6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

Біліктілігі:  6D070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша PhD докторы  

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • жалпы білім берудің мақсаттары:
  • Жаһандану мен интернацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын меңгеру;
  • белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін меңгеруі;
  • Халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты іске асыру үшін шет тілдерді жетік меңгеруі.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын меңгеру;
  • жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын үйрету;
  • ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалау, салыстыру және қорытынды жасау;
  • зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
  • белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізу.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • математикалық және компьютерлік модельдеу саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен  дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • оқу және ғылыми мақсаттарда математикалық зерттеулер жүргізуге  қажетті жаңа  ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
  • кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық  негізде даму переспективасын болжай алады.

Қолдана білуі:

  • өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
  • озық математикалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.
  • физикалық және технологиялық үдерістердің математикалық модельдері үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады.

Біліктілігі:

  • кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы , оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды.
  • математиктің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.

 

Құзіреттілігі:

  • математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және  ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзыретті.

Мемлекеттік міндетті молуль

  • Стационарлы емес физикалық процестерді математикалық модельдеу 

Кәсіби элективті модулі

  • Турбуленттілік: модельдер мен әдістері
  • Физикалық химия процесстерін математикалық және компьютерлік пішіндеу
  • Сандық талдау есептеріндегі шекті элементтер әдісі
  • Математикалық физиканың кері есептерін шешудің сандық әдістері
  • Қолданбалы функционалдық талдау
  • Көп фазалы орталар динамикасы
  • Компьютерлік томографияның математикалық негіздері
  • Қисынсыз есептеу есептерін шешудің қазіргі заманғы мәселері
  • Кәсіби-іс тәжірибелерТәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі.1-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Педагогикалық тәжірибе» (3 апта), «Зерттеушілік тәжірибе» (6 апта).

    Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
  • Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фундаменталдық математика» кафедрасы
  • Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті «Алгебра» кафедрасы
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университет
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика институты Дифференциалдық теңдеулер лабораториясы
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика және математикалық моделдеу институты
  • М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті «Математикалық физика» кафедрасы
  • Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Математикалық анализ» кафедрасы.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Математикалық және компьютерлік модельдеу

Мамандық шифры

6D070500

Факультеті

Жаратылыстану

Оқу деңгейлері

Жоғары бiлiмнен кейінгі

Оқу түрі

Күндізгі