Тарих

БІЛІКТІЛІГІ

  • Тарих  бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Бакалавр бағдарламасы, ең алдымен, таңдалған ғылым саласында толыққанды білім мен дағдыларды алуға даяр кәсіби кадрларды практикалық қызметке дайындау;
  • толыққанды және сапалы жоғары базалық білім беру, тарих ғылымы саласындағы және мектепте тарихты оқытуда біліктілігін жетілдіру;
  • оқытудың жаңа технологияларын, компьютерлік сауаттылықты арттыру, жеке өзіндік оқу бағдарламасын таңдау, келесі жоғары ғылыми-педагогикалық деңгейдегі білімді алу үшін оқуды жалғастыруға жағдай жасау;
  • зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды (бітіру жұмыстарын) орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
  • әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, ұйымдастыру-басқару іс-әрекеттерін игерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы; ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы.
  • жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
  • ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

Қолдана білуі: 

  • Тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

  • зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
  • жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 1)
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 2)
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛІ 

Модуль – Тарихи пәндер

  • Мұражай және ескерткіштерді қорғау
  • Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы

Модуль – Психология және физиология

  • Психология және адам дамуы
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Модуль – Ежелгі тарих

  • Қазақстанның ежелгі заман тарихы
  • Ежелгі дүние тарихы. Еуропа
  • Ежелгі дүние тарихы. Азия

Модуль – Қосалқы пәндер

  • Қосалқы тарихи пәндер
  • Мұрағаттану

Модуль – Археология және этнология

  • Археология
  • Этнология

Модуль – Мектеп педагогикасы

  • Педагогика І
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль – Орта ғассырлар тарихы

  • Қазақстанның орта ғасыр тарихы
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
  • Орта ғасырлардағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы

Модуль – Тарихнама және деректану

  • Деректану
  • Тарихнама

Модуль – Жаңа заман тарихы

  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
  • Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы

Модуль – Басқару, ұйымдастыру, бағалау

  • Инклюзивті білім беру
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Білім берудегі менеджмент

Модуль — Әдістеме

  • Тарихты оқыту әдістемесі
  • Түркі халықтарының тарихы

Модуль – Қазіргі және жаңа заман тарихы

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Еуропа мен Американың жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ата-түрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
  • Өзін-өзі тану

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 – Шетелдер тарихы 

Модуль – Жақын шетел

  • Орта Азия елдерінің тарихы
  • Ресей және Кеңес мемлекеттерінің тарихы
  • Шетелдегі қазақтар тарихы

Модуль – Халықаралық қатынастар

  • Халықаралық ұйымдар
  • Әлемдік қайраткерлер: өмірі мен саяси қызметі
  • Әлемдік өркениеттер тарихы

ЖБТ2 – Отан тарихы 

Модуль – Тарихи білім беру

  • Қазақстандағы халық-ағарту ісінің дамуы
  • Қазақстан тарихы пәнін оқытудың инновациялық әдістері
  • Мектептегі менеджмент және іс-қағаздарын жүргізу

Модуль — Өлкетану

  • Орта Азия мен Қазақстанның сәулет өнері
  • Қазақстанның ортағасырлық қалалары
  • Отандық тарихтағы хандық кезең

Кәсіби тәжірибе 

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Ясауи университетінде өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;

3-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 2 апта;

4-курста облыстық, республикалық, аудандық, қалалық ЖОМ өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Археология ғылыми-зерттеу орталығы
  • №21 колледжі
  • М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
  • №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
  • №21 жалпы орта мектебі
  • Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
  • №19 жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Тарих

Мамандық шифры

5B011400

Факультеті

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Өту балы

87

Оқу ақысы

443 000