6М110100-Жалпы медицина

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕ

  • «7М10131 — Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Кәсіби қарым-қатынас мәдениетін игерген азаматтық ұстамы бар, қазіргі ғылыми және практикалық проблемаларды шеше алатын, әлеуметтік ортада зерттеу және басқару іс-әрекетін нәтижелі жүзеге асыратын, жоғары деңгейлі кәсіби мәдениетті мамандарды даярлау;
  • ЖОО-да және арнаулы орта білім беру мекемелерінде арнаулы пәндерді оқытуға қажетті білім мен іскерлікті меңгерген және оны оқыту дағдыларын жүзеге асыратын педагог-психологтарды даярлау;
  • Арнайы ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгерген, кәсіби білім беру жүйесінің келесі сатысы — докторантурада білім алуды жалғастыруға даярлығын қамтамасыз ету.
  • Жедел ғылыми-техникалық ілгерілеу мен ақпараттық жүктемелердің өсуі жағдайларындағы дербес дамудың құндылықтарына негізделген, өмір бойындағы үздіксіз оқуға бағытталған.

 

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Оқу қағидалары жедел ғылыми техникалық ілгерілеу мен ақпараттық жүктемелердің өсуі жағдайларындағы дербес дамудың құндылықтарына негізделген, өмір бойындағы үздіксіз оқуға бағыттау;
  • Бағалау дербес даму кезіндегі құзіреттіліктерді меңгеру нәтижелерін бағалауға бағытталған және білім, дағды, қарым-қатынас, мінез- құлықтың біріктірілген бағасын құрау;
  • Қажетті құзіреттер деңгейін меңгеру нәтижесін, оқытудың соңғы нәтижелеріне жетуді, білім беру мен бағалау әдістерін үнемі мониторинг жасап отыруды арнайы Комитеттердің бақылап отыруына негіздеу: Білім беру бағдарламалары комитеті, Білім беру мен бағалау әдістері комитеті.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі :

  • Білімгерлер денсаулық сақтау жүйесінің жоспарлы оқыған  саласында, білім беру мекемелерінде жұмыс істеу қабілеттілігін игереді;
  • Білім мен жаңалық медицинада фундаментальды, клиникалық, психологиялық және әлеуметтік пәндерді білумен қатар эпидемиялогияны және қоғамдық денсаулық сақтау клиникалық медициналық этика мәселелері, клиникалық дағдылар (диагностика, әрекет ету, сөйлесу, емдеу және аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау, өзін қалпына келтіру, клиникалық ойлау және мәселені шешу) үнемі оқып жетілдіреді, оқытуда андрогогика қағидаларын қолданады, оқу курсын жобалауды біледі, студенттерді оқыту мен бағалаудың тиімді əдістерін таңдай алады, педагогикалық қызметінің тиімділігін бақылай алады.

Қолдана білуі:

  • Медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік  ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.
  • Алынған ақпаратты сыни тұрғыда түсіндіре алады, оны негіздейалады, өз ойы мен шешімін толық жеткізе алады.
  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын түсінеді, алынған нəтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық өңдеуден өткізе алады, медициналық жарияланымдардың ережелерін біледі.

Біліктілігі:

  • Денсаулық сақтау жүйесі дамуының тенденцияларын түсініп, əлеуметтік мəні бар үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдауды, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді білу керек;
  • Өз қызметінде ұйымдастырушылық мінез-құлық бойынша білімдерін қолдануы қажет;
  • Оқытуда андрогогика қағидаларын қолданып, оқу курсын жобалауды, студенттерді оқыту мен бағалаудың тиімді əдістерін таңдай алып, педагогикалық қызметінің тиімділігін бақылай білу керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ магистранттардың маманданған құзіреттілігі тұтынушылардың талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль 

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шет тілі (кəсіби)
  • Жоғары мектептің педагогикасы
  • Басқару психология 

Базалық элективті модуль 

  • Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және әдебиет шолумен жұмыс жасау
  • Зерттеу нәтижелерін диссертацияда және мақалаларда жариялау
  • Проблемаға бағыттап оқыту

Кәсіби міндетті модуль 

  • Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару
  • Қоршаған орта және қалық денсаулығы
  • Дәлелді медицина мен клиникалық эпидемиология негіздері
  • Медицинадағы білім беру əдіснамасының негіздері
  • Медицинадағы ғылыми зерттеулер негіздері

Жеке білім треакториясының модульдері 

Негізгі медициналық ғылымдар модулі 

  • Медицинадағы физиологиялық зерттеулер
  • Медицинадағы рационалды фармакотерапия
  • Медицинадағы ақпараттық технологиялар

Клиникалық ғылымдар модулі 

  • Клиникадағы шұғыл жағдайлар
  • Иммунитетті бағалаудың заманауи әдістері
  • Аса қауіпті жұқпалы аурулардың заманауи мәселелері

Оқытудың қосымшатүрлері

  • Зерттеу практикасы
  • Педагогикалық практика (үздіксіз)
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) ІІ
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) ІІІ
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІV
  • Тағылымдама
  • Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРҚ)

Магистранттар қандай   мекемелерде  тәжірибеден  өте  алады? 

  • Түркістан ХҚТУ клиниксы
  • Шымкент ХҚТУ клиникасы
  • Түркістан Орталық  қалалық  ауруханасы
  • Түркістан қалалық емханасы
  • №3 Облыстық перинатальдық  орталық
  • Түркістан қалалық балалар  ауруханасы
  • Кентау Орталық  қалалық  ауруханасы
  • Түркістан қалалық  жедел  жәрдем бекеті
  • Шымкент қалалық  жедел жәрдем бекеті
  • ОҚО патологиялық  анатомиялық  бюросы
  • Тараз қ., «Кардиохиругия және  трансплантология  ғылыми-клиникалық орталығы»
  • Түркістан қ. «Санитас» клиникасы
  • №1 Шымкент қалалық емханасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Медицина

Мамандық шифры

7М101

Факультеті

Медицина

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін (тенге): 850 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін (тенге): 1 100 000 тг.