6М060600-Химия

БІЛІКТІЛІГІ      Химия мамандығының ғылым магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Химияның концептуалды жүйелерін және олардың даму заңдылықтарын, негізгі заңдар мен теорияларын игеруді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде ғылыми-педагогикалық және арнайы сипаттағы кәсіби білім, дағды және білікті маман қалыптастыру;
  • Қазіргі заманғы химияның мәселелік сұрақтарын іргелі химиялық пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру;
  • Өзіндік оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық іс әрекеттерін стимулдеу;
  • Ғылыми-зерттеушілік дағдыға ие және ғылыми жұмыстарды жоспарлауға, орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілеті жоғары білікті мамандарды даярлау;
  • Ғылыми зерттеулерде ақпаратты жинақтау мен өңдеу, ғылыми зерттеулердің компьютерлендіру негіздерін және қажетті деңгейде активті және пассивті шет тілі лексикасын меңгереді.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Ғылыми қорытындыларын логикалық негіздеуді, алынған тәжірибелік материалды қорытындылауды, мақалалар мен тезистер, рефераттар және іс қағаздарын дайындау жолдарын үйрету;
  • Іргелі химиялық пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып проблемалық мәселелерді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Магистрант  химиядағы негізгі заңдар мен теориялардың философиялық сұрақтарын, бейорганикалық және органикалық заттардың стереохимиясы туралы қазіргі заманның түсініктерін талдауды игереді;
  • ҚР мен шет елдерде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен қаржыландырудың қазіргі заманғы жүйесі, ғылыми нәтижелерді баяндау мен жазудың жалпы талаптары  жайлы  мағлұмат жинақтайды;
  • Ғылыми зерттеулердің информатикасы мен компьютерлендіру негіздерін бағалайды.

Қолдана білуі:

  • Химиялық процестердің термодинамикалық және кинетикалық параметрлерін есептеуді, реакциялардың механизмін болжауды, заттарды анализдеудің тиімді аналитикалық әдістерін кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • Жаңа зерттеу әдістерін қолдануға, ғылыми эксперименттер өткізуге, орындалған жұмыстың нәтижелерін бағалай білуге қабілетті болуы керек;
  • Ғылымның дамуына және құбылмалы әлеуметтік тәжірибе жағдайында жинақталған тәжірибені қайта бағалауға, өз мүмкіншілігін талдауға, қазіргі заман технологиясын қолдану арқылы жаңа білім алуға қабілетті, ғылыми зерттеулерді жобалап, өз бетінше жүзеге асыра алуы тиіс.

Біліктілігі:

  • Шет тілдерін меңгере отырып, ғылым тарихы мен философия сұрақтарын да және химия саласындағы  прогрессивті технологияларды жедел меңгеруі тиіс;
  • Өзінің авторлық және аралас құқықтарын қорғауды, мүмкін болатын өнертапқыштыққа өтініш жасай білуі керек.

Құзіреттілігі:

  • Болашақ химия мамандығы магистрінің маманданған құзыреттілігі ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес профильді жоғары оқу орындары, химиялық өндіріс саласындағы мемлекеттік басқару органдарының және тағы да басқа жұмыс берушілердің  талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

БАЗАЛЫҚ ПӘНДЕР МОДУЛЬДЕРІ

Кәсіби міндетті модулі

  • Физикалық химияның теориясы мен мәселелері
  • Ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Фундаментальды химия негіздері

Модуль – Бейорганикалық заттар технологиясы 

Бейорганикалық химияның таңдаулы тараулары

Аналитикалық химияның таңдаулы тараулары 

Модуль – Органикалық химия және электрохимия

Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

Электрохимиялық процестердің термодинамикасы мен кинетикасы

ЖБТ2 Химиялық заттарды синтездеу тәсілдері

Модуль – Нанотехнология және катализ заңдылықтары

Наноқұрылымдық жүйелердің химиясы

Қазіргі заманғы катализдің теориялық аспектілері 

Модуль – Сирек металдар шикізаттары және полимерлер химиясы

Сирек  металды шикізаттарды талдаудың қазіргі әдістері

Полимерлік композиттер химиясының өзекті мәселелері.

Бейіндеуші пәндер модулі

Кәсіби элективті модулі

Бейорганикалық реакциялардың механизмдері

Химияны оқытудың инновациялық тәсілдері

Мұнай химиясының қазіргі кездегі мәселелері

Қоршаған орта химиясының қазіргі кездегі мәселелері

Наноқұрылымды материалдар технологиясы және синтезі

Қазіргі заманғы экспериментальды термодинамиканың негіздері

Жоғары молекулалы қосылыстардың заманауи мәселелері

Қазіргі заманғы каталитикалық органикалық синтездер

Арнайы талдау әдістері

Элементтердің жалпы қасиеттері

Органикалық химиядағы көп сатылы синтездерді жоспарлау

Биохимияның арнаулы тақырыптары

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1- курста Экология және химия кафедрасының ғылыми зерттеу лабораторияларында өтетін «Зерттеулік тәжірибесі» — 6апта;

2-курстарда  Экология және химия кафедрасында өтетін «Педагогикалық тәжірибе» — 3апта;

2- курста Экология және химия кафедрасының ғылыми зерттеу лабораторияларында, Республикалық ҒЗИ өтетін «Зерттеулік тәжірибесі» — 6 апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Д.ИВ.Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты»
  • Кипр университеті
  • Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет
  • Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Гази университеті, Түркия
  • Мугла университеті, Түркия
  • Валенсия техникалық унисерситеті, Испания

Қысқа мәлімет

Мамандығы 

Химия

Мамандық шифры

6М060600

Факультеті

Жаратылыстану

Оқу деңгейлері

Жоғары білімнен кейінгі білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

бейіндік пәндер

Өту балы:

150 балл:

1-ші емтихан: ағылшын тілі — өту балы – 50;

2-ші емтихан: мамандық бойынша.

Екі емтихан нәтижесі кем дегенде 150 балды құрайды.

Оқу ақысы

646 300