6М020300-Тарих

БІЛІКТІЛІГІ

  • Тарих  магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Kәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • 6М020300-Тарих мамандығының шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Теориялық оқытуға, базалық және кәсіптік пәндер циклдерін оқыту;
  • Кәсіби тәжірибе (педагогикалық немесе зерттеу);
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы, ғылыми және педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияның орындалуы;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы; ғылыми жаңалықтарды практикалық қызметке ендіру тетіктері туралы; ғылыми қоғамдағы қарым-қатынас нормалары туралы; ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы түсінігінің болуы.
  • Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын; ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін зерттеуі.
  • Oйлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

Қолдана білуі: 

  • Алған білімді өсуге және ғылыми зерттеу контексінде идеяларды қолдануды;
  • Әртүрлі пәннің аясында алған білімді интегралдауды жаңа белгісіз жағдайда зерттеу мәселесін шешу үшін қолдануды;
  • Оқытудың интерактивті әдістемесін қолдану;

Біліктілігі:

  • Ғылыми зерттеу әдістемесі аясында;
  • Кәсіби салада ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауға
  • Білімді тұрақты жаңартуды, кәсіби дағдыларды кеңейтуді қамтамасыз ету
  • білімге негізделген қоғамның дамуына үлес қосуы.

Құзіреттілігі:

Жоғары кәсіби білім деңгейінде алған білім мен түсінікті көрсетіп, даму немесе ғылыми зерттеулердің контексінде жиі қолданатын идеяларды қолдану үшін негіз немесе мүмкіндік болып табылады.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философия
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Отан тарихы

Модуль-Отан тарихының іргелі мәселелері

  • ХІХ ғ.-ХХғ.басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы: зерттелуі мен проблемалары
  • Дәстүрлі қазақ қоғамының материалдық және рухани мәдениеті тарихының өзекті мәселелері
  • Алаш қозғалысының тарихы
  • Патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының тарихы

ЖБТ2  Дүниежүзі тарихы

Модуль-Дүниежүзі тарихының іргелі мәселелері

  • Орта Азия түркі халықтарының саяси және рухани байланыстары
  • Еуразия аймағындағы ежелгі түркі тайпалары
  • Еуропада тарих ғылымының қалыптасуы және алғашқы тарихи көзқарастар
  • Әлемдік интеграциялық процестердің қалыптасуы мен даму тарихы

БЕЙІНДЕУІШ ПӘНДЕР МОДУЛІ

Модуль –Кәсіби міндетті модулі

  • Қазіргі тарихи ғылымдағы пәнаралық әдістері
  • Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас

Модуль-Кәсіби элективті модулі

  • Әлеуметтік  тарихты зерттеудегі жаңа көзқарастар
  • Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тарихнамасы
  • Ғылыми жазба
  • 1939-1945 жж.КСРО мен Түркия Республикасы қатынастары
  • Отандық археология мен этнологияның өзекті мәселелері
  • Түркі мемлекеттер тарихының зерттелуі
  • Қазақтың тарихи мифологиясы
  • Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
  • Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері
  • Қазақ шежіресі
  • Тарихи өлкетану мәселесіндегі жаңа көзқарастар мен ұстанымдар
  • Түркияның экономикалық тарихы
  • Осман империясының модернизация тарихы
  • Қазақстан Республикасы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы
  • Түркі өркениеті және Тәуелсіз Қазақстан

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста ҒЗИ-да өтетін «Зерттеушілік тәжірибе» – 6 апта;

2-курста ҒЗИ-да өтетін «Зерттеушілік тәжірибе» – 6 апта;

2-курста Ясауи университетінде өтетін «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;

Білімгерлер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Археология ғылыми-зерттеу орталығы
  • Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты
  • Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық мұражайы
  • ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталығы
  • Ясауи университеті

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Тарих

Мамандық шифры

6М020300

Факультеті

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері

Жоғары бiлiмнен кейінгі

Оқу түрлері

Күндізгі