Теология

БІЛІКТІЛІГІ

Гуманитарлық білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

5В021100-Теология мамандығы бойынша үздіксіз ұлттық білім беру үлгісін қалыптастыру, жеке тұлға мен қоғам талабына сай әлемдік білім беру кеңістігінде шет ел білім беру бағдарламаларымен салыстырмалы қарастыру; Отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету; жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтар қалыптастыру; экологиялық, этикалық, құқықтық, дене және ойлау мәдениетін қалыптастыру; ұдайы өзгермелі еңбек нарығында түлектердің жоғары ұтқырлығын қамтамасыз ету; мемлекеттік-конфессионалдық қатынастарда болашақ маманның үйлесімді қызмет етуі.

Жалпы білім берудің міндеттері:

Студенттерге теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген дінтану мен теологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Cтудент қазіргі қоғамдағы теологиялық мәселелерді талдауды игереді;
  • Әлемдік және ұлттық діндердің теологиялық мәселелері жайлы толық қанды мағлұмат алады;
  • Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Студент қоғамның діни сенімге деген сұранысын қанағаттандыра отырып, теология саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • Барлық діни құбылыстарға теологиялық сараптама жасай білуі керек;
  • Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, дін саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Дін саласында маркетинг, менеджмент және басқа да нарықтық механизмдерді қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ теолог мамандардың құзыреттілігі жұмыс берушілердің сұраныс талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ 

Модуль  – Исламның негізгі ғылымдары І

  • Ислам тарихы
  • Ислам діні негіздері

 Модуль  — Кәсіби саладағы  шет тілі

  • Практикалық араб тілі

 Модуль  – Дін негіздері I 

  • Діндер тарихы
  • Діни философия 

Модуль  — Исламның негізгі ғылымдары ІІ 

  • Құран оқу І
  • Дін психологиясы
  • Тафсир негіздері және әдістемесі
  • Хадис негіздері және әдістемесі 

Модуль — Исламның негізгі ғылымдары ІІІ 

  • Құран оқу ІІ
  • Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар
  • Ислам этикасы

Модуль – Дін негіздері ІІ

  • ҚР дін туралы заңнамасы
  • Дін социологиясы
  • Діни құқық негіздері
  • Хадис мәтіні
  • Тафсир мәтіні 

Модуль – Қазақ мұсылмандық негіздері

  • Қазақ халқының мәдени дәстүрлері
  • Қазақ дін ойшылдары

Модуль — Исламның негізгі ғылымдары ІV

  • Ислам ағымдары
  • Теологиялық ілімдер негіздері

Модуль — Исламның негізгі ғылымдары V

  • Ислам және ғылым
  • Сопылық тарихы мен философиясы

ЖОО электив  модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

Жеке білім траекториясының модульдері

ЖБТ 1 Теолог-ислам бойынша сарапшы

Модуль – Исламның негізгі ғылымдары VІ 

  • Ислам құқығы
  • Тассауф

Модуль – Исламның негізгі ғылымдары VІІ  

  • Ислам философиясы
  • Ханафилік және Матуридилік мазхабы
  • Ислам өнері
  • Ислам экономикалық ілімдері
  • Исламның қазіргі мәселелері

ЖБТ 2 Теолог-христиан теологиясы бойынша сарапшы 

Модуль -Христиан мәтіндері

  • Христиан қасиетті мәтіндері
  • Литургия

Модуль  – Христиан теологиясы негіздері

  • Патристика және аппологетика
  • Православие
  • Католицизм
  • Протестантизм
  • Қазақстандағы христиандық

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Ахмет Ясауи университеті ғылыми кітапханасында өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2,3-курстарда облыстық дін істері басқармаларында, Әзіреті Сұлтан қорық мұражайында, облыстық әкімшілік ішкі саясат бөлімдерінде «Өндірістік тәжірибе» – 3 апта;

4-курста облыстық, республикалық дін істері басқармаларында, әкімшілік ішкі саясат бөлімдерінде, ғылыми-зерттеу институттарында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста облыстық, республикалық Ахмет Ясауи университетінде  өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • ҚР Мәдениет және министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» Астана қаласы
  • ОҚО Дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» Шымкент қаласы
  • Жамбыл облысы  Дін істері басқармасы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» Тараз қаласы
  • Қызылорда облысы Ішкі саясат басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы». Қызылорда қаласы
  • Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар»  дін талдау-сараптау орталығы Ақтөбе қаласы
  • ОҚО Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі
  • Әзіреті сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы және Түркістан қаласы білім бөлімі

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Теология
Мамандық шифры
5B021100
Факультеті
Гуманитарлық ғылымдар
Оқу деңгейлері
Бірінші жоғары білім
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Ағылшын тілі
Профильдік пәні
Дүниежүзі тарихы
Оқу ақысы
300 000 тг