Қуатбеков Бекзат Ниетәліұлы
Техника.ғ.к. доцент м.а., кафедра меңгерушісі

Электр инженериясы кафедрасы

Энергетика және жаратылыстану пәндері кафедрасы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралыққазақ-түрік университеті Сенатының шешімімен 2008 жылы қыркүйек айының 01-жұлдызынан Түркістан Гуманитарлық ғылымдар және бизнес институты жаратылыстану кафедрасының негізінде қайта құрылды.

Кафедра меңгерушісі қызметіне техн.ғ.к., доцент м.а. З.Қ.Абдикулова  тағайындалды.

Кафедраның қалыптасуына техн.ғ.д., профессор Т.Қ.Қойшиев, техн.ғ.к., доцентм.а. З.Қ.Абдикулова, техн.ғ.д., доцент Н.Т. Рустамов, аға оқытушы Ғ.Ә.Шукенова,  т.б. профессор-оқытушылар үлкен үлес қосты.

2014 жылы қыркүйек  айының 01-жұлдызынан бастап Инженерия факультеті, “Электр инженериясы” кафедрасы болып өзгертілді.

Қазіргі таңда кафедрада штат бойынша 15 оқытушы-профессор құрамы, оның ішінде 3 — ғылым докторы, 3 — ғылым кандидаты, 1 — аға оқытушы, 8 – магистр оқытушы  жұмыс атқарады. Кафедра күндізгі оқыту түрі бойынша 5В071800-«Электр энергетикасы» және 5В070200— «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының бакалаврларын, 6М071800-«Электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрлерін дайындауда.

2017-2018 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін техника.ғ.к., доцентм.а., Қуатбеков Бекзат Ниетәліұлы кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

Кафедра  профессор-оқытушылары 2015-2018 жылдар аралығында 2 монография отандық басылымдарда жарияланды,  2-оқулық, 8- оқу құрал, 44 оқу -әдістемелік құралдар және 1-электронды оқулық жарық көрді.
Кафедра өндіріс мекемелермен тығыз байланыста, атап айтсақ «Кентаутрансформаторзауыты» АҚ, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС, АҚ «KEGOK» ШЖЭТФ, «Кентауэнерго» ЖШС, «Стройсервис XXI» ЖШС, «Ныш-Ер» ЖШС, «Истемир» ЖШС, «Нұр-Сапар-7», «Магжан-АК» ЖШС, «Капитал» ЖШС.
Республткалық ғылыми конкурстарда, ғылыми-шығармашылық жарыстардағы білім алушылар арасындағы жүлдегерлер:

  1. 5В070200- Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 және 4 курс студенттері: Қоғашов Аслан , Әуесбек Дархан мен Нургалиев Темирлан 2018 жылдың сәуір айының 21-26 жұлдыздарында Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде өткен ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы 5В070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Х – ші Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында жалпы командалық III –ші орын алғаны үшін Қ.А.Ясауи Атындағы ХҚТУ III –ші дәрежелі Дипломмен марапатталады
  2. ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы 5В070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Х Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында жеке көрсеткіштері үшін Қоғашов Аслан III –ші дәрежелі Дипломмен марапатталады.
  3. ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы 5В070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Х–шы Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына Қ.А.Ясауи Атындағы ХҚТУ командасын даярлағаны үшін Альчинбаева О.З. Алғыс хатпен марапатталады.
  4. ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы 5В070200 Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Х–шы Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасына Қ.А.Ясауи Атындағы ХҚТУ командасын даярлағаны үшін Тулентаева Г.С. Алғыс хатпен марапатталады. Жетекшісі, магистр оқытушы Тулентаева Галия Сейтхановна.
  5. 5В071800 Электр энергетикасымамандығының 3 курс студенттері: 2018 ж. 11-14 сәуірінде Ерназар Камал, Орынбасарова Толганай, Зұлпықар Мұрат Алматы қаласындағыАлматы энергетикажәне байланыс университетінде өткен ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы5В071800 Электр энергетикасыбойынша Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында жалпы командалық III –ші орын алғаны үшін Қ.А.Ясауи Атындағы ХҚТУ III –ші дәрежелі Дипломмен марапатталады.
  6. Электр энергетика мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің пән олимпиадасына белсене қатысқаны үшінОрынбасарова ТолганайжәнеЗұлпықар Мұрат Алғыс хатпен марапатталады.
  7. Электр энергетика мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің пән олимпиадасында жеке есептегікөрсеткіштері үшін Ерназар Камал ЕрназарұлыIII –ші дәрежелі Дипломмен марапатталады.
  8. Электр энергетика мамандығы бойынша ҚР Жоғары оқу орындары арасындағы студенттердің пән олимпиадасына белсене қатысқаны үшінМеирбекова Оксана Даировна Алғыс хатпен марапатталады

