6М071800-Электр энергетика

БІЛІКТІЛІГІ

Техника ғылымдарының магистрі (6М071800-Электр энергетикасы)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

6М071800-Электр энергетикасы мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрін дайындау білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты: Бітірушіге мамандық бойынша еңбек етуге мүмкіндік беретін кәсіби білім алу, еңбек нарығында тұрақтылығы мен әлеуметтік мобильділігіне көмек беретін бірегей және пәндік-мамандыққа сай компетенцияларға ие болу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

Электр энергетика саласында ғылыми-техникалық қызметті оқу; табиғи ресурстарды пайдалану әдістемесін, энергия мен материалдарды оқып үйрену; құрылғыны қолданатын және оны практикалық қолданысқа енгізуге байланысты қажетті іс-шараларды өткізуге арналған зерттеулер мен бағдарламаларды іске асыру; электрэнергетикасының құрылғылар мен жүйелерді стандарттау мен сертификаттау бойынша барлық жұмыстарды игеру; түрлі техникалық құжаттамаларды қарастыру;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

Электр энергетикасында жаратылыстанудың жаңалықтарын қолданудың алғышартары туралы; негізгі өндірістік орындары туралы – энергия тұтынушылар мен энерготехнологиялық кешеннің ролі туралы; энергиямен қамтамасыз ету бойынша өндірістік жүйелер туралы; электр энергетикалық жүйелері мен құрылғыларының математикалық моделденуі мен оптимизациялануы туралы; дәстүрлі емес жаңартылатын және альтернативті энергия көздерін қолданудың принципиалды сұлбалары туралы; заңнамалық база мен мемлекеттік саясат, және энергия үнемдеу әдістері туралы; еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты ғылыми және инженерлік негіздері мен қоршаған ортаны жылуэнергетикалық жүйелер мен құрылғылар әсерінен қорғау туралы.

Қолдана білуі:

Ғылыми-техникалық дамудың перспективалары мен ғылым мен техниканың жетістіктері туралы, электр энергетикасы саласында отандық алдыңғы және шетелдік машықтары туралы; ғылыми зерттеулер мен есептеулерді жүргізу әдістері, жүргізіліп жатқан зерттеулер мен жобалардың техника-экономикалық эффективтілігін анықтау туралы; мамандық бойынша барлық жұмыс түрлерінің орындалу шарттары және зерттеулердің әдістері мен ережелері туралы білугге қабілетті. 

Біліктілігі:

Түлектер ғылыми зерттеу орталықтарында, жобалық және ғылыми өндірістік мекемелерде, басқару ұйымдарында, өнеркәсіптік кәсіпорын және өз қызметінде электр энергетикасының технологияларын қолданатын әртүрлі меншік формасындағы басқа ұйымдарда жұмыс жасау біліктілігіне ие.

Құзіреттілігі:

жалпығылыми методология мен логика, және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу технологияларын, ғылыми қызметтің түрлі формаларында алынған нәтижелерді ұсынудың әдістемесіне қатысты білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасайды. Топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз қорытындыларын және олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге жеткізе алады, қақтығыстарды шешеді. Ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді, жарияланымдардың ережелерін біледі. 

Білім берудің негізгі нәтижелері

6М071800-Электр энергетикасы мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі кәсіби мәселелерді креативті шеше алатын, фундаментальді ғылыми даярлығы жоғары, зерттеушілік, басшылық қызметтерін жүргізу әдістеріне және шығармашылық ойлау жұмыстарымен жұмыс жасауды терең меңгерген маман.

6М071800-Электр энергетикасы мамандығының негізгі оқу жоспары

Мемлекеттік міндетті модуль

Ғылымның тарихы және философиясы

Шетел тілі (кәсіби)

Психология

Педагогика

Жеке білім траекториясы модулі

ЖБТ 1 Электр қондырғыларын автоматтандыру және энергия үнемдеу

Модуль- Энергетикадағы технологиялық процестер

Технологиялық процестердегі энергетикалық қондырғылар

Электромагниттік сәйкестік және өлшеу әдістері

Модуль- Электр қондырғыларын автоматтандыру және энергия үнемдеу

 Электр қондырғыларын автоматтандыру және қорғау

Энергия үнемдеу технологиялары

ЖБТ2 Автоматтандырылған электр қондырғылары

Модуль- Технологиялық процестер

Энергетикалық қондырғыларды технологиялық процестерде пайдалану

Электр жабдықтарының сенімділігі және пайдалану жолдары

Модуль- Автоматтандырылған электр қондырғылары

Автоматтандырылған электр қондырғылар және жүйелер

Энергетикадағы энергия үнемдеу және технологиялар

2. Бейіндеуші пәндер модулі

2.1 Кәсіби міндетті модулі

Кәсіби міндетті модулі  

Электр энергетиканың ғылыми-техникалық мәселелері

Электр тізбектерін модельдеу

Кәсіби элективті модулі

  1. Энергетикалық процестерді компьютерлік модельдеу
  2. Қайта жаңғыртылатын энергия көздерінің теориялық негіздері
  3. Энергия өндірудің жаңа тәсілдері
  4. Заманауи электр стансалар және электр жүйелері
  5. Энергетикадағы наноматериалдар және нанотехнологиялар
  6. Жаңғыртылатын энергия көзлеріне негізделген технологиялық процестерді модельдеу
  7. Энергетикадағы ғылыми-техникалық мәселелер
  8. Заманауи жарық көздері және жарық техникасы
  9. Электрмагниттік өріс теориясының мәселелері
  10. Жоғары кернеулі техникасының өзекті мәселелері
  11. Электрлік тасымалдау линияларын релелік қорғау
  12. Өндірісті автоматтандырудың электр машиналары
  13. Заманауи трансформаторлардың конструкциялары

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста университет зертханаларында өтетін «Зерттеушiлік І» — 6 апта;

2-курста университет факультеттерінде өтетін «Педагогикалық тәжірибе» — 3 апта;

2-курста университетте өтетін «Зерттеушілік тәжірибе ІІ» — 6 апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Шетелдік озық оқу орындары (келісім-шарт бойынша)
  • Университет оқу зертханалары
  • «Кентау Трансформатор зауыты»: ЖШС-гі

Қысқа мәлімет

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Электр энергетикасы

Мамандық шифры

6М071800-Электр энергетикасы

Факультеті

Инженерия

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу түрлері

Күндізгі

Өту балы

50-100

Оқу ақысы

646 300 тг