МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі алдыңғы қатарлы әлемдік университеттердің мамандандырылған жоғары мектептер негізінде құрылған Қазақстандағы алғашқы жоғарғы мектептердің бірі болып табылады. Жоғары мектеп қазіргі заман талабына сай мемлекеттік қызметкерлерді, бизнес-менеджерлерді және экономистермен бухгалтерлер мен аудиторларды дайындайтын бес мамандықты, яғни 5В050600 – Экономика, 5В050700 – Менеджмент, 5В050800 – Есеп және аудит, 5В050900 – Қаржы, 5В051000 – Мемлекеттік жергілікті басқару мамандықтарын креативті ойлау, инновациялық технологияларды қолдана отырып, басқару шешімдерін қабылдай алатын білімді және білікті мамандар оқытуды мақсат тұтады. Жоғары мектеп мамандықтары 1991 жылы университет ашылған алғашқы күннен бастап мамандар даярлап, еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді. Жоғары мектепте бизнес саласының экономика, басқару, қаржы, есеп және аудит бағыттары бойынша 4 мамандық шығарушы бағдарлама жұмыс жасайды. Олар: «Экономика», «Менеджмент және лидерлікті дамыту», «Мемлекеттік басқару және аймақтық даму»және «Қаржы және бухгалтерлік есеп» бағдарламалары. Жоғары мектепте 304 студент, 10 магистрант және 10 докторант білім алса, 35-ке жуық ОПҚ қызмет етеді. 5 мамандық бойынша білікті мамандар дайындайтын Жоғары мектепте түркі мемлекеттерінен келген шетелдік студенттер дәріс алып, кәсіби оқытушылар қызмет етеді. Жоғары мектепте оқыту барлық мамандықтар бойынша қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

5
Мамандық
304
Студент
91
Жұмыспен қамтылған
35
ОПҚ

Жоғары мектепте бизнес және экономика саласының барлық бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда факультетімізде төмендегідей Түркия Республикасы Өкілетті Кеңес тарапынан, ТР ТИКА қоры тарапынан, ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жобалары жүргізілді:

ОҚО агроөнеркәсіптік кластерді қалыптастыру мен олардың өнімділігін арттырудың басымды бағыттарын әзірлеу атты жоба. Мерзімі 01.04.2015-31.03.2017ж.ж. аралығы. Жетекшісі: Мырзалиев Б.С.

Инновациялық даму жағдайында ОҚО еңбек ресурстарының сапасын артуына мүмкіндік беретін ұсыныстарды дайындау атты жоба. Мерзімі 01.04.2015-30.09.2017ж.ж. Жетекшісі: Ыдырыс С.С.

Қазан айының 5-жұлдызында университет деңгейінде жаңадан қалданған білімгерлерді студент қатарына қабылдау рәсімі өткізіліп, Жоғары мектепке 87 студент студенттік билет алып, студент өмірге қадам басты.
Сонымен қатар «Экономика» бағдарламасының э.ғ.к., аға оқытушы Р.Тажибаева эдвайзерлік тобына «Суицидтен сақтану және алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие сағатын өткізді.  «Экономика» бағдарламасының жетекшісі PhD Л.Тайжанов жастар арасында суицит мәселесі  өте өзекті екенін атап өз пікірін ортаға салды. Кафедра оқытушылары Э.Алимкулова және Қ.Утаров өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған осы шараның маңыздылығына ерекше тоқтап суицит туралы өз пікірлерімен бөлісті.  Топ студенттері де өзіне-өзі қол салу туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Жоғары мектеп халықаралық ынтымақтастық жұмыстары аясында Түркияның Гази университетімен, Акдениз университетімен, Хаджеттепе университетімен, Ататүрік университетімен, Эржиес университетімен және Назарбаев университетімен тығыс байланыста. Бүгінгі таңда академиялық ұтқырлық аясында Түркия Республикасының Сакария университетінде 1 студент бір семестр білім алуға жіберілді. Оқытушылар Д.Келесбаев, Мевлана бағдарламасы аясында Түркия Республикасының жоғары оқу орындарына барып екі апта дәріс жүргізіп қайтты. Д.Келесбаев  Ұлыбританияда біліктілік жетілдіру курсынан өтті.

Жоғары мектепте оқу мен спортты қатар алып жүрген спортшы студенттеріміз аз емес. Соның бірі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс студенті Әбен Дариға еркін күрестен ҚР спорт шебері
— Талдықорған қаласында өткен ҚР Чемпионатында III орын иеленді (22-23.04.2016)
— РФ Якутияда өткен VI Азия балалар ойындары II орын иеленді (5-17.07.2016)
— Өзбекстан Республикасында өткен Халықаралық жарыста II орын иеленді (16-20.11.2016)
Қазан айының 2017 жылдың 23-26 жұлдызында Түркия Республикасында еркін күрестен студенттер арасында өткен Әлем чемпионатында 5В051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенті Аширов Мейіржан қатысып I-орынды иеленіп Түркия төрінде Қазақстанның көк туын желбіретіп қайтты.