Медицина факультеті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина факультеті 1991 жылы құрамында екі кафедра болып Кентау қаласында ашылған. Осы жылдары факультетке 60 студент қабылданған. 2006 жылға дейін факультет Кентау қаласында орналасып, университеттің клиникасы бітуіне байланысты, медицина факультеті Түркістан қаласына ауыстырылды. Қазіргі таңда факультетте «Жалпы медицина» мамандығы бойынша  1726 студент дәріс алып,  146 ОПҚ, оның ішінде 5 ғылым докторалары мен профессорлар, 40 ғылым кандидаттары және 5 PhD докторлар дәріс беруде. Факультет студенттері үшін университетіміздің 110 орындық

  • Клиника–диагностикалық орталығында,
  • Кентау қалалық орталық ауруханасында,
  • Кентау орталық емхана,
  • Кентау қалалық туберкулездік диспансерінде,
  • Кентау қалалық жұқпалы ауруханасында,
  • Кентау қалалық жедел жәрдем станциясында,
  • Түркістан қалалық орталық ауруханасында,
  • Түркістан қалалық жұқпалы ауруханасында,
  • Түркістан қалалық  қан орталығында,
  • Түркістан қалалық жедел жәрдем станциясында,
  • Түркістан қалалық балалар ауруханасында,
  • Түркістан қалалық балалар емханасында №2,
  • Түркістан қалалық емханасында,
  • Түркістан облыстық сот медициналық сараптамалар орталығында,
  • Облыстық перинатальдық орталық №3
  • «Санитас» ауруханасында,
  • «Талғат» клиникасында,
  • Дерматология диспансерінде практикалық дәрістер өткізіледі.

Елімізде және түрік дүниесінің барлық елдерінен келген студенттер медициналық білім беріп жатқан осы университет түлектерінің дипломдары шет елдерде қызмет етуге мүмкіндік береді.

1-курс

2-курс

3-курс

4-5-курс

Мемлекеттік емтихан

Бакалавр

Магистратура және докторантура

1
Білім беру бағдарламасы
1726
Білімгер
85
Жұмыспен қамтылған
146
ОПҚ
  • Медицина факультетінің ОПҚ, докторанттар, магистранттар және студенттер «Қолайсыз жағдайдағы негізгі аурулардың даму ерекшеліктері: эпидемиология, профилактика, диагностика және емі» атты тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. ҚР БжҒМ-нің 2018-2021 жылдарға жарияланған гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижесі бойынша «Жалпы хирургия» кафедрасының профессоры  б.ғ.д., У.А. Жумабаевтың «Арнайы диабеттік «Инуллакт-Фито» тағамдық өнім өндіру» атты ғылыми жобалары бойынша грант жеңіп алды.Соңғы екі жылда факультет ОПҚ әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда 45 астам ғылыми мақалалар жариялады.

2018-2019 оқу жылында медицина факультетінде білім алып жатқан 1152 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 17 студент ақысыз негізінде жатақханаға орналастырылған, 14 студент талон бойынша тегін тамақтанады.

Факультетте жастар клубы жұмыс атқарады. Олар: КазМCA, МТ және Самрұқ дебат, ENDO, СҒҚ, Veritas клубтары жұмыс жасайды

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары бойынша жетістіктер:

—«Жастар жылы Қазақстан-2019» аясында Республикалық С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінде өткен «Жастар форумы » Интеллектуальды  ойында 2 орынға ие болдық.

— Халықаралық студенттік медициналық олимпиадасында   Медицина факультеті «Веритас» клубы III жұлделі орынға ие болды

  • «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында қала көлемінде өткен дебатқа МТ- клубының мүшелері қатысып, арнайы марапатпен марапатталды

— М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60 жылдығына орай «Еркін ойлар Алаңы» ИПК ұйымдастыруымен өтетін «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты «TarSU CUP» VI дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирінде 3-орын иеленген, Университеттің  «Жыл студенті-2018» атағына Сапарқұл Жансая ие болды.

— «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент» жобасы аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің жеңімпазы, «Үздік студент — 2018» медаль және алғыс хатпен Қанат Шамсудин марапатталды.

— РФ Москва (Мытищи) қаласындаШотаканның әлем федерациясы ұйымдаструымен (World Shotakan Federation) VIII Рождестволық Әлем Кубогі ( Christmas Wolrd Cup)18+ әйелдер арасында -55кг салмағында  Аманжол Құндызай II орын иеленді.

—  2018-2019 жылы Факультет аралық спартакиада бойынша медицина факультеті III-ші орынға иеленді.

— А.Б.Кулманбетованың жетекшілігімен «Менің Қазақстандықпын » тақырыбында Республикалық эссе жазу конкурсына Жүнісбекова Гүлсая «ЖАСТАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында эссе жазып 2 орынға ие болды.

— К.Ж.Рыскелдиеваның жетекшілігімен «Менің Қазақстандықпын » тақырыбында Республикалық эссе жазу конкурсына Исрайл Ферузаның «ЖАСТАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» тақырыбында эссе жазып 2 орынға ие болды.

2019-2020 оқу жылында медицина факультетінде білім алып жатқан 1001 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, оның ішінде әлеуметтік жағдайына байланысты 20 студент ақысыз негізінде жатақханаға орналастырылған, 17студент талон бойынша тегін тамақтанады.

