Археология және этнология

БІЛІКТІЛІГІ

  • «Археология және этнология» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Елдің Aта заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары археолог-этнологтарды даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • «Археология және этнология» мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы білім технологияларын меңгеруді қамтамасыз ету.
  • әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, ұйымдастыру-басқару іс-әрекеттерін игерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • 5В020800 — «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім бакалавры негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдерге енетін Қазақстан тарихы, философия, экология және тұрақты даму, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін білуі;
  • Мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете меңгеруі;
  • Басқару құралы ретінде техникалық және жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;
  • Базалық пәндерді оқу барысында педагогика, психология және адам дамуы, жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі және т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі;
  •  Кәсіптендіру пәндерін оқу үшін қажетті базалық білімінің болуы;
  • Кәсіби пәндерді оқу барысында: археология және этнология бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеруі тиіс.

Қолдана білуі: 

  • «Археология және этнология» мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • «Археология және этнология» бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, кәсіби қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде археологиялық және этнологиялық базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру;

Біліктілігі:

  • Зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • Ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
  • Жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • Өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • Білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Мемлекеттік міндетті модуль                         

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 1)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 2) *

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Тарихи пәндер

  • Мұражай және ескерткіштерді қорғау
  • Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы

Модуль-Ғылымның теориялық негіздері

  • Теориялық археология
  • Теориялық этнология
  • Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы

Модуль-Қосалқы пәндер

  • Қосалқы тарихи пәндер
  • Мұрағаттану

Модуль-Қазақстан тарихы және археологиясы

  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы
  • Қазақстанның ежелгі археологиясы

Модуль-Тарихнама және деректану

  • Деректану
  • Тарихнама

Модуль-Қазақстан және дүниежүзі тарихы

  • Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
  • Дүниежүзі тарихы

Модуль-Зерттеулердің ғылыми негіздері

  • Археологиялық бұйымдарды камералық өңдеу
  • Археологиялық реставрация мен консервацияның негіздері

Модуль-Пәнаралық байланыс 

  • Этноархеология
  • Тарихи демография
  • Тарихи антропология

Модуль-Дәстүрлі мәдениет 

  • Қазақ халқының рухани мәдениеті
  • Қазақтың дәстүрлі материалдық мәдениеті
  • Қазақтың дәстүрлі шаруашылығы
  • Орта Азия археологиясы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Археология және этнологияның өзекті мәселелері

Модуль-Археологияның өзекті мәселелері 

  • Ортағасыр керамика өнері мен технологиясы
  • Қазақстанның ортағасыр обалар (қорғандар) мәдениеті
  • Орта Азия мен Қазақстанның сәулет  өнері

Модуль-Этнологияның өзекті мәселелері

  • Қазақ халқының қолөнері мен кәсіпшілігі
  • Қазақстандағы этнодемографиялық процестер

ЖБТ2  Ғылымдағы заманауи процестер

Модуль-Ғылымның экспедициялық зерттеу негіздері

  • Ғылыми экспедициялар ұйымдастыру әдістері
  • Археологиялық барлау әдістері
  • Қазіргі этномәдени үрдістерді зерттеу әдістемесі

Модуль-Аймақтық археология және этнология         

  • Түркі халықтарының рухани және материалдық  мәдениеті
  • Таяу Шығыс, Кавказ археологиясы

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Археология ғылыми-зерттеу орталығында өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста Археология ғылыми-зерттеу орталығында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 2,5 апта;

3-курста Археология ғылыми-зерттеу орталығында өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 2,5 апта;

4-курста Археология ғылыми-зерттеу орталығында,  облыстық, республикалық, аудандық, қалалық ЖОМ өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Археология ғылыми-зерттеу орталығы
  • Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
  • Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық мұражайы
  • ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталық
  • №21 колледжі
  • М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
  • №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
  • №21 жалпы орта мектебі
  • Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
  • №19 жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Археология  және этнология

Мамандық шифры

5B020800

Факультеті

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Өту балы

88

Оқу ақысы

343 000