5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

БІЛІКТІЛІГІ

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • Елдің Ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мектепке дейінгі мамандарды даярлау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуын; мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын меңгереді;
  • көп мәдениетті қоғамдағы педагогикалық әрекеттерді ұйымдастырудың теориялық негізін; мәдени, діни және ұлттық ерекшеліктері жайлы мағлұмат алады;
  • баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығының, психологиялық диагностикалаудың теориялық және практикалық негіздерін игереді;
  • жеке әдістемелердің теориялық негіздері, олардың қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі білім дамуындағы мақсаты мен міндеттерін меңгереді;
  • қолданыстағы мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту стандартының мазмұнын және құрылымын, білім беру бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды игереді;
  • қазіргі білім беру технологияларын, халықаралық және отандық мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту тәжірибелерін үйренеді;
  • бір жастан 6 жасқа дейінгі балалардың құзыретінің даму индикаторларының мазмұнын меңгереді;
  • мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне ата-аналарды тартудың инновациялық түрлері мен әдістерін үйренеді.

Қолдана білуі:

  • компьютерлік сауаттылық, тілінің дамуы, мектеп жасына дейінгі балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыру, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процесте инновациялық технологияны қолдануы керек;
  • тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында (бала-ата-ана-тәрбиеші) үштік субъективті қатынаста педагогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыруы керек;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек, адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, дене тәрбиесін жүзеге асыруы керек;
  • педагогикалық процеске және қызметіне рефлексия жасауды, өзін-өзі бақылауды жүзеге асыруы керек.

Біліктілігі:

  • мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелік-білімділік процесті жобалау, педагогикалық қызмет рефлексиясын жүзеге асыруы керек;
  • жас және ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі балалардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыруы керек;
  • балалардың денсаулық жағдайын және дамуын ескеруге даралап қарау тұғыры негізінде әрбір баланың дарынын, қабілетін, дағдысын белгілеуі және дамытуы керек;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың топтық, тұлғааралық өзара әрекетін ұйымдастыруы керек;
  • мектепке дейінгі балалардың шығармашылық, танымдық, дербес әрекетін дамыту үшін пәндік дамытушылық орта құруы керек;
  • мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста денсаулық сақтау технологиясын қолдануы керек;
  • мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу-білім беру процесіне инновация енгізу нәтижесін талдауы және бағалауы керек.

Құзіреттілігі:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттігін қалыптастырады. (денсаулық, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, шығармашылық);
  • мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту және айқындайды;
  • ақпараттық және инновациялық-педагогикалық технологияларды қолданады;
  • өзіндік танымдық әрекеті аясында, баламалы мәселелерді шешуде оңтайлы таңдау жасауды қамтамасыз етеді;
  • әлеуметтік-еңбек саласында, еңбек нарығын талдау дағдысын, өзіндік кәсіби мүмкіндіктерін бағалау, еңбек қарым-қатынасты этикасы мен нормасына бағдарланады.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

 

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Психология және физиология

  • Психология және адам дамуы
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгілер гигиенасы

Модуль-Мамандыққа кіріспе

  • Мектепке дейінгі тәрбиеші қызметі
  • Ана саулығы мен баланың тамақтануы
  • Бала дамуы

Модуль-Мектеп педагогикасы

  • Педагогика І
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль-Таным

  • Этнопедагогика
  • Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы

Модуль-Әдістеме негіздері

  • Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару
  • Баланың психологиялық-педагогикалық диагностикасы

Модуль-Әдістеме І

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптасытыру
  • Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі
  • Баланың психологиялық қалпын қорғау

Модуль-Әдістеме ІІ

  • Дене тәрбиесі және ойын үйрету
  • Мектепке дейінгі балалардың музыкалық білімі
  • Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнері
  • Мектепке дейінгі балалардың дүниетануын қалыптастыру

Модуль-Басқару, ұйымдастыру, бағалау

  • Инклюзивті білім беру
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Білім берудегі менеджмент

Модуль-Әдістеме ІІІ

  • Оқыту технологиялары мен материалдарды жобалау
  • Мектепке дейінгі балалар әдебиеті
  • Дефектология негіздері және логопедия
  • Драма

Модуль-Әдістеме ІV

  • Ғылыми зерттеу әдістері
  • Мектепке дейінгі педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі
  • Тәрбиеші шеберлігі

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
  • Өзін-өзі тану

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Балабақша

Модуль-Балабақшадағы әдістемелік басшылық

  • Балалар ойынын дайындау
  • Оқыту принциптері мен әдістері
  • Ата-аналар білімі

Модуль-Ұйымдастырылған іс-әрекет

  • Балабақшадағы жаңа технология
  • Мәдени тынығуын ұйымдастыру

ЖБТ2 Арнайы балалар ұйымы

Модуль-Инклюзив

  • Ана-бала саулығы және алғашқы көмек
  • Арнайы оқыту әдістері
  • Құм терапиясы

Модуль-Емдік шара

  • АРТ технология
  • Музыкамен емдеу

Кәсіби тәжірибелер

1- курста «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2, 3 – курстарда «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;

4 – курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста «Диплом алды тәжірибе» – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  1. «Алия» балабақшасы
  2. «Айгөлек» балабақшасы
  3. «Балдырған» ясли балабақшасы
  4. «Балбөбек» балабақшасы
  5. №23 жалпы орта мектеп

Қысқа мәлімет

Мамандығы:

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мамандық шифры:

5B010100

Факультеті:

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері:

Жоғары бiлiм

Оқу түрлері:

Күндізгі

Таңдау пәні:

Биология

Профильдік пәні:

Математика

Оқу төлем ақысы:

443 300 тг