Жалпы медицина

БІЛІКТІЛІГІ 

  • Медицина бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары: 

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясы — адамдардың денсаулығын жақсартуға және медициналық тәжірибедегі, зерттеулердегі және білім берудегі инновациялар арқылы өркендеуіне жағдай жасау;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің білім беру бағдарламасы медициналық білім берудің бірегей континуумындағы негізгі құзыреттіліктердің біріктірілген шиыршықты дамуына негізделген: базалық медициналық білім беру, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура және үздіксіз кәсіби даму;
  • Медициналық ғылыми және терапевтік басылымдар тасқынында дәрігерлерді бағытынан жаңылмауға үйрету және дәрігерлерді кәсіби қызметінің өн бойында үздіксіз үйренуге ынталандыру;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Оқу қағидалары жедел ғылыми-техникалық ілгерілеу мен ақпараттық жүктемелердің өсуі жағдайларындағы дербес дамудың құндылықтарына негізделген, өмір бойындағы үздіксіз оқуға бағыттау;
  • Бағалау дербес даму кезіндегі құзыреттіліктерді меңгеру нәтижелерін бағалауға бағытталған және білім, дағды, қарым-қатынас, мінез-құлықтың біріктірілген бағасын құрау;
  • Қажетті құзіреттер деңгейін меңгеру нәтижесін, оқытудың соңғы нәтижелеріне жетуді, білім беру мен бағалау әдістерін үнемі мониторинг жасап отыруды арнайы Комитеттердің бақылап отыруына негіздеу: Білім беру бағдарламалары комитеті, Білім беру мен бағалау әдістері комитеті.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ 

Білімі :

  • Білімгерлер денсаулық сақтау жүйесінің жоспарлы оқыған саласында жұмыс істеу қабілеттілігін игереді;.
  • Білім мен жаңалық медицинада фундаменталды, клиникалық, психологиялық және әлеуметтік пәндерді білумен қатар эпидемиялогияны және қоғамдық денсаулық сақтау клиникалық медициналық этика мәселелері, клиникалық дағдылар (диагностика, әрекет ету, сөйлесу, емдеу және аурулардың алдын алу, денсаулық сақтау, өзін қалпына келтіру, клиникалық ойлау және мәселені шешу) үнемі оқып жетілдіреді 

Қолдана білуі:

  • Медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.
  • Зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.
  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын түсінеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық өңдеуден өткізе алады, медициналық публикациялардың ережелерін біледі. 

Біліктілігі:

  • Бітіру емтиханында талап етілетін білім мен дағдыны біріктіре отырып, оны дипломнан кейінгі медициналық білім алуға қолдану білуі керек;
  • Студенттер бітіру емтиханына дейін білім мен дағдыны біртұтас меңгеруі керек.

 Құзіреттілігі:

Бітірушінің білімі мен дағдысы туралы бағалау ақпаратын оқыту  бағдарламасында зерттеліс жоспарын жасауда кері байланыс көрсеткіштері ретінде  пайдалану қажет

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік  модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)*
  • Түркі мемлекеттер тарихы

ЖОО электив  модулі

  • Ясауитану
  • Тұлға аралық коммуникация психологиясы
  • Cаясаттану
  • Акмеология жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Медициналық және клиникалық психология
  • Тұлғаның психологиялық денсаулығы

Кәсіби міндетті модульдер блогы 

Базалық кәсіптендіру модулі  

Биомедициналық ғылымдар негіздері 

«Молекулалық және тіндік медицина негіздері» модулі 

  • Молекулалық биология және медициналық генетика
  • Химия
  • Медициналық биофизика

«Мамандыққа кіріспе І» модулі 

  • Клиникаға кіріспе-1
  • Коммуникативті дағдылар-1
  • Жедел жәрдем негіздері
  • Клиникаға кіріспе-2
  • Коммуникативті дағдылар-2

Кәсіптендіру пәндері модулі 

«Негізгі кәсіптендіру І» модулі

  • Ішкі аурулар
  • Балалар аурулары
  • Жалпы дәрігерлік практика

Кәсіби селективті таңдау  компоненті модульдер блогы 

Базалық кәсіптендіру модулі  

«Мамандыққа кіріспе ІІ» модулі  

  • Психология негіздері
  • Латын тілі
  • Ғылыми зерттеулер әдістемесі және медициналық баяндама жасау негіздері

«Организмнің қалыпты қызмет жасауы» модулі

  • Биохимия
  • Анатомия-1
  • Гистология -1
  • Физиология-1

«Ағза қорғанысы және микробтық патогендер» модулі

  • Микробиология
  • Жалпы иммунология

«Жалпы патология және коррекция принциптері» модулі

  • Патологиялық анатомия-1
  • Патологиялық физиология-1
  • Фармакология-1

«Организмнің патологиялық жағдайдағы қызметі, коррекция принциптері» модулі

  • Анатомия-2
  • Гистология-2
  • Физиология-2
  • Патологиялық анатомия-2
  • Патологиялық физиология-2
  • Ішкі аурулар пропедевтикасы
  • Визуалды диагностика
  • Фармакология-2
  • Жалпы хирургия

«Қоғамдық денсаулық сақтау» модулі

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы гигиена
  • Эпидемиология
  • Айғақты медицина негізі
  • Биостатистика

Кәсіптендіру пәндер модулі

«Негізгі кәсіптендіру  ІІ» модулі

  • Хирургиялық аурулар
  • Акушерлік іс және гинекология

«Арнайы кәсіптендіру» модулі

  • Неврология, психиатрия, наркология
  • Жедел шұғыл медициналық көмек
  • Клиникалық микробиология
  • Клиникалық биохимия
  • Сот медицинасы
  • ҚР емдеу және диагностика стандарттары 

Тәжірибе

  • Оқу-өндірістік тәжірибе І «Кіші мейірбике көмекшісі» (1 апта)
  • Оқу-өндірістік тәжірибе ІІІ «Палаталық мейірбике көмекшісі» (2 апта)
  • Оқу-өндірістік тәжірибе ІV «Процедуралық мейірбике көмекшісі» (2 апта)
  • Өндірістік тәжірибе V «Ординатор-дәрігер көмекшісі» (2,5 апта)
  • Өндірістік тәжірибе VІ «Жедел жәрдем дәрігерінің көмекшісі» (2,5 апта) 

Қорытынды аттестация

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан (2 апта)

Оқытудың қосымша түрі

Дене шынықтыру

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады? 

  • Түркістан ХҚТУ клиниксы
  • Шымкент ХҚТУ клиникасы
  • Түркістан Орталық қалалық ауруханасы
  • Түркістан қалалық емханасы
  • Облыстық перинатальдық орталық №3
  • Түркістан қалалық балалар ауруханасы
  • Кентау Орталық қалалық ауруханасы
  • Түркістан қалалық жедел жәрдем бекеті
  • Шымкент қалалық жедел жәрдем бекеті

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Жалпы медицина

Мамандық шифры

5В130100

Факультеті

Медицина

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Биология

Өту балы

Қазақ, орыс – 67

Оқу ақысы

621000 тг