Электринженериясы  кафедрасының ОПҚ құрамы  «Жанғыртылатын энергия көздері және энергия үнемдеу технологиялары»  тақырыбы бойынша ғылыми жұмыстар атқаруда (Ғылымижетекшісі: техн.ғ.д., профессорТ.Қ.Қойшиев, Орындашылар: кафедраның ОПҚ құрамы). Кафедра  оқытушылары 2015-2018 жылдар аралығында:

Әлемдік рейтингтік ғылыми журналдардағы  жарияланымдарының саны (Thomson Reuters, Scopus, Elsevier) Импакт факторы 0,25-тен жоғарыдағы орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстары-1. ҚР БжҒм Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдардағы мақалалар – 39. Жақын шет елдердегі мақалалар – 7. Отандық басқа басылымдарда жарияланатымақалалар – 10. Қазақстан Республикасындағы конференциялардағы баяндамалар – 14. Жақын шет ел конференциялардағы баяндамалар – 16. Алыс шет ел конференциялардағы баяндамалар – 1. ХҚТУ «Хабаршысы», «ХҚТУ хабарлары»,  “Түркология” журналдарында жариялаған мақалалары – 5. Өнер табыстық патенттер: Республикалық патент – 2.

Магистрант – Рапиев Мумин Абдухаликұлы 6М071800- Электр энергетикасы мамандығы. Республикалық жоғары және орта оқуорнынан кейінгі білім алушыларының арасында өткізілген «Үздік жас зертеуші» конкурсында 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Магистрант Бахтиярова Ұлжалғас Махамеджанқызы 6М071800- Электр энергетикасы мамандығы. Республикалық жоғары және орта оқу орнынан кейінгі білім алушыларының арасында өткізілген «Үздік жас зертеуші» конкурсында 1 дәрежелі Дипломымен марапатталды.

Кафедрада атқарылатын тәрбие жұмыстарының жоспары қоғамдық, адамгершілік рухани, салауатты өмір салты, эстетикалық, экологиялық, ұлттық-рухани және патриоттық, құқықтық тәрбие бағыттары бойынша жасалуда.

«Білім асыл қазына» тақырыбындағы тәрбие сағаты, «Дені сау ұрпақ жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел, «Ұстаз ұлы есім» атты іс-шара, «Рухани жаңғырудың жарқын жолы»,  «Рухани жаңғыру – жаһандық бәсеке негізі» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.    
ҚР президенті «Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттер арасында факультет аралық тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, жүзу және футбол спорт түрлеріне «5В071800-Электр энергетикасы» мен «5B070200-Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері қатысып, нәтижесінде жалпы есепте II орынға  ие болды.
Студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Жүрегімде ХҚТУ» атты факультетаралық байқауында «5В071800-Электр энергетикасы» мамандығының студенттері белсене атсалысқандары үшін дипломдармен марапатталды.
«5В071800-Электр энергетикасы» мамандығының 1,2 және 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мамандығым – мақтанышым», «Ана — өмірдің гүлі» атты іс-шаралар өткізілді.
Білім алушылардың жан-жақты қалыптасуы және құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар өзін-өзі жетілдіру және студенттердің қызығушылығына орай бос уақытын тиімді пайдалану үшін  «Жас энергетик» үйірме жұмысы ұйымдастырылған. Үйірме жұмысы студенттердің қызығушылығы мен икемділігін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік беріп, шығармашылық қабілеттерін, дарынын шыңдауға бағытталған.
Кафедрамызда еңбегі ерен, аянбай қызмет етіп келе жатқан профессор-оқытушы құрамында «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен техн.ғ.д., доцент Н.Рустамов марапатталды.