Стоматология

БІЛІКТІЛІГІ 

Стоматология бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

Жалпы білім берудің мақсаттары: 

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегиясы – халыққа стоматологиялық көмек көрсетуге және стоматологиялық медицина тәжірибесіндегі, зерттеулердегі және білім берудегі инновациялар арқылы өркендеуіне жағдай жасау;
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ медицина факультетінің білім беру бағдарламасы медициналық білім берудің бірегей континуумындағы негізгі құзыреттіліктердің біріктірілген шиыршықты дамуына негізделген: базалық медициналық білім беру, интернатура, резидентура, магистратура, докторантура және үздіксіз кәсіби даму;
  • Медициналық ғылыми басылымдар тасқынында стоматолог-дәрігерлерді бағытынан жаңылмауға үйрету және дәрігерлерді кәсіби қызметінің өн бойында үздіксіз үйренуге ынталандыру.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Оқу қағидалары жедел ғылыми-техникалық ілгерілеу мен ақпараттық жүктемелердің өсуі жағдайларындағы дербес дамудың құндылықтарына негізделген, өмір бойындағы үздіксіз оқуға бағыттау;
  • Стоматологиядағы менеджмент жəне маркетинг мəселелерін игереді;
  • Қажетті құзіреттер деңгейін меңгеру нәтижесін, оқытудың соңғы нәтижелеріне жетуді, білім беру мен бағалау әдістерін үнемі мониторинг жасап отыруды арнайы Комитеттердің бақылап отыруына негіздеу: Білім беру бағдарламалары комитеті, Білім беру мен бағалау әдістері комитеті.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ 

Білімі :

  • Стоматологиядағы заңгерлік құқықтың негіздерін біледі;
  • Стоматолог-дəрігердің ересектер мен балаларды зерттеу əдістері, стоматологиялық ауруларды диагностикалауға арналған зерттеудің арнайы жəне қосымша əдістерін жетік игереді;
  • Стоматологиялық емханада, бөлмеде медицина қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз ету, стоматологиялық ұйымдар мен мекемелерде есеп беретін құжаттарды толтыру, халықтың стоматологиялық ауруларына статистикалық талдау жасауды меңгереді. 

Қолдана білуі: 

  • Медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады.
  • Зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.
  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын түсінеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық өңдеуден өткізе алады, медициналық публикациялардың ережелерін біледі. 

Біліктілігі:

  • Бітіру емтиханында талап етілетін білім мен дағдыны біріктіре отырып, оны дипломнан кейінгі медициналық білім алуға қолдану білуі керек;
  • Студенттер бітіру емтиханына дейін білім мен дағдыны біртұтас меңгеруі керек. 

Құзіреттілігі:

Бітірушінің білімі мен дағдысы туралы бағалау ақпаратын оқыту  бағдарламасында зерттеліс жоспарын жасауда кері байланыс көрсеткіштері ретінде  пайдалану қажет

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік  модуль (16 кредит)

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)*
  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлға аралық коммуникация психологиясы
  • Cаясаттану
  • Акмеология жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Cаясаттану
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Латын тілі
  • Медициналық және клиникалық психология
  • Тұлғаның психологиялық денсаулығы

Кәсіби міндетті модульдер блогы

Базалық кәсіптендіру модулі 

«Организмнің қалыпты қызмет жасауы І»

  • Анатомия
  • Гистология
  • Қалыпты физиология

«Жалпы патология, микробтық патогенез және коррекция принциптері»

  • Микробиология
  • Патологиялық анатомия-1
  • Патологиялық физиология-1
  • Фармакология-1

«Кәсіптендіру пәндері І» модулі

  • Терапиялық стоматологияның фантомдық курсы
  • Стоматологиялық аурулардың алдын алу
  • Эндодонтия

Кәсіби селективті таңдау  компоненті модульдер блогы

Базалық кәсіптендіру модулі 

«Молекулалық және тіндік медицина негіздері» модулі

  • Молекулалық биология және медициналық генетика
  • Химия
  • Медициналық биофизика

«Мамандыққа кіріспе»

  • Клиникаға кіріспе
  • Коммуникативті дағдылар
  • Психология негіздері
  • Жедел жәрдем негіздері

«Организмнің қалыпты қызмет жасауы ІІ»

  • Биохимия
  • Бас және мойынның клиникалық анатомиясы
  • Жалпы иммунология

«Қоғамдық денсаулық сақтау»

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы гигиена
  • Эпидемиология
  • Биостатистика

«Базалық жалпы медициналық пәндер»

  • Ішкі аурулар
  • Жалпы хирургия
  • Акушерлік іс және гинекология
  • Балалар аурулары

«Арнайы жалпы медициналық пәндер»

  • Визуалды диагностика
  • Офтальмология
  • Оториноларингология
  • Жұқпалы аурулар
  • Неврология
  • Психиатрия
  • Фтизиатрия
  • Дерматовенерология

«Тіс протездерін дайындау технологиясы»

  • Тіс протездерін дайындау технологиясы

«Кәсіптендіру пәндер ІІ» модулі

«Негізгі кәсіптендіру

  • Терапиялық стоматология пропедевтикасы»
  • Балалар стоматологиясының пропедевтикасы және ортодонтия
  • Хирургиялық стоматология пропедевтикасы
  • Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы

«Арнайы кәсіптендіру»

  • Терапиялық стоматология
  • Балалар стоматологиясы
  • Хирургиялық стоматология
  • Ортопедиялық стоматология

Тәжірибе

  • Оқу‑өндірістік тәжірибе І «Мейірбикенің көмекшісі» (1 апта)
  • Оқу‑өндірістік тәжірибе ІІ «Стоматологиялық кабинет мейірбикесінің көмекшісі» (1 апта)
  • Оқу-өндірістік тәжірибе ІІІ «Стоматологиялық кабинет мейірбикесі» (2 апта)
  • Өндірістік тәжірибе V «Стоматолог дәрігердің ассистенті» (5 апта)
  • Өндірістік тәжірибе VІІ «Балалар дәрігерстоматологының ассистенті» (2,5 апта)
  • Өндірістік тәжірибе VІІІ «Дәрігер-стоматолог ортопедтің ассистенті» (2,5 апта)

Қорытынды аттестация

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан (2 апта)

Оқытудың қосымша түрі

Дене шынықтыру

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан ХҚТУ клиниксы
  • Шымкент ХҚТУ клиникасы
  • Түркістан Орталық қалалық ауруханасы
  • Түркістан қалалық емханасы
  • Облыстық перинатальдық орталық №3
  • Түркістан қалалық балалар ауруханасы
  • Кентау Орталық қалалық ауруханасы
  • «Эмаль» тіс емханасы
  • Сара комплекс
  • «Маржан» тіс емханасы

Қысқа мәлімет

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Стоматология

Мамандық шифры

5В130200

Факультеті

Медицина

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Биология

Өту балы

Қазақ, орыс – 65

Оқу ақысы

621000 тг