Сейтова Меруерт Ергешходжаевна

PhD, аға оқытушы, Кафедра меңгерушісі

Ағылшын филологиясы  кафедрасы

Ағылшын филологиясы кафедрасында университетіміздің мемлекеттік лицензия негізінде жоғары кәсіби білім беру бағдарламасына сай, мамандандыру ерекшелігіне қарай барлық сабақ түрлері жүргізіледі. Сондай-ақ кафедра бакалавр мамандарды саралайтын қорытынды аттестау мен магистрлерді даярлайтын ЖОО-дан кейінгі білім беру бағдарламаларын орындайды. Кафедрада көп жылдық тәжірибесі бар,  білікті мамандар қызмет атқарып келеді.
Казіргі таңда кафедрада 5В011900 (6В017) – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері), (ағылшын және қытай тілдері), (ағылшын және араб тілдері), 5В021000  (6В023) – Шетел филологиясы (ағылшын тілі), 5В020700 (6В023) – Аударма ісі (ағылшын тілі) мамандықтары бойынша бакалавриат, 6М011900 (7М017) — Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері), 6М021000 (7М023) — Шетел филологиясы (ағылшын тілі) бойынша магистратура  даярланады. 2016 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының арасында жүргізілген рейтинг бойынша 5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы 2-ші орын алды.

Тәжірибе алмасу мақсатында кафедраға отандық және шетелдік жоғары дәрежелі профессорлары шақыртылады. Атап айтар болсақ, отандық профессорлар  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Е.Нұрахметов,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Ж.Абуов, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. Р.Иманалиева, шетелдік профессорлар Небраска университетінен (АҚШ) профессор Д.Харниш, Оксфорд университетінен (Ұлыбритания) профессор Бэлл, ж.т.б. кафедраның профессор- оқытушылар құрамына дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісті.
Кафедра түлектері Ж.Төлебеков Жасұлан Швейцарияда, Салғараев Нұрсұлтан Канадада Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен магистратура оқып, магистр дәрежесін алды.

Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 44,0%. Кафедра құрамында 4 ғылым кандидаты, 1 доцент, 8 PhD докторы, 7 аға оқытушы және 7 магистр-оқытушы және 1 шетел азаматы жұмыс атқарады.
Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында, кафедра оқытушылары 2012 оқу жылында С.Нышанова, М.Сейтова, Г.Макенова және А.Ермекбаева Туркия республикасының Фатих университетінде білімін жетілдіру курсынан өтсе, 2014 -2015 оқу жылында «Өрлеу» бағдарламасымен З.Сахитжанова мен М.Сейтова Ньюкасл университетінде, Р.Әділбаева, А.Аманбаева Норвич университетінде (Ұлыбритания) білімдерін жетілдіру курстарынан өтті. М.Сейтова АҚШ – тың Буффала университетінде 2013-2014, З.Сахитжанова және Р.Әділбаева 2014-2015 оқу жылында Лейден университетінде (Нидерланды), 2016-2017 оқу жылында Б.Тұрлыбеков және Р.Батырханова Лестер университетінде (Ұлыбритания) Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамалардан өтті. Бұл көрсеткіш кафедра үшін жетістік. Кафедра студенттері де кафедраның көркеюіне зор үлес қосуда. ФАД — 611 тобының студенті Абибуллаев Даулетхан 2018 жылы өткізілген республикалық студенттер ғылыми конференциясында жүлделі 3 –ші орынды иеленді. Кафедраның ғылыми потенциалын көтеру мақсатында 2014-2015 оқу жылында кафедра магистр – оқытушылары М.Сейтова мен Л.Қазыханқызы Түркия Республикасының Хаджетепе университетіне докторантура жіберіліп, 2018-2019 оқу жылында М.Сейтова, 2019-2020 Л.Қазыханқызы оқу жылында докторлық десертациясын сәтті қорғап, кафедрадағы қызметін жалғастыруда.

Кафедра оқытушысы Г.Макенова 06.12.2018 жылы Рухани жаңғыру : қазіргі жастардың міндеті тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Г.Макенова 06.02.2019 жылы Үш індет : Есірткі, арақ, темекі тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Кафедра оқытушылары М.Акешова, Г.Ризаходжаева 07.03.2019 жылы 8-наурыз – Әйелдер күні мерекесіне орай «Әйел-Ана», «Әйел-Ару», «Әйел-Гүл» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Кафедра оқытушылары студенттердің тәрбие жұмыстары бойынша белсенді жұмыс атқарады.

Профессор-оқытушылардың аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы
1 Сейтова Меруерт Ергешхожаевна Кафедра меңгерушісі доктор (PhD) ТР
2 Айтбаева Нурсауле Конарбаевна доцент м.а. Ф.ғ.к.
3 Турлыбеков Бердибай Дуйсенбекович доцент м.а. Соц.ғ.к.
4 Сахитжанова Зада Омаргазиевна доцент м.а. Ф.ғ.к.
5 Нышанова Салтанат Тыныбековна доцент п.ғ.к. доцент
6 Акешова Мадина Мурзахановна доцент м.а. доктор (PhD) ҚР
7 Сагдуллаев Иброхим Ирисматович аға оқытушы доктор (PhD) ҚР
8 Ризаходжаева Гулнара

Абдумажитқызы

доцент м.а. доктор (PhD) ҚР
9 Мейрбеков Ақылбек

Кайратбекович

доцент м.а. доктор (PhD) ҚР
10 Қазыханқызы Лазура аға оқытушы доктор (PhD) ТР
11 Мейрбеков Асылбек Кайратбекович аға оқытушы доктор (PhD) ҚР
12 Сегизова Галия Турашовна аға оқытушы
13 Каракулова Улбосын Ержановна аға оқытушы
14 Адилбаева Рсалды Курмашовна аға оқытушы
15 Касымбекова Алия Корганбаевна аға оқытушы
16 Батырханова Раушан Султанхановна аға оқытушы
17 Әріпжан Гүлнұр Жоянқызы аға оқытушы
18 Макенова Гаухар Танирбергеновна аға оқытушы
19 Шеримбетова Меруерт Алиевна магистр -оқытушы
20 Ербота Айнұр Сапарқызы магистр -оқытушы
21 Дадашов Дилмурат Темирбаевич магистр -оқытушы
22 Оразхан Нұрлан Оразханұлы магистр -оқытушы
24 Байдаулетова Айгерим Дауреновна магистр -оқытушы
25 Музаппарова Айгул Қуанышбековна магистр -оқытушы

Филология факультеті ФАД-611 тобының студенті Ануарбекова Арайлым » TURKISTAN:ONE WAY-ONE HISTORY” халықаралық туристік инвестициялық форумда Ұлыбритания,Индия елдерінен келген қонақтарға Түркі әлемінің тарихы муражайымен таныстырды

 

Ағылшын филологиясы кафедрасының оқытушылары А.Мейрбеков, А.Ербота және М.Шеримбетова Мевлана атындағы өзара студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламасы бойынша 7.10.2019 ж. — 26.10.2019 ж. аралығында Түркия Республикасының  Орду қаласына барып қайтты. Орду университетінде Шетел тілдері кафедрасында 6В023- Тілдер және әдебиет білім беру бағдарламасы бойынша дәріс беріп, оқытушыларымен тәжірибе алмасты.

Напишите свой вопрос

 

×