6D010900-Математика

Біліктілігі:  Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Жаһандану мен интернацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын меңгеру;
  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін меңгеруі;
  • Халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты іске асыру үшін шет тілдерді жетік меңгеруі;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын меңгеру;
  • жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын үйрету;
  •  ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасау;
  • зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
  • белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізу.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Математика саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • Оқу және ғылыми мақсаттарда математикалық зерттеулер жүргізуге  қажетті жаңа  ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
  • Кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық  негізде даму переспективасын болжай алады.

Қолдана білуі:

  • өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
  • озық математикалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.
  • физикалық және технологиялық үдерістердің математикалық модельдері үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады.

Біліктілігі:

  • кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы , оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды.
  • математиктің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.

Құзіреттілігі:

  • Математика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзыретті.

Мемлекеттік міндетті молуль

  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы 

Бейіндеуші пәндер модулі

 Кәсіби элективті модулі

  • Математиканы оқыту мен ғылыми зерттеуде ақпараттық технологияларды қолданудың әдістері
  • Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және математика саласында оқыту әдістемесі және тәрбиелеу
  • Геометрия курсын оқыту әдістемесі
  • Математика тарихын оқыту әдістемесі
  • Ғылыми жазба
  • Теориялық және қолданбалы математиканың актуальды мәселелері
  • Математикалық физика теңдеулері теориясының қосымша тараулары
  • Интегро-дифференциалдық теңдеулерді шешудің арнайы әдістері
  • Кәсіби тәжірибе
  • Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
  • 1-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Педагогикалық тәжірибе» — 3 апта, «Зерттеушілік тәжірибе» — 6 апта;

Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
  • Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фундаменталдық математика» кафедрасы
  • Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті «Алгебра» кафедрасы
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университет
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика институты Дифференциалдық теңдеулер лабораториясы
  • ҚР Білім және  ғылым министрлігі Математика және математикалық моделдеу институты
  • М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті «Математикалық физика» кафедрасы
  • Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Математикалық анализ» кафедрасы.

Қысқа мәлімет

Мамандығы 

Математика

Мамандық шифры

6D060100

Факультеті

Жаратылыстану

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

1 100 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

1 500 000 тг.