5В010300-Педагогика және психология

БІЛІКТІЛІГІ

Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

5В010300 – Педагогика және психология мамандығы бойынша білім алушыларды даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

  • Елдің Aта заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары педагог-психологтарды даярлау;
  • Қазақстанның индустриялық және басқа да ұйымдардың қажеттіліктеріне сәйкес инновациялық технологияларды дамытуға жылдам қарқынмен дайын, кәсіби құзыреттіліктері қалыптасқан білім беру саласындағы біліктілігі жоғары болашақ мамандарды дайындау.

5В010300 – Педагогика және психология шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Студенттерге теориялық және практикалық базаларға сүйенген, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген педагогика  мен психологияның негізгі салаларынан жүйелі білім беру;
  • Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау;
  • Оқушылардың толыққанды оқуы мен тәрбие алуына жағдай жасау, баланың үлкендермен және құрбы-құрдастарымен әрекеттесуіне және қарым-қатынас жасауына, оқушыларды әлеуметтендіру;
  • Мекемеде психологиялық жағымды және қауіпсіз білім  беру ортасын жасақтауға қатысу;
  • Білім беру үдерісінің қатысушыларының психологиялық құзыреттіліктерінің деңгейін көтеру;
  • Басқа мамандармен бірге әрекеттесе отырып пән аралық психологиялық педагогикалық және әлеуметтік-реабилитациялық іс-шараларға қатысу;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

5B010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» және басқа да білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, педагогика мен психологияның негіздерін талдауды игереді;

  • Жалпы білім беру мекемелерінде педагог-психолог  ретінде педагогикалық үдерісті және педагогикалық  іс-әрекетті ұйымдастырады, оқу-тәрбие үдерісіне қатысты іс-шараларының жоспарларын жасайды, ғылыми жобаларды дайындауға қатысады, оқу – тәрбие  жұмысының  бағдарламаларын жасап, оларды жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асыру дағдысын меңгереді.
  • Білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қолдана алуы керек;
  • Жалпы білім беру мекемелерінде педагог-психолог  ретінде педагогикалық үдерісті және педагогикалық  іс-әрекетті ұйымдастыра алуы керек;
  • Оқу-тәрбие үдерісіне қатысты іс-шараларының жоспарларын жасап, ғылыми жобаларды дайындауға қатыса алуы керек;
  • Оқу – тәрбие  жұмысының  бағдарламаларын жасап, оларды жалпы білім беру мекемелерінде жүзеге асыра білуі керек;

Біліктілігі:

— Ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

-«Педагогика және психология» бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және мінез-құлықты ажырата білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

— Күнделікті кәсіби қызметте және білімді докторантурада жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Құзіреттілігі:

Болашақ «Педагогика және психология»  мамандарының құзыреттілігі жұмыс берушілердің сұраныс талаптарына сай болуы қажет атап айтқанда:

  • Пәндік біліктілік, өз кәсіби қызметінің мәселелерін шеше алуы;
  • Ұйымдастырушылық (оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда кездесетін мәселелерді шеше алуы);
  • Қарым-қатынастық («мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалім-ата-ана» жүйелеріндегі қарым-қатынас мәселелерін шеше алуы);
  • Адаптациялық (өмірдің өзгермелі жағдайлары мен талаптарына сай бейімделу мәселелерін шеше алуы);
  • Мотивациялық-психологиялық (тұлғалық және тұлғааралық ішкі қайшылықтарды, тұлғаның психологиялық мәселелерін шеше алуы);
  • Диагностикалық (оқушылар мен сыныптың даму нәтижелерін зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін шеше алуы)

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ 

Модуль  – Психология және физиология 

  • Психология және адам дамуы
  • Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы 

Модуль  — Мектеп педагогикасы

  • Педагогика І
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі 

Модуль  – Ғылым тарихы мен әдіснамасы 

  • Педагогика және психология ғылымның тарихы
  • Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамасы мен әдістемесі

Модуль  — Ұлттық тәрбие 

  • Этнопсихология
  • Этнопедагогика
  • Тұлғаны педагогикалық психологиялық диагностикалау
  • Психологиялық педагогикалық коррекция  

Модуль – Оқыту әдістемесі 

  • Өзін-өзі тану пәнің оқыту әдістемесі
  • Тренингтарды ұйымдастыру әдістемесі

Модуль – Арнайы білім беру

  • Психология ІІ (Әлеуметтік психология)
  • Педагогика ІІ (Әлеуметтік педагогика)
  • Мамандандыру практикумы

Модуль – Басқару, ұйымдастыру, бағалау

  • Инклюзивті білім беру
  • Бағалаудың өлшемдік технологиялары
  • Білім берудегі менеджмент

Модуль – Кәсіби кеңес

  • Кәсіби кеңес беру психологиясы
  • Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесі

Модуль — Әдістеме

  • Педагогиканы оқыту әдістемесі
  • Психологияны оқыту әдістемесі

Модуль – Тәжіребиелік психология

  • Психология ІІІ (Практикалық психология)
  • Педагогика ІІІ ( Педагогикалық шеберлік)
  • Эксперименталды психология

Модуль – Заманауи білім беру 

  • Кәсіби оқытудың инновациялық технологиялары
  • Кәсіптік білім беру педагогикасы
  • Салыстырмалы педагогика

ЖОО электив  модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Психикалық денсаулық профилактикасы және суицид превенциясы
  • Өзін-өзі тану

Жеке білім траекториясының модульдері

ЖБТ 1 Педагог психологтың кәсіби қызмет жүйесі

Модуль – Тұлға психологиясы

  • Тұлғаның дифференциалды психологиясы
  • Отбасы психологиясы
  • Педагогикалық психология

Модуль – Кәсіби қызмет 

  • Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру
  • Қарым-қатынас психологиясы
  • Басқару психологиясы

ЖБТ 2 Профилактика  және Әлеуметтік-психологиялық жұмыс 

Модуль  –Педагогикалық процестерді ұйымдастыру

  • Қайта тәрбиелеу педагогикасы
  • Шағын жинақталған мектептерде педагогикалық процестерді ұйымдастыру
  • Психологиялық-педагогикалық практикум

Модуль  – Арнайы психология

  • Психотерапия
  • Пенитенциарлық психология
  • Қолданбалы психология

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Ахмет Ясауи университеті ғылыми кітапханасында өтетін «Оқу тәжірибесі » – 3 апта;
  • 2,3-курстарда Түркістан қаласының орта мектептерінде және көмекші мектеп- интернатта «Педагогикалық тәжірибе» (үздіксіз)  – 15 апта;
  • 4-курста Түркістан қаласының орта мектептерінде, көмекші мектеп- интернатта және психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
  • 4-курста Түркістан қаласының орта мектептерінде, көмекші мектеп- интернатта және психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан қаласы «Көмекші мектеп-интернат»
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 17 Ататүрік мектеп-гимназиясы Түркістан қаласы
  • Түркістан қаласы психологиялық- педагогикалық түзету кабинеті
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 19 жалпы орта мектеп
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 1 А. Байтұрсынов атыңдағы жалпы орта мектеп
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 25 Т. Рыскұлов атыңдағы мектеп-гимназия
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 5 Ғ. Мұратбаев жалпы орта мектеп
  • Түркістан қаласы білім бөлімі № 6 М. Мәметова атыңдағы жалпы орта мектеп
  • Түркістан қаласы білім бөлімі  М. Әбенова атыңдағы жалпы орта мектеп

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Педагогика және психология

Мамандық шифры

5В010300

Факультеті

Гуманитарлық ғылымдар

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Биология

Профильдік пән

Биология

Өту балы

Қазақ 85 балл

Оқу ақысы

443 000 тг.