Филология факультеті

Қожа Ахмет Ясауи университетінің  білім ошақтарының бірі  — Филология факультеті. Факультет тіл мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыра отырып,  оқу жоспарларының және пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларының әзірленуі мен тәжірибеде қолданылуын қадағалайды. Сонымен қатар маман дайындау сапасының құзіретін қалыптастырады.  Факультеттің құрамына енетін кафедралардың оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарына басшылық жасайды. Оқу-тәрбие үдерісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік бағытын үйлестіреді. Құрылымның Даму стратегиясын әзірлеп, жұмыс берушілермен байланыстар орнатады. Мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттің негізгі мақсаты — барлық түркі тілдес мемлекеттер мен қауымдастықтардан келген жастарды достық пен бауырмашылдыққа баулумен қатар қазақ, түрік, орыс, ағылшын, қытай тілдерін терең меңгеруіне жағдай жасап, болашақ мамандарын әзірлеуде сапалы қызмет ету болып табылады.

Филология факультетінде 5 кафедра бар:  Қазақ филологиясы кафедрасы, Түрік филологиясы кафедрасы, Ағылшын филологиясы кафедрасы, Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы, Әлем тілдері кафедрасы. Соның ішінде Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасынан  өзге 4 кафедра мамандық даярлайды.  Факультетте 4 профессор және 4 профессор міндетін атқарушылар, 13 РhD, 30 доцент пен доцент міндетін атқарушылар, 19 аға оқытушы, 42 магист оқытушылар еңбек етіп келеді. Факультеттің ғылыми дәрежелік көрсеткіші – 45,5%.

1. 2-курс

10
Мамандық
1008
Студент
78
Жұмыспен қамтылған
112
ОПҚ

Ф.ғ.д., профессор Құлбек Ергөбектің «Алтын Орда руханияты» (19 млн 818 мың теңге)  атты жобасы ҚР БжҒ министрлігі қаржысы тарапынан қаржыландырылды. Жыл сайын Қазақ ғылымы мен оқу-ағарту ісіне еңбегі сіңген ұлағатты ұстаздар Р. Бердібайдың «Бердібай оқулары» және М. Балақаевтің құрметіне «Балақаев оқулары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциялар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар 2018 жылдың қараша айында «Білім саласындағы рухани жаңғырудың өзекті  мәселелері» атты онлайн-конференция, «Приорететы обновленной учебной программы среднего образованя в Казахстане» семинары, сәуір айында Қ.Ергөбектің 65 жылдығына орай «Рухани жаңғыру: жаһандық түркология жаңа кезеңде» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қыркүйек айында университеттің тәрбие және мәдени істер департаментімен бірлесе отырып ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстан халықтары тілдері» мерекесіне орай университеттің барлық факультеттерінің қатысуымен «Тіл апталығы» іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шарада студенттердің ұлттық танымын, салт-сана, дәстүрді ұлықтау мақсатында ән мен көркем сөз байқауы ұйымдастырылды және филология факультетінің ұйымдастыруымен ақындар айтысы өткізілді. Іс-шара барысында «Алтын тамыр» атты прозалық, поэзиялық, публицистикалық байқау, «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» тақырыбында APF форматында пікір-сайыстар өтті. Сонымен қатар, студенттердің қызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысу ұйымдастырылады.  5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы білімгерлері үшін «Живое слово» (жетекшісі ф.ғ.к., доцент Байтуова А.Н.), 5В021016 – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының білімгерлері үшін «Kuaile Hanyu» (жетекшісі Әдіш Дархан), «English Club»,  «Саттар Ерубаев» атты үйірмелер қызмет атқаруда.

