Жаратылыстану факультеті

Жаратылыстану факультетінде 31 білім беру бағдарламасы бойынша 1042 білімгер оқиды. Маман дайындаумен факультеттің 4 (Математика, Физика, Биология, Экология және химия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады. Студенттер үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, спорт кешені, компьютер кабинеттері жұмыс істейді.

Факультетте оқытушы-профессорлар жаңа заман талабына сай мамандар даярлап, халықаралық деңгейдегі білім беру үшін педагогикалық иновациялық технологияларды қолданып, аянбай еңбек етуде. Жаратылыстану факультетінде 8 ғылым докторлары, 12 РhD доктор, 33 ғылым кандидаты өз білімдерін студенттерге беруде тынымсыз еңбек етуде, яғни ғылыми дәрежелі оқытушы-профессорлар 74% құрайды.

1-курс

2-курс

3-курс

4-курс

Бакалавр

Магистратура және докторантура

31
Білім беру бағдарламасы
1042
Білімгер
57
Жұмыспен қамтылған
72
ОПҚ

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • Математикалық физиканың классикалық емес есептерін шешудің аналитикалық және сандық әдістері;
  • Қатты денелер физикасы және олардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу;
  • Техногендік факторлар мен Жібек Жолы бойындағы тарихи-сәулеттік ескерткіштердің қауіпсіздігі арасындағы өзара байланысты, қоныстану аймақтарды, Сырдария-Қаратау өңірі флорасы мен фаунасын және басқа да стратегиялық объектілерді кешенді мониторинг негізінде бағалау және оларды қорғау іс-шараларын жүргізу, жаңа биопрепараттар дайындау үшін жаңа сіңірілу «жасыл технологияларын» әзірлеу;
  • Өндірістік қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарды залалсыздандыру, зарарсыздандыру және кәдеге жаратудың инновациялық технологияларын жасау мен ендіру және тауарлы өнімдерді алу;
  • Жаңа әлеуметтік-экономикалық даму жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруымен «Математика» кафедрасының профессоры Б.Х.Турметов «Эллипстік теңдеулер және оның бөлшек ретті аналогтары үшін классикалық және классикалық емес есептерді шешу әдістерін құру» (10 млн. тг.), «Экология және химия» кафедрасының профессор міндетін атқарушысы А.Құрбаниязов «Аридті климаттағы ағынсыз көлдердің экожүйелерінің жағдайы мен оларды арал теңізінің қалдықты су қоймаларының мысалында шаруашылықта қолданудың мүмкіндіктері» (6 млн.тг.), «Математика» кафедрасының профессор м.а. М.Сұлтанов «Бөлшек дәрежелі эллипстік операторлардың математикалық модельдері үшін сызықтық емес кері есептерді шешудің сандық әдістері мен параллельді алгоритмдерінің гравиметрикадағы қолданыстары» (7 млн. тг.),  «Математика» кафедрасының профессор м.а. Б.Калимбетов «Сингуляр  ауытқыған теңдеулерде контраст құрылымдары және олардың фазалық өтеулерде қолданылуы» (7 млн. тг.) тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде.

Кәсіби дамуды жетілдіру, қолданбалы білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, жалпытүркілік рухы биік, Отанын сүйетін, иновациялық құрылымға бейім тұлға дайындау мақсатында тәрбие іс-шаралары атқарылуда.

Әрбір тәлімгер топ студенттерімен қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы керектігі, киім киюі туралы әр тәрбие сағатында айтып отырады. Факультет тарапынан өткізілген іс шараларға студенттер қатысып отырды.

2019-2020 оқу жылында қоғамдық жұмыстар бойынша 13, адамгершілік – рухани тәрбие бойынша 6, салауатты өмір салты бойынша 3, эстетикалық тәрбие бойынша 3, экологиялық тәрбие бойынша 3, ұлттық – рухани және патриоттық тәрбие бойынша 6, құқықтық тәрбие бойынша 6, жалпы 40 іс-шара жоспарланған.

2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлықпен кеткен студенттер:

Студенттің аты – жөні Мамандығы Курсы Келген университеті
1 Шалхар Айнұр Әмірханқызы 5В060100-Математика 4 Лодз университеті, Польша, 01.10.2018-17.02.2019
2 Мухаммедов Шодиер Аслиддинович 5В011000- Физика 2 Лодз университеті, Польша, 01.10.2018-17.02.2019
3 Аманжолова Гүлім Асқарқызы 5В060700-Биология 3 Лодз университеті, Польша, 01.10.2018-17.02.2019
4 Ахмет Рашида Акбарқызы 5В060700-Биология 3 Лодз университеті, Польша, 01.10.2018-17.02.2019
5 Сариев Нурбол Омонгелдиулы 5В060700-Биология 3 Лодз университеті, Польша, 01.10.2018-17.02.2019

Визитинг-профессор бағдарламасы бойынша келген профессорлар:

Аты-жөні Келген жері Қай мамандыққа Мерзімі
1 Шазие Абдурахманоглу Түркия, Мармара университеті 5В011200/6М060600-Химия 12.12.2018-26.12.18ж

Жаратылыстану факультетінің студенттері Республикалық пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті:

Білімгерлер аты-жөні Мамандығы Қала, ЖОО атауы/ Мерзімі Жетекшісі Жетістігі (топтық, жекелей)
1 Манжан Ақжайсан 5В060400- Физика Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті / Наурыз-2019 PhD докторы, доцент м.а. Ш.Ж.Раманкулов Жекелей ІІІ-орын
2 Камбарбеков Сардор 5В060400- Физика Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті / Наурыз-2019 PhD докторы, доцент м.а. Ш.Ж.Раманкулов Жекелей ІІІ-орын
3 Шаяхметов Манас,

Найза Балнұр,

Талғатқызы Алтынгүл

5В060800- Экология Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті / Наурыз-2019 х.ғ.к., доцент м.а. Қ.Т.Сарбаева Топтық ІІІ-орын
4 Монтай Ермұхамед, Әбдікәрім Аяулым,

Еркінбек Сымбат, Өмірзақ Сандуғаш

5В060700-Биология Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті / Наурыз-2019 Техн.ғ.к Аймбетова И.О. Топтық ІІІ-орын
5 Ержігіт Махаббат, Жақсыбай Назерке 5В011300- Биология Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті / Сәуір-2019 Техн.ғ.к Исаев.Ғ.И. Топтық ІІ-орын
6 Набиоллин Дәулетхан 5В011600 – География Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті / Сәуір -2019 Абдрасилов А.А. Жекелей ІІ-орын
7 Абдукамалов Шахзод 5В011200 – Химия Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекттік университеті/ Сәуір-2019 Техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н. Жекелей ІІ-орын
8 Абдукамалов Шахзод Даулетұлы,

Әсетіллә Нұрлан Мұсахметұлы,

Қалжан Нұрлыхан Ағатайұлы

5В011200 – Химия Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекттік университеті/ Сәуір-2019 Техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н. Топтық ІІ-орын