6М070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу

Біліктілігі:  Математикалық және компьютерлік  модельдеу мамандығы  бойынша техника  ғылымдары  магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Қазіргі заманғы ақпараттық ағындарды бағдарлау және қарқынды өзгермелі үрдістерді бейімдеу;
  • Кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзіреттіліктерді қалыптастыру;
  • Белгісіздік және тәуекел жағдайда шешім қабылдау және дағдыларын қалыптастыру.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Халықаралық және ұлттық еңбек нарығында кәсіби орнықты және сұранысты магистрлерді дайындау;
  • Математикалық және компьютерлік  модельдеу саласында өзінің зерттеулерін жүргізуге қабілетті магистрлерді дайындау;
  • Кәсіби қызмет саласында ғылыми-зерттеу және өндірістік есептерді шешу үшін кәсіби дағдыларды игере алатын магистрлерді дайындау;
  • Өзінің көзқарасын ғылыми тұрғыда дәлелдейтін және қорғай алатын, өзінің кәсіби қызметіндегі есептерді  заманауи деңгейде өз бетімен шығаруға қабілетті магистрлерді дайындау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Математикалық және компьютерлік модельдеу саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен  дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • Оқу және ғылыми мақсаттарда математикалық зерттеулер жүргізуге  қажетті жаңа  ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
  • Кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық  негізде даму переспективасын болжай алады.

Қолдана білуі:

  • Өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
  • Озық математикалық тәжірибелерді зерделеп, меңгереді;
  • Физикалық және технологиялық үдерістердің математикалық модельдері үшін қажетті білім жүйесін қалыптастырады.

Біліктілігі:

  • Кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы, оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды.
  • Математиктің белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.

Құзіреттілігі:

  • Математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және  ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзіретті.

Мемлекеттік міндетті молуль

  • Ғылым тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі
  • Психология
  • Педагогика

 Бейіндеуші пәндер модулі

 Кәсіби міндетті модулі

  • Математикалық пішіндеудің қазіргі заманға сай әдістері
  • Физикадағы пішіндеу

 Кәсіби элективті модулі

  • Қисынсыз және кері есептер теориясы IІ
  • Көп фазалы орталардың қозғалысын есептеу теориясы
  • Сызықты емес шекара есептерді сандық шешу
  • Есептеу диагностикасы есептерінде қолданбалы математикалық жүйелердің (Matlab, MAPLE) қолданылуы
  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Замануи параллельді программалау
  • Наноқұрылымдар мен нанопроцестерді математикалық модельдеу
  • Жоғары өнімді есептеу жүйелерін пайдаланып тұтас орта механикасында сандық модельдеу
  • Математикалық физикадағы геометриялық және есептеу әдістері
  • Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясының қосымша тараулары
  • Математикалық экономика
  • Компьютерлік геометрия

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1  Жаратылыстану ғылымдарының есептерін  математикалық және компьютерлік модельдеу негіздері

Модуль- Атмосфера және метеорология процестерін математикалық модельдеу

  • Айырымдық сұлбаларының теориясы
  • Атмосфера процестерін және метеорология есептерін математикалық және компьютерлік модельдеу

Модуль- Гидродинамика  есептерін сандық шешу

  • Жоғары өңдеу жүйесінде гидродинамиканың инженерлік есептерін сандық шешу
  • Жылу және салмақ ауысу есептердегі ақырғы элементтер әдісі

ЖБТ2  Стационар емес процестерді модельдеу мен сандық шешу әдістері   

Модуль- Математикалық физикадағы қисынсыз және кері  есептер

  • Математикалық физиканың қосымша тараулары
  • Қисынсыз және кері есептер теориясы I

Модуль- Стационар емес физикалық процесстерді  математикалық және компьютерлік модельдеу

  • Жоғары өнімді есептеу жүйелерінде компьютерлік модельдеу
  • Стационарлы емес сызықты емес физикалық процесстерді математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
  • 1-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Зерттеу тәжірибесі» — 6 апта;
  • 2-курста Математика кафедрасының зертханасында өтетін «Үздіксіз педагогикалық тәжірибе» — 3 апта, «Зерттеу тәжірибесі» — 6 апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?        

  • Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
  • Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Фундаменталдық математика» кафедрасы
  • Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті «Алгебра» кафедрасы
  • М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университет
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі Математика институты Дифференциалдық теңдеулер лабораториясы
  • ҚР Білім және  ғылым министрлігі Математика және математикалық моделдеу институты
  • М.Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті «Математикалық физика» кафедрасы
  • Оңтүстік-Орал мемлекеттік университеті, «Математикалық анализ» кафедрасы.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Математикалық және компьютерлік  модельдеу

Мамандық шифры

6М070500

Факультеті

Жаратылыстану

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы  

646 300 тг