Бұдан өзге жыл сайын Қазақстандық және әртүрлі қауымдастықтар мен ұлыстардан келген студенттерден құралған топтарда «Ізгілік иірімі», «Кекшіл болма, көпшіл бол», «Сүйем туған тілімді», «Батырға тағзым», «Отан оттан да ыстық», «Қызды қырық үйден тыю», «Отан үшін отқа түс-күймейсің», «Болашағымыз-бірлікте» тақырыптарында іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Мевлана» бағдарламасы бойынша А.Байниязов – Ардахан университетінде (Ардахан қаласы), Д.Маметова — Джумхуриет университетінде (Сивас қаласы), Е.Өмирбаев — Джумхуриет университетінде (Сивас қаласы), Ы.Нурмагомбетова – Битлис Эрен университетінде (Битлис қаласы), С.Нышанова, М.Сейтова, Г.Макенова, А.Ермекбаевалар Фатих университетінде (Түркия) білім жетілдіру курстарынан өтсе, М.Сейтова АҚШ-тың Buffalo университетінде, Ф.Дадажанов Ұлыбританияның Cambridge университетінде және З.Сахитжанова және Р.Әділбаевалар Нидерландияның Лейден университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағлымдамадан өтті. Фаукультет оқытушылары Б.Тұрлыбеков пен Р.Батырханова Ұлыбританияның Лестер университетінде тәжірибе алмасу курстарына қатысып біліктілік арттырып келді. Осы орайда факультетіміздің оқытушылары М.Сейтова Хаджетепе университеті, Е. Алашбаев, Е.Жиенбаев Гази университетінің PhD докторантура бағдарламаларын сәтті аяқтап, факультетімізде қызмет атқарып келеді.  Қытай тілі маманы Д. Әдіш ҚХР-да магистратура бағдарламасы бойынша білімін шыңдап қайтты. 2017-2018 оқу жылынан бері Әлем тілдері кафедрасына қарасты 5В021016 — Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығында ҚХР-ның Үрімші қаласындағы Қаржы және экономика университетінің доценті Нию Шу Лин қызмет атқаруда. Сонымен қатар факультетімізге «Visiting-профессор» және «Мевлана» бағдарламасы аясында шетелдік профессорлар (Түркия Республикасынан және т.б. шетелдерден) келіп, ғылыми-семинарлар және дәрістер береді.

6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 2017 жылғы АРТА рейтингісіне қатысушы ЖОО арасында 1-ші орын иемденді. 2017-2018 оқу жылында Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушылары Ж. Исаева, Д.Сартбаева, Ш.Қарсыбекова Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушылары арасында өткен «Ұлағатты ұстаз, дарынды шәкірт» атты республикалық байқау жеңімпаздары атанып, І дәрежелі диплом алды. Б. Елікбаев ҚР-ның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Жылдың үздік ұстазы» атты республикалық байқаудың І дәрежелі дипломымен; Ж.Исаева ҚРБжҒМ  Құрмет грамотасын марапатталды.

Студенттер арасында 5В020500 — Филология: қазақ тілі мамандығының студенті Өнер Камшат «Үздік студент-2017» төсбелгісімен марапатталды. 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Кәдірбай Ғылымнұрдың «Үттегі қақ» өлеңдер жинағы Алматы қаласында жарық көрді. «Пірім менің — Сүйінбай» Республикалық студенттер айтысының «Оразалы Досбосынов» номинация иегері және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Дарын-2018» фестивалінің 1-орын иегері, Досжанова Рыскүл, Төлеутай Еламан  2-орын иегерлері атанды. Қани Марат,  Дариға Бақберген,   Нұрдәулет Жігер І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінде өткен «Үш арыс» атты студенттер фестивалінің 2 орын жеңіп алды. Сонымен қатар Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 23-24 ақпан күндері аралығында өткен Республикалық  пәндік олимпиадада 5В011900 — Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенті Құттыбаева Айгерім, 5В021000- Шетел филологиясы мамандығының студенті Дүйсеева  Назерке ІІІ орын иеленді және 5В020700 — Аударма ісі мамандығы бойынша Нур Эсра ілеспе аударма номинациясы бойынша алғыс хатпен марапатталды. С.Естай, Қ.Пернебаева, Ш.Оразәлі 5В011800 — Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 3-ші орын (Семей, жетекші Б. Абиев), 2017 жылы В.Кравченко, А.Аманов, И.Клименко — 5В011800 — Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 3-ші орын (Астана, жетекші А.С.Қарпықбаева), 2018 жылы Ф.Шаймерден, М.Бабатаева, Ә.Ақжігіт — 5В02100 — Шетел филологиясы: қытай тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 2-ші орын (Алматы, жетекші Ж.А.Жамантаева) иемденді. Сонымен қатар, 5В021016 — Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының студенттері жыл сайын қытай тілі дәрежелік емтиханына (HSK) қатысып, жоғары көрсеткіш көрсетуде.  2018 жылы бітірген түлектеріміз А.Шаймерденова, Ф.Шаймерден, М.Бабатаева, И.Каримов (жетекші Г.Жамантаева) қытай тілі 5-ші дәрежелік емтиханының (HSK) нәтижесі негізінде, ҚХР-ның Чау Син қаласындағы университетінің магистратурасына қабылданып, қазіргі таңда сол университетте оқуын жалғастыруда. Түрік тілі мамандығы бойынша 2018 жылғы түлек Абдукаюм Ислам Биледжик университетінін магистратура бөліміне оқуға түсті.