5В011000-Физика

БІЛІКТІЛІГІ

5В011000-Физика мамандығының білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Барлық деңгейдегі тұтынушыларға сапалы білім беру негізінде заманауи педагогика аймағындағы жалпымәдени мен кәсіптік құзіреттілікті меңгерген, білім саласында сәтті жұмыс атқаратын кәсіби мамандарды дайындау;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • жалпымәдени мен кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыру;
  • жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • қазіргі ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
  • ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі орыс және шетел тілдерін меңгерту;
  • кәсіби білімнің іргетасы ретіндегі психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету;
  • мамандық шеңберіндегі кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

5В011000 — «Физика»  мамандығы білім бакалавры Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқығы туралы» және басқа да білім беруге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді, педагогика мен психологияның негіздерін білуі керек. Білім беру мекемелерінде физик-педагог маман ретінде педагогикалық процесті және физикалық эксперименттерді ұйымдастырады, оқу-тәрбие іс-шараларының жоспарларын жасайды, ғылыми жобаларды дайындауға қатысады, оқу жұмыс бағдарламаларын жасап, физика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра меңгеруі қажет.

Қолдана білуі:

5В011000 — «Физика»  мамандығы бойынша оқу бағдарламасын аяқтағаннан соң бітіруші, физика мамандығы бойынша білім бакалавры іргелі білімдерді меңгерген және кең дүниетанымы қалыптасқан, еңбек нарығы мен технология талаптарының өзгерісіне сәйкес бейімделуге қабілетті, командада жұмыс жасай алатын маман болуы қажет.

Біліктілігі:

5В011000 — «Физика» мамандығы бойынша білім бакалавры негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдерге енетін: Қазақстан тарихы, философия, экология және тұрақты даму, басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізгі ережелерін білуі; мемлекеттік және шетел тілдерін тереңдете меңгеруі; басқару құралы ретінде техникалық және жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі; базалық пәндерді оқу барысында: педагогика, психология және адам дамуы, жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі және т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі; кәсіптендіру пәндерін оқу үшін қажетті базалық білімінің болуы; кәсіби пәндерді оқу барысында: физика бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеруі тиіс.

Құзіреттілігі:

— ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;

— физика бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;

— кәсіби білімнің іргетасы ретінде физикалық және арнайы сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру;

— теория мен практиканы ұштастыра отырып педагогикалық бағыттағы  ғылыми-зерттеу жұмыстары  мен кәсіби қызметке даярлауды қалыптастыру.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

Модуль-Математика І және Физика І
• Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
• Математикалық анализ І
• Механика және АСТ
Модуль – Психология және физиология
• Психология және адам дамуы
• Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Модуль –Мектеп педагогикаcы
• Педагогика І
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Модуль – Классикалық физика
• Классикалық механика
• Газдардың кинетикалық теориясы және термодинамика негіздері
Модуль- Физика ІІ
• Тербелістер мен толқындар
• Тұрақты және айнымалы токтар физикасы
Модуль- Физика ІІІ
• Жарық сәулелерінің физикасы
• Электромагниттік теория
• Физика біліміндегі концептуалды өзгерістер
Модуль – Әдістеме және кристаллография
• Физиканы оқыту әдістемесі
• Мектептегі физикалық эксперимент техникасы
• Кристаллография
Модуль – Кванттық физика
• Атом физикасы
• Кванттық механика
• Физикадан есептер шығару әдістемесінің негіздері
Модуль – Физика ІV
Конденсірленген күй физикасы
• Ядролық және элементар бөлшектер физикасы
• Физикалық өлшем бірліктерді есептеу тәсілдері
• Астрономия
Модуль – Физика V
• Тұтас орта физикасы
• Физика тарихы
• Статистикалық және кинетикалық физика

ЖБТ1 Материя физикасы
Модуль – Элементар бөлшектер физикасы
• Ядролық реакциялар
• Металдар физикасы
Модуль – Қатты денелер және жылу физикасы
• Қазіргі қатты денелер физикасының тәсілдері мен проблемалары
• Күн сәулесі және оның қолданбалы бағыттары
• Талшықты оптика

ЖБТ2 Оқыту әдістері
Модуль – Қазіргі заманғы физиканы оқыту әдістері
• Физиканы оқытуда креативті технологияны қолдану әдістері
• Физикадағы инновациялық педагогикалық технологиялар
Модуль – Қолданбалы физика
• Физиканың компьютерлік әдістері
• Қолданбалы физика курсы
• Электроника негіздері

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

5В011000-Физика

В.047 Оқу тәжірибесі І  (3 апта)

В.051 Педагогикалық тәжірибе ІІ (3 апта)

В.050 Педагогикалық тәжірибе I  (2 апта)

В.054 Өндірістік тәжірибе ІII (10 апта)

В.055 Дипломалды тәжірибе  (5 апта)

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  1. №21 жалпы орта мектебі КММ.
  2. №3 Кентау қазақ – түрік дарынды ер балалар лицей – интернаты.
  3. №104 жалпы білім беретін.
  4. «Шорнақ» жалпы орта мектебі.
  5. Абай атындағы жалпы орта мектебі.
  6. Ы.Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта мектеп
  7. Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп
  8. М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектеп
  9. Жаңақорған ауданы № 239 орта мектебі.
  10. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі
  11. Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебі
  12. Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандадырылған дарынды балаларға арналған мектеп – интернаты
  13. №229 Абызтөбе орта мектебі
  14. №14 жалпы орта мектебі
  15. №7 жалпы орта мектебі
  16. №20 жалпы орта мектеді
  17. №9 мектеп – гимназиясы
  18. Түркістан «Дарын» мектеп – интернаты
  19. М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі
  20. №230 орта мектебі
  21. Ы.Алтынсарин атындағы қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы мектеп – гимназиясы
  22. «Шобанақ» жалпы орта мектебі
  23. №100 Ә.Жанкелдин атындағы жалпы орта мектебі
  24. Қазақстанға 30 жыл атындағы № 3 көп салалы мектеп – гимназиясы

Қысқа мәлімет

Мамандығы 

Физика

Мамандық шифры

5В011000

Факультеті

Жаратылыстану

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Физика

Өту балы

қазақ 50-100, орыс 50-100

Оқу ақысы

443 000 тг