Тарих

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

БІЛІКТІЛІГІ

  • Тарих мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Оқу үдерісін сапалы ұйымдастыру және педагогикалық үдерісті басқару;
  • Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, инновациялар жобалау және сынақтан өткізу, тарихи құбылыстарды талдай және жүйелей білу;
  • Жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіптік оқу орындарында сабақтар жүргізу, өз кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдістерін пайдалану;
  • Нормативтік құжаттаманы білікті пайдалану, өз пәндік саласында инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, оқу-тәрбиелеу үдерісіне өз пәндік саласындағы инновацияларды енгізу нәтижелерін талдау және бағалау

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
  • Әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жүргізу, ұйымдастыру-басқару іс-әрекеттерін игерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы; ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы.
  • Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
  • Ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

Қолдана білуі: 

  • Тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • Тарих мамандығы бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

  • Зерттеу саласындағы жүйелі түсініктерін, осы сала бойынша зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсете білуі;
  • Ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жасау, іске асыру және түзету іскерлігі;
  • Жаңа және күрделі идеяларды сынай отырып талдау, бағалау және жинақтау іскерлігі;
  • Өзінің білімін және жетістіктерін әріптестеріне, ғылыми қоғамдастыққа және қоғамға жеткізу біліктілігі;
  • Білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі-(Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 1)*
  • Түрік (қазақ) тілі-(Деңгей 2) *

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Тарихи пәндер

  • Мұражай және ескерткіштерді қорғау
  • Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы

Модуль-Тарихи зерттеулер

  • Тарихи өлкетану
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар

Модуль-Ежелгі тарих

  • Қазақстанның ежелгі заман тарихы
  • Ежелгі дүние тарихы Еуропа
  • Ежелгі дүние Азия

Модуль-Қазақ мәдениеті

  • Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениеті
  • Тарих ғылымының методологиясы

Модуль-Қосалқы пәндер

  • Қосалқы тарихи пәндер
  • Мұрағаттану

Модуль-Археология және этнология

  • Археология
  • Этнология

Модуль-Орта ғасырлар тарихы

  • Қазақстанның орта ғасыр тарихы
  • Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы
  • Орта ғасырлардағы Еуропа және Америка елдерінің тарихы

Модуль-Тарихнама және деректану

  • Деректану
  • Тарихнама

Модуль-Жаңа заман тарихы

  • Қазақстанның жаңа заман тарихы
  • Еуропа және Американың жаңа заман тарихы
  • Азия мен Африка елдерінің жаңа заман тарихы
  • Османлы тарихы

Модуль-Әдістеме

  • Тарихты оқыту әдістемесі
  • Түркі халықтарының тарихы

Модуль-Қазіргі заман тарихы

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Еуропа мен Американың қазіргі заман тарихы
  • Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
  • Қазақстан әлемдік қауымдастықта

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Шетелдер тарихы

Модуль-Мәдениет тарихы

  • Түркия Республикасының тарихы
  • Османлы мәдениеті тарихы
  • Орта Азия елдерінің мәдениеті

Модуль-Өркениет мәселелері

  • Түркі өркениеті
  • Ислам өркениеті
  • Әлемдік өркениеттер тарихы

ЖБТ2  Отан тарихы

Модуль-Өлкетану

  • Дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымы
  • Қазақ хандығының тарихы
  • Түркістан тарихы

Модуль-Теориялық  әдістеме                                                        

  • Тарихи процесс пен таным теориясы
  • Қазақстан тарихын зерттеудің теориялық әдістемелік негіздері
  • Османлы полеографиясы

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Ясауи университетінде өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;

3-курста ҒЗИ және қалалық ЖОМ өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 2 апта;

4-курста облыстық, республикалық, аудандық, қалалық ЖОМ өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста Ясауи университетінде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Археология ғылыми-зерттеу орталығы
  • Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты
  • Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық мұражайы
  • ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталығы
  • №21 колледжі
  • М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебі
  • №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия
  • №21 жалпы орта мектебі
  • Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебі
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы
  • №19 жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Тарих

Мамандық шифры

5B020300

Факультеті

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Өту балы

90

Оқу ақысы

343 000