Рысбекова Айман Қалышбайқызы
Педагогика  ғылымдарының кандидаты

Білім технологиялары кафедрасы

«Білім технологиялары» кафедрасы 2014-2015 оқу жылында «Бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» және «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедраларының құрылымдық өзгерісі негізінде жасақталды. Қазіргі таңда кафедра 5В010100/6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 5В010200/6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтарын білім беру бағдарламалары бойынша даярлауды жүзеге асырады.

Кафедрада  7 ғылым кандидаты, 3 PhD докторы және тәжірибелі оқытушылар қызмет атқарады.

Кафедра мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие білікті маман даярлау; білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар мен магистранттарды кәсіби даярлау аясында білім беру қызметін жузеге асыру; студенттерге қажетті кәсіби сапалалр мен дағдыларды қалыптастыру;  білім беру қызметінің сапасын көтеру;  маман даярлауда тәжірибелік бағыттылықты нығайту.

Кафедра міндеттері:

— оқыту сапасын үздіксіз жетілдіруді қамтамсыз ету;

— оқу үдерісін практикалық тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары оқытушылармен қамтамасыз ету;

— кафедрада оқытылатын пәндер бойынша жұмыс бағдарламалары мен электрондық оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;

— оқу үдерісін кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

— студенттердің  кәсіби тәжірибесін өткізуді жетілдіру;

— бакалавр мен магистранттарға арналған білім беру траекториялары бойынша жұмысты жалғастыру;

«Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің» жүргізген зерттеулері бойынша 5В010100 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы алтыншы орынды иеленді.

6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және 6М010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары «Рейтинг 2016» Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасыннан 3-ші орынды иеленді.

Студенттер, магистранттар және оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия Республикасы, Гази университетінің профессорлары Тайип Думан, Сабри Челик, Мехмет Ариф Өзербаш, Южел Геличли, Хайати Акиол, Мугла университетінің доценті, доктор Сабри Сидекли, Ресей Федерациясы, Дон Мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ефремова Надежда Федоровна семинарлар мен пікір алмасу дәрістерін, өткізді.

Түркия Республикасының Кония Неджметин Ербакан университетінен PhD, доцент міндетін атқарушы Гүлхыз Пильтен 2017-2018 оқу жылында фаундейшн топтарындағы студенттерге түрік тілінде дәрістер жүргізуде. Ал, 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша 2 курс студенті Жамалбек Перизат Мевлана бағдарламасы бойынша қазіргі таңда Түркия Республикасының Мерсин университетінде бір академиялық кезең бойынша білім алуда.

Студенттер 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу және 5В010200 — Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Дуалдық білім беру жүйесін ұйымдастыруда «Алия» балабақшасымен және №23 жалпы орта мектебімен келісім-шарт түзіліп, жұмыстар атқарылуда.

Кафедараның ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші – 57,8%.

«Білім технологиялары» кафедрасының профессор-оқытушы құрамы «Жаңа әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Кафедра ұжымы 2015 жылы ғалым педагог Жарылқасын Садықовтың 70 жасқа толуына арналған «Білім беру жүйесінің интеграциялану жағдайында бәсекеге қабілетті маман даярлаудың мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Білім технологиялары кафедрасының профессоры педагогика ғылымдарының докторы Б.Т.Ортаев «ЖОО Үздік оқытушысы 2016» грантын иеленді.

Магистранттар мен студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы жыл сайын өткізіліп отырады. Конференция нәтижесі бойынша үздік танылған жұмыстар Республикалық жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында жүлделі орындарды иеленді.

Кафедраға қарасты «Шебер қолдар» және «Жігер» атты студенттер клубтары жұмыс жасайды.

Қоғамдық тәрбие, адамгершілік-рухани тәрбие, экологиялық тәрбие, ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие, құқықтық тәрбие, эстетикалық тәрбие, салауатты өмір салтына тәрбиелеу сынды тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Кафедра ұжымы сапалы маман дайындаумен қатар ғылыми, тәрбиелік жұмыстармен шұғылданады, жастарға үлгі-өнеге көрсетеді.