Факультетте жастар клубы жұмыс атқарады. Олар: КазМCA, МТ және Самрұқ дебат, , СҒҚ, Veritas клубтары жұмыс жасайды

Әлеуметтік-тәрбие жұмыстары бойынша жетістіктер:

— Алматы қаласында Enactus Kazakhstan Ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «ENACTUS KAZ FEST» Инновациялық идеялардың фестиваль-көрмесінде «Инновационная идея с лучшей презентацией» номинациясы бойынша«ENACTUS» құрамасы жүлдегер атанды.

Университет басшылығы  2008  жылы Түркия Республикасының Хажеттепе университетімен студенттер алмасу туралы келісім шартқа қол қойып, нәтижесінде, жоғары курс студентері шет елдерде оқуға мүмкіншілік алды. Қазіргі таңда осы бастаманың жалғасы ретінде Түркия мемлекетінің басқа да университеттерінде білімгерлеріміз Мевлана бағдарламасы аясында білімін жетілдіруде. Атап айтқанда, Илдырым (Стамбул), Акдениз (Анталия), Ырдес жимхуриет және Гази университеттері.

Сонымен қатар, Visiting-professor бағдарламасы аясында Түркия Ондокуз мейис, Гази, Анкара, Хажэттепе, АҚШ Гарвард университеттерінен, шетелдік профессорлар дәрістер беруде.

2018 жылдың 8-10 қарашасында Смоленск мемлекеттік медицина университетінде Ресей және ТМД елдеріндегі медициналық және фармацевтикалық университеттердің Студенттік ғылыми қоғамдар және Жас ғалымдар кеңесінің XV съезі өтті.Соның нәтижесінде Ресей және ТМД мемлекеттерінің медициналық, фармацевтикалық ЖОО студенттік ғылыми қоғамдары мен жас ғалымдар кеңесінің Федерациясы арқылы Сербия, Черногория, Грузия, Германия, Италия және Түркия мемлекеттеріне  Медицина факультеті студенттеріне арналған, тәжірибе алмасу бағдарламаларына контракт түзілді.

2018-2019 оқу жылының алғашқы жарты жылдығында 5 визитинг-профессорлар шақырылап, дәрістер берді.

  • Білімгерлер іс-тәжірибе өтетін жекеменшік ұлттық медициналық 55 және 10 шетелдік мекемелермен келісім-шарттардың түзілуі;
  • 2018-2019 оқу жылында Жалпы медицина мамандығы аккредитациядан өтті;
  • 2018-2019 оқу жылында Thomson Reuters, Scopus, Elsevier базасында тіркелген импакт-факторы бар ғылыми журналдарда жалпы 11 мақаланың жариялануы;
  • 2018-2019 оқу жылында жалпы 64 ОПҚ университет деңгейінде, 99 ОПҚ Республикалық деңгейде және 4 ОПҚ Халықаралық деңгейде 16 ОПҚ Online семинарлар деңгейде біліктіліктерін жетілдірулері
  • Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 2018-2019 оқу жылында Халықаралық ғылыми конкурстарда, шығармашылық жарыстарда білім алушылар арасындағы жүлдегерлер санының артуы;
  • Ұлттық деңгейдегі марапаттауға және нәтижеге ОПҚ-ның ие болуы (Ишигов И.А.,  Жумашов С.Н. – Ауғаныстан соғыс ардагерлерінің ««Ауғанстан Демократиялық Республикасының І дәрежелі жұлдызы» ордені.» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Батыр шапағаты» төс белгісі; Сейдинов Ш.М.-  «Қазақстандық спорттық және жауынгерлік самбо Федерациясы Самбо күресінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін» медалімен мараптталады; Каримбаев К.К.- Pelvic dystopia of right rudimentary multicystic dysplastic kidney as a rare cause of bedwetting in a patient with single pelvis ectopic left kidney, agenesis of uterus and vagina (Mayer-Rokitansky-Kuster-Hauser syndrome) 4th World Congress on Cancer research g Therapy at Rome, Italy; Каримбаев К.К.- Қазақстан Республикасының АЛҒЫС ХАТмен марапатталды;  Жүнісов М.С.- Қазақстан Республикасының «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ» төс белгісімен марапатталды;  Жунусов Д.С-  Республикалық, денсаулық сақтау саласындағы алғыс хаты;  Кулманбетова А.Б.- Университеттің «медицина қызметкерлері күніне» арналған алғыс хаты;  Бабаева К.С.- Денсаулық сақтау ісіне қосқан еңбегі үшін Алғыс хаты;  Асилбекова Г.Т.- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Республикалық төс белгісі;  Мамутова А.Е.- Республикалық деңгейде Құрмет грамотасы; Ильясова Г.Т.- Университеттің  алғыс хаты ;  Тулежанов Н.Қ.- Республикалық алғыс хаты;  Аймаханов М.С.- Университеттің алғыс хаты;  Байзақ У.А.-Университеттің алғыс хаты;  Дуйсембаева Б.Т. – Университеттің алғыс хаты;)
  • 2015-2016 оқу жылында Қазақ тағамдану академиясы, А.С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, М.Әуэзов атындағы ОҚМУ, ОҚМФА сияқты білім, ғылым ұйымдарымен Меморандум негізінде құрылған ғылыми-зерттеу орталықтарында ҒЗЖ-ның орындалуы.
  • ХҚТУ «Үздік жас ғалым — 2018» дипломы 20-ға жуық студенттік ғылыми жоба авторы  Қанат Шамсудинның (АҚШ, Англия, Ресей және Украинада жарияланған) ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры, ОҚМА (Медицина академиясы) «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің V халықаралық ғылыми конференциясы 1-орын жеңімпазы, 30-ға жуық ғылыми-теориялық, практикалық конференцияның қатысушы әрі жеңімпаз