Султанов Мурат Абдукадырович
ф.-м.ғ.к. профессор м.а., кафедра меңгерушісі

Математика кафедрасы

Кафедра математика саласынан іргелі білімге ие, жан-жақты дамыған, қабілеті жоғары,  іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. Кафедра негізі 1991 жылы  «Жоғарғы математика» кафедрасы болып қаланды. 1999 жылы кафедраның аты «Математика» болып өзгертілді. Кафедраның ғылыми дәрежелілер пайыздық көрсеткіші – 71%. Бүгінде кафедрада Аккредитация және рейтинг тәуелсіз агенттігі жүргізген 2016 жылғы ҚР ЖОО оқытушы-профессор құрамының рейтинг нәтижесі бойынша «ТОР-50»  ғалымдар тізіміне енген  профессор Б.Х.Турметов  қызмет етеді.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі ұйымдастырған Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының 2017 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша 5В010900-Математика мамандығы ІI орынды.
Кафедрада 5В010900-Математика мамандығында оқитын білімгерлер 2017 жылы Республикалық ЖОО ғылыми зерттеу жұмыстары байқауында Ерназар А.С., Әлібек Т.Ә. марапатталды.
Кафедра қазіргі таңда 2 бакалавр, 2 магистратура және 2 доктор PhD мамандықтарын дайындайды.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 16. Оның ішінде 3 ЖАК професорлары, ғылым докторы, 3 ЖАК доценті, 7 ғылым кандидаты, 7 аға оқытушы қызмет атқарады. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және элективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы математикалық білімінің соңғы жетiстiктерiне жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша аралық бақылау, СӨЖ тапсырмалары, емтихан билеттерi, тест сұрақтары мен сапасы кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген және ОБСӨЖ ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

Кафедраның ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші – 80%. Республикалық ғылыми конкурстарға ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде студенттер Ә.Базар  (жетекшісі  ф.-м.ғ.д., профессор Б.Турметов) І орын, Ш.Алимханов  (жетекшісі  ф.-м.ғ.д., профессор Б.Турметов) ІІІ орын, С.Мамурова  (жетекшісі  ф.-м.ғ.д., профессор Б.Турметов) ІІІ орын, Д.Қарабаева  (жетекшісі ф.-м.ғ.к., профессор мін.ат. М.Султанов) ІІІ орынды иеленіп, ҚР БжҒ министрлігінің  дипломымен марапатталды.

Научный потенциал кафедры составляет 80%. На Республиканских научных конкурсах наши студенты занимают призовые места: А.Базар  (руководитель доктор физико-математических наук, профессор Б.Турметов) — первое место, Ш.Алимханов (руководитель доктор физико-математических наук, профессор Б.Турметов) — третье место, С.Мамурова  (руководитель доктор физико-математических наук, профессор Б.Турметов) — третье место, Д.Карабаева  (руководитель кандидат физико-математических наук, профессор М.Султанов) — третье место, и были награждены дипломами МОН РК.