6М011900-Шетел тілі: екі шетел тілі ағылшын-түрік

БІЛІКТІЛІГІ:

Педагогика ғылымдарының магистрі.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары педагогтарды даярлау;
  • 6М011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын және түрік тілдері) мамандықтары шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету;
  • Шетел тілінің қазіргі заманауи көпмәдениет әлеміндегі рөлі туралы таныстыру.
  • Шеттілдік білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелер туралы жалпы  мәлімет беру оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру оқытылатын тілдер арқылы оқыту және тәрбие процесінде өзіндік тұрғыдан іздене  білу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Білім беру мекемелерінде педагог маман ретінде педагогикалық процесті және оқу-тәрбие іс-шараларының жоспарларын жасайды, ғылыми жобаларды дайындауға қатысады, оқу жұмыс бағдарламаларын жасап, мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра меңгеруі қажет.
  • Шетел тілін оқытудың теориялық мәселелерін, қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тіл білімі, оқытудың әдіс-тәсілдерін оқыту;
  • Шетел тілін оқытудың қазіргі технологияларын меңгерту.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Ғылыми дүниетанымның әдіснамасын меңгеруі қажет;
  • Оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін игереді;
  • Ғылыми іс-әрекет қағидалары мен құрылымын ұйымдастыра білуі қажет;
  • Педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу туралы мағлұмат алады;
  • Білім беруде білім алушылардың танымдық қызметі психологиясын игеруі қажет;
  • Білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімді меңгереді;
  • Білім берудің сапасы мен тиімділігін арттырудағы психологиялық әдістер мен тәсілдерін меңгеруі қажет.

Қолдана білуі:

  • Заманауи педагогикалық іс-тәжірибелерді оқып-білу және қолдана алуы керек;
  • Білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыра білуі керек;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми стандарттық міндеттерді шеше білуі қажет;
  • Оқытудың кредиттік технологиясы арқылы білім беру және педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыра білуі қажет;
  • Кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесін білуі қажет;
  • Білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет.

Біліктілігі:

  • Шеттілдік білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдауы және ұқыпты шеше білуі керек;
  • Ғылыми зерттеулерде өзінің алған білімін дамыту және қолдана алуы керек;
  • Қазіргі тұжырымдамаларды, үдерістер мен құбылыстарды талдауға теориялар мен тұғырларды сыни тұрғыдан талдау жасай алуы қажет;
  • Оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануы қажет;
  • Ғылыми-зерттеу және талдау нәтижелерін есеп, талдау, ғылыми мақала, диссертация түрінде жинақтау білігі болу керек;
  • Педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

  • Болашақ маман оқыту процесі жөнінде алған білімін, білігі және дағдысын кәсіби қызметте қолдана алу қабілетіне ие болуы қажет.
  • Кәсіби іс-әрекетте, ғылыми және зерттеу жобаларын орындайды;
  • Жаңартылған білім беруді қамтамасыз етуде, кәсіби білік пен дағдыларды жетілдіреді.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

БЕЙІНДЕУШІ ПӘНДЕР МОДУЛЬ

Кәсіби міндетті модуль

  • Жоғарғы мектепте шеттілдік білім берудің заманауи әдіснамасы
  • Профильдік және кәсіби-бағдарлы шеттілдік білім берудің  мәселелері

Кәсіби элективті модуль 

  • Әдістемелік зерттеулердін әдіснамасы
  • Шетел тілі (кәсіби) ІІ
  • Жобалап оқыту технологиясы шеттілдік білім беру жүйесінде
  • Лингвомәдениеттанудың өзекті мәселелері
  • Аударма теориясының өзекті мєселелері
  • Казіргі ағылшын тіліндегі конверсия тәсілі
  • Ағылшын лингвистикасындағы ғылыми-зерттеулер
  • Ағылшын әдебиетінің философиялық-эстетикалық қырлары
  • Шет тілдік білім берудегі әлеуметтік лингвистика мәселелері01
  • Ағылшын тілдерін оқытудың кәсіби құзыреттілігі
  • ХХ ғасырдағы Түрік лингвистикасы
  • Түрік тілі білімінің негізгі мәселелері

Модