Тұрмамбеков Төребай Абдрахманұлы
Ф.м.ғ.д, профессор, кафедра меңгерушісі

Физика кафедрасы

Физика кафедрасы – ХХІ ғасыр талабына сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары дамыған, физика ғылымын терең меңгерген және іс жүзінде теориялық білімдерін қолдана алатын, өз ісінің шебері, кәсіби маман даярлайтын университетіміздің құрылымы болып табылады.
Кафедраның мақсаты- халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығы сұранысына жауап беретін білімді студенттердің белсенді меңгеруіне жағдайлар жасау және өнімді – сапалы негізде оқу үрдісін ұйымдастыру.
«Физика» кафедрасының негізі 2004 жылы наурыздың 1-ші жұлдызында қаланды.
Кафедраның ғылыми дәрежесінің пайыздық көрсеткіші – 67 % құрайды. 2013 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне ф.-м.ғ.д., профессор Т.А.Тұрмамбеков тағайындалды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері:
1. « ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2009» — тех.ғ.к., аға оқытушы Шалбаев Бақытжан
2. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2010» — ф.-м.ғ.д., профессор Бахтибаев Абдухаир
3. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2011» — п.ғ.д., доцент Байзак Усен
4. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2017» — «Физика» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Абдрахманұлы
5. «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2017» — п.ғ.к., доцент м.а. Сарыбаева Әлия Хожанқызы.
«Физика» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды:
бакалавриат:
• 6М015- Жаратылыстану пәндері  бойынша мұғалімдер даярлау (Физика)
• 6М053- Физикалық және химиялық ғылымдар» (Физика),
магистратура :
•7М015 Жаратылыстану пәндері  бойынша мұғалімдер даярлау (Физика)
• 7М053- Физикалық және химиялық ғылымдар (Физика),
докторантура:
• 8D015-Физика білім беру бағыты бойынша философия докторы (PhD).
Кафедрада жаңа инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолданып, сабақ өткізу үшін заман талабына сай жабдықталған кабинеттер мен оқу және ғылыми-зерттеу лабораториялары жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы базалық және кәсіптік пәндер бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 15. Оның ішінде, физика және математика мамандықтары бойынша 1- ғылым докторлары, профессорлар, 5-ғылым кандидаттары, доценттер, 4- phD докторант, 5- оқытушы.

Аталған білім беру бағдарламаларының міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және элективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы білім, физика ғылымы мен техниканың соңғы жетiстiктерiне жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi бар, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

 2018-2019 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орынға ие болған студенттер:

Манжан Ақжайсан — 5В060400 Физика мамандығы бойынша ІІІ орын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы (Алматы, жетекші доцент м.а., PhD Ш.Ж.Раманкулов)

Камбарбеков Сардор —5В060400 Физика мамандығы бойынша ІІІ орын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы (Алматы, жетекші доцент м.а., PhD Ш.Ж.Раманкулов)

Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда Өнербек Ержанат Өнербекұлы ІІІ-ші орын алғаны үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2019 ж. Ғылыми жетекші- Құрмантаев Әбіл Нархалович.

Жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда Алиев Нурасыл Жаналыұлы  ІІІ-ші орын алғаны үшін марапатталды. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, 2019 ж. Ғылыми жетекші- Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич.

Кафедраның ғылыми дәрежесінің пайыздық көрсеткіші — 67 %. Кафедрада ай сайын оқытушылар бекітілген бағыттар аясында қазіргі ғылым жетістіктері бойынша ғылыми семинарда баяндама жасайды.

Импакт- факторы бар рейтингті журналдарда жарияланған мақалалар саны- 28. Кафедрада жұмыс атқаратын барлық ОПҚ Scopus, Web of Science журналдарында мақалалары жарық көрген.

Профессор-оқытушылар құрамының баспадан шығарылған оқулықтары, оқу құралдары және оқу-әдістемелік нұсқауларының көлемі:

  1. х.ғ.к.аға оқытушы Түйебаев М.Қ. Тұлға бойына кәсіби құзыреттілік қалыптастыру және оның маңыздылығы. Оқу құралы. Маусым 2019ж,Университет ОӘК ұсынылды.
  2. П.ғ.к., доцент Сарыбаева Ә.Х., Серікқызы А. Механика курсынан функционалды сауаттылық тапсырмалары. Оқу құралы. 28.12.2018ж,№5 Сенат.
  3. П.ғ.к., доцент Сарыбаева Ә.Х. Механика курсы. Оқу құралы.26.10.2018ж,№4 Сенат
  4. Сейтов Б., Құрбанбеков Б., Шектібаев Н.,Абдуманапов Ө.Тұрмамбеков Т.А. Жартылай өткізгіштер. Оқу құралы. Маусым 2019ж,Университет ОӘК ұсынылды.
  5. Тұрмамбеков Т.А.,Сарыбаева Ә.Х.,Батырбекова А.Ж. Молекулалық физика курсынан зертханалық жұмыстар. Оқу құралы. 22.06.2018ж, №6 Сенат.

 

Студенттердің кезекті  ХХVІІ ғылыми-теориялық конференциясы «Физика» секциясы бойынша 2018 ж. желтоқсанның 04-06 аралығында бас ғимараттың 3-307 дәрісханасында өткізілді. Секция жетекшісі: Ф.-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Т.А.

«Физика» секциясында 28 баяндама жоспарланып, баяндама жасалынды. Баяндамалар қазақ, ағылшын тілдерінде қорғалды.

Баяндамалар заман талабына сай зерттеулер жасалынып, нәтижелері алынды. Жалпы баяндамалар 2 бағыт бойынша бөлінді:

1.Ғылыми физика зерттеулері;

2.Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесі.

Конференцияда секция жетекшілері, «Физика» кафедрасының профессор-оқытушылары және осы мамандықтың студенттері мен магистранттары баяндамашылардың ғылыми баяндамасын тыңдап, сұрақтар қойып, пікір алысу жоғары деңгейде көрінді. Жасалған баяндамаларды терең зерттеп, конференцияға қатысушылар негізінен төмендегі жұмыстарға жоғары баға беріп, оларды марапаттауға ұсынылды.

І – орын «Мектеп физика курсын жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы негізінде оқытуды ұйымдастыру әдістемесі» жұмысының авторы 5В011000-Физика мамандығының 4 курс студенті  Жарилкасимова Салтанат Алимовна, ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент м.а. Ә.Х.Сарыбаева

ІІ – орын  «Fe-Mn-Si қорпалардағы γ – ε – мартенсит құрылымның қалыптасу заңдылығы мен демпферлік қасиетін зерттеу  »  жұмысының авторы 5В060400-Физика мамандығының 4 курс студенті Бөртай Әбдікәрім Аңдасұлы, ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.д., профессор Т.А.Тұрмамбеков.

ІІ – орын        «Кремний карбиді қабыршақтарын иондық-плазмалық әдістерімен зерттеу» жұмысының авторы 5В060400-Физика мамандығының 4 курс студенті Атаханова Гулбахор Каримжанқызы, ғылыми жетекшісі PhD аға оқытушы Сейтов Бекболат Жуманович.

ІІІ – орын  «Күн энергиясын  пайдалану» жұмысының авторы, 5В060400-Физика мамандығының 4 курс студенті Өнербек Ержанат Өнербекұлы, ғылыми жетекшісі х.ғ.к., Доцент м.а. Курмантаев Абил Нархалович.

ІІІ – орын      «Нуклондар мен иондардың жеңіл ядролармен әсерлесу реакцияларын зерттеу» жұмысының авторы  5В060400-Физика мамандығының 4 курс студенті Аубакир Аллаберген Батыржанұлы, ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., аға оқытушы Бекбаев Саттарбек Махатович

ІІІ – орын      «Кремнийлік күн батареяларын және фотоэлектрлік қондырғыларды дайындаудың заманауи технологиясын зерттеу» жұмысының авторы 5В060400-Физика мамандығының 4 курс студенті Алиев Нурасыл Жаналыұлы, ғылыми жетекшісі: PhD доцент м.а. Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич.

2018-2019ж  оқу жылында біліктілігін жетілдіру бойынша оқытушылар біліктілік сертификаттарын алды. Атап өтсек, Абдуманапов Умирзак Жаппарович, Бекбаев Саттар Махатович, Б.А.Құрбанбеков, Н.Ә.Шектібаев, Б.Сейтов ҚР Ғылым және Білім интеграциясы институты, Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктері: «Дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында біліктілік арттырды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Педагогикалық мамандықтар бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында критериалды бағалауды сабақтарда қолдану әдістері» біліктерін Ә.Х.Сарыбаева, М.О.Беркимбаев, Ш.Ж.Раманкулов, М.Қ.Түйебаев, Ә.Н.Құрмантаев жоғарлатты.
Оқытушы Раманкулов Ш.,аға куратор Шектібаев Н.Ә. және кафедра мүшелерінің ұйымдастыруымен  ЖФЗ-511, ЖФИ-511, ЖФИ-511Ғ тобы студенттері бастамасымен қазан айында «Физикалық кеш» тақырыбында І-ІV курс студенттер арасында кеш ұйымдастырылды. Студенттердің арасындағы ынтымақтастық пен бірлікке шақыру мақсатында ұйымдастырылған бұл кешке кафедраның барлық оқытушылары қатысты, 1 курс студенттерін алғашқы қадамдарымен құттықтады. «Физика» кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен студенттік (№1 ұлдар және №2 қыздар жатақханасында №3 жатақханада) жатақханаларда «дөңгелек стол» түрінде кездесулер өткізіледі, жатақханалардағы студенттердің жағдайымен танысып отырады.
Кафедрада өтілген тәрбие сағаттары:
Ұстазы бардың – ұстамы бар
«Ұстаз – ұлы тұлға»
15 қараша – Ұлттық валюта теңге күні
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ
Тәрбие-отбасынан басталады.
Эстетикалық және рухани сұлулық тәрбиесі
«16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  күні».
Киелі Түркістан – тұған қалам тақырыбында баяндама жасалды
««Жаңа жыл» мерекесі»

Напишите свой вопрос

 

×