдау және жобалау
  12. Мәліметтер қорын жобалау технологиясының теориясы

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста университет зертханаларында өтетін «Зерттеушiлік тәжірибесі» — 6 апта;
  • 2-курста университет факультеттерінде өтетін «Педагогикалық тәжірибе» — 3 апта;
  • 2-курста университетте өтетін «Зерттеушілік тәжірибе» — 6 апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Шетелдік озық оқу орындары (келісім-шарт бойынша)
  • Университет оқу зертханалары
  • «KazMicroFinance»: ЖШС-гі
  • «Біріңғай зейнеатақы жинақтаушы қоры» ОҚО
  • «Түркістан-несие» кредиттік серіктестігі  ЖШС
  • Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  • ОҚО «Пеленг» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы филиалы және т.б.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Информатика

Мамандық шифры

6М060200-Информатика

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

646 300 тг