Дінтану

БІЛІКТІЛІГІ

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

6М020600 – дінтану мамандығы бойынша үздіксіз ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру, жеке тұлға мен қоғам талабына сай әлемдік білім беру кеңістігінде шет ел білім беру бағдарламаларымен салыстырмалы қарастыру; Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету; жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар қалыптастыру; экологиялық, этикалық, құқықтық, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру; ұдайы өзгермелі еңбек нарығында түлектердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету; мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарда болашақ маманның үйлесімді қызмет етуі.

Жалпы білім берудің міндеттері:

Магистранттарға теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген дінтану мен теологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру. 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • магистрант қазіргі қоғамдағы діннің орны мен рөлін талдауды игереді;
  • әлемдік және ұлттық діндер жайлы толық қанды мағлұмат алады;
  • жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • магистрант қоғамның діни сенімге деген сұранысын қанағаттандыра отырып, дін саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • маркетингтік ақпарат құрылымдарының жоспарын жасай білуі керек;
  • ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, дін саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Дін саласында маркетинг, менеджмент және басқа да нарықтық механизмдерді қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ дінтанушы мамандардың құзыреттілігі жұмыс берушілердің сұраныс талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Кәсіби міндетті модуль

  • Дінтану әдіснамасы
  • Дінтанудағы деректану негіздері

Кәсіби элективті модуль 

  • Исламдық ғылымдар негізінде жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы
  • Дінтанудың қазіргі замандық мәселелері
  • Діндарлық психологиясы
  • Ғылым және дінтанулық білім берудегі ақпараттық технологиялар
  • Қазіргі ислам мазхабтары
  • Діни білім беру
  • Қазіргі ислам философиясы
  • Қазіргі қоғамдағы модернизация, дәстүр және дін
  • Дәстүрлі түркілік діни таным
  • Дін және сенім феноменологиясы
  • Діни риторика
  • Дін, халықаралық құқық және геосаясат
  • Діндердегі құқықтық және доктриналық мектептер
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар әдістемесі
  • Иассауи философиясы

Жеке білім траекториясы модулі

ЖБТ 1 Дінтанушы ислам ғылымдары бойынша сарапшы

Модуль- ислам ғылымдарының қазіргі мәселелері І

  • Хадис ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері
  • Тафсир ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері

Модуль- ислам ғылымдарының қазіргі мәселелері ІІ

  • Ислам құқығының қазіргі мәселелері
  • Калам ілімінің қазіргі таңдағы мәселелері

ЖБТ 2 Дінтанушы  діни мәселелер бойынша сарапшы

Модуль-Діни сектанттық және дін философиясы

  • Қазіргі қоғамдағы діни сектанттық
  • Дін философиясының қазіргі мәселелері

Модуль-Дінтану тарихы мен философиясы

  • Діни философия және теология
  • Отандық және шетелдік дінтану тарихы

1-ші курста Ахмет Ясауи университеті Түркология ҒЗИ және Ясауи атындағы ҒЗО  «Зерттеу тәжірибесі» – 6 апта;

 

2-ші курста Ахмет Ясауи университеті Түркология ҒЗИ және Ясауи атындағы ҒЗО  «Зерттеу тәжірибесі» – 6 апта;

 

2-ші курста Ахмет Ясауи университеті, Дінтану кафедрасында «Педагогикалық тәжірибе» – 4 апта;

Бітіруші магистрлар төмендегі мекемелерде қызмет атқара алады:

  • Дін әстері және азаматтық қоғам министрлігінде Астана қаласы
  • ОҚО Дін істері басқармасында Шымкент қаласы
  • Жамбыл облысы,  Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы » Тараз қаласы
  • Қызылорда облысы, Ішкі саясат басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы». Кызылорда қаласы
  • Ақтөбе облысы,  Дін істері басқармасы, «Аңсар» дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Актөбе қаласы
  • ОҚО қалалық ішкі саясат бөлімдерінде
  • Әзіреті Сұлтан тарихи-мәдени қорық мұражайынжа Туркестан қаласы
  • № 17 Ататүрік мектеп-гимназиясында Туркестан қаласы

Қысқа мәлімет

Мамандық атауы:

Дінтану

Шифр:

6М020600

Факультет:

Гуманитарлық ғылымдар

Форма обучения:

Күндізгі

Түсу емтиханы:

Ағылшын тілінен тест тапсырмалары және мамандық бойынша жазбаша емтихан

Түсу балы:

150

Төлемақысы:

646 300т