Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы

Х.ғ.к. профессор м.а., кафедра меңгерушісі

Экология және химия кафедрасы

 «Экология және химия» кафедрасы 2007 жылы Сенат мәжілісінің №5 шешімі негізінде «Жалпы химия және химиялық экология» кафедрасы мен «Өндірістік экология» кафедрасының бірігуі нәтижесінде қайта құрылды.
Кафедраның мақсаты — Халықаралық дәрежедегі білім ордасында қазіргі заманның талабына сай сапалы білім және саналы тәрбие беру, егеменді еліміздің дамуына үлес қосатын  білімді  азамат,  білікті мамандар дайындау.
Кафедарының ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші: 80%, оның ішінде ғылым докторлары – 8%, PhD доктор – 12%, ғылым кандидаттары – 60%. Кафедрада ЖОО үздік оқытушысы атағы бар 6 үздік оқытушы қызмет атқарады: х.ғ.к., доцент Алтынбекова М.О., техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Мейірбеков Ә.Т. (2009), х.ғ.к., доцент Дәрібаев Ж.Е. (2011), техн.ғ.д., профессор Ақбасова А.Ж. (2012), х.ғ.к., профессор м.а. Нұрділлаева Р.Н. (2013), техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н. (2016). Сонымен қатар «Экология және химия» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Р. Н. Нұрділлаева ҚР Президентінің «Болашақ»  степендиясының иегері атанып, Ньюкасл университетінде (Newcastle University, Ұлыбритания) 01.02.2017 ж. — 31.07.2017 ж. аралығында «Химия» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.
Кафедрада 4 бакалавр, 2 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.
ҚР БСҚА 2017 жылғы рейтингісінде 5B011200 – Химия мамандығы – 1-ші орын иеленді.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 26. Оның ішінде 2 ЖАК ғылым докторы, 8 ЖАК доценті, 7 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы, 5 ғылым магистрі қызмет атқарады.

Кафедраның білікті және тәжірибелі ОПҚ 5B011200-Химия, 5B060800-Экология, 5B073100-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 5В011600-География, 6M060600-Химия, 6M060800-Экология мамандықтары бойынша дәріс, лабораториялық және практикалық сабақтарды жүргізеді.

Білімгерлер талапқа сай, қажетті құралдармен жабдықталған оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында, дәріс аудиторияларында ҚР БҒМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес химиялық және экологиялық пәндерден дәріс алады.

Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орынға ие болған студенттер:

  1. Жұмабай Б.Ж., Төлеш  Ж.Н., Пернебай С.Ә — 5В060800 Экология мамандығы бойынша  командалық есепте  2-ші орын (Алматы, жетекші Сарбаева Қ.Т)
  2. Ергеш А – 5В011600 География мамандығы бойынша  2-ші орын (Қарағанды, жетекші Тасболат Б.Т)
  3. Қалдыбекова А – 5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауыпсіздігі  мамандығы бойынша 3-ші орын (Шымкент, жетекші  Мейірбеков Ә.Т)

Экология және химия кафедрасында ОПҚ жетекшілігімен 3 ғылыми жоба жүргізілген: х.ғ.к., профессор м.а. Р.Н.Нұрділлаеваның: №530718-Темпус-1-2012-1-UK-TEMPUS-JPCR «Интегрированное управление водооборотом: повышение способности, квалификации и влияния в образовании и бизнесе»; т.ғ.к. Д.Сунақбаеваның:«Ауылшаруашылық және өнеркәсіптік қалдықтарынан баламалы энергия (биогаз) мен биотыңайтқыш алудың экономикалық тиімді технологиясын жасау»; г.ғ.к. А.К.Құрбаниязовтың: Эволюция физических, химических и биологических систем Аральского моря в процессе его дегредации.Импакт-факторы бар рейтингтіжурналдардажарияланғанмақалалар саны -8. Индекс Хирши бойынша көрсеткіші бар ОПҚ: техн.ғ.д., профессор А.Ж.Ақбасова, г.ғ.д. А.К.Құрбаниязов, доктор PhD Н.Ә.Әбдімүтәліп, доктор PhD Г.Б.Тойчибекова.

2015-2016 және 2016-2017 оқу жылының көрсеткіштері бойынша оқытушы-профессорлар құрамы мен кафедра, факультеттердің кәсіби рейтинг нәтижелеріне сәйкес бір реттік марапаттау бойынша х.ғ.к., профессор м.а. Р.Н.Нұрділлаеваның жетекшілігімен Экология және химия кафедрасы екінші орынға және 12 оқытушы қаржылай сыйақыға ие болды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша Республикалық және Халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер саны: 1-ші орын – 5 студент, 2-ші орын – 3 студент, 3-ші орын – 2 студент.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болған студенттер тізімі:

  1. Назар Е. – 5В060800-Экология мамандығы бойынша VІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ «ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА» 1-ші орын (Алматы, жетекші доктор PhD Н.Ә.Әбдімүтәліп).
  2. Курбанов У. –6М060600-Химия мамандығы бойынша «Студенческий научный форум 2016» 3-ші орын (Москва, жетекші проф. Тұртабаев С.Қ.).
  3. Мәмбетова М. – 6М060800 –Экология мамандығыбойынша «Инновациялықжобаларбайқауы» 2-ші орын (Түркістан, жетекші проф. Ақбасова А.Ж.)
  4. Қалдыбекова А. — 5В073100 – ҚоршағанортанықорғаужәнеөміртіршілігініңқауіпсіздігімамандығыVІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ «ЖАСЫЛ КӨПІР ҰРПАҚТАН-ҰРПАҚҚА»3-шіорын(Алматы, жетекшіӘбдімүтәліп Н.)
  5. Мырзашқызы Г. — 5В060800 – Экология мамандығыбойынша «Зеленый мост» 1-ші орын (Алматы, жетекшіАбдраимова Қ.)
  6. Исмаилова З. — 5В060800 – Экологиямамандығыбойынша «ІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» 2-ші орынғаиеболды (Алматы, жетекшідоктор PhD Г.Б.Тойчибекова).
  7. Мақсұт М. — 5В060800 – Экология мамандығыбойынша «Зеленый мост» 3-ші орынғаиеболды (Алматы, жетекшіШалабаева Г.)

Шайахметов М. — 5В060800 – Экология мамандығыбойынша «Зеленый мост» 3-ші орынғаиеболды (Алматы, жетекшіШалабаева Г.)

Экология және химия кафедрасында «GREEN GROWTH» және «ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР» студенттік ұйымдары жұмыс атқарады. Студенттер мен жас ғалымдар ғылыми жұмыстар талаптарына сәйкес, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, жоғары көрсеткіштерге  ие болуда.

Кафедраға студенттері факультет, университет және қала көлеміндегі өтіп тұратын барлық мәдени-тәрбиелік маңызы бар іс-шараларға қатысып тұрады.

5В011200 — Химия мамандығының студенттеріне оқытушылар М.О. Алтынбекова, Г.Н. Жылысбаеваның жетекшілігімен ұстаздар күніне арналған «Ұстаз — ұлы тұлға!» атты ашық тәрбие сағаты, 5В060800 — Экология мамандығының студенттеріне оқытушы Қ.Т. Абдраимованың жетекшілігімен «Қызым-үйде, қылығы түзде» атты ашық тәрбие сағаты және 5В011600 — География мамандықтарының  студенттеріне оқытушы А. Абдрасиловтың жетекшілігімен «Білімді де білікті маман ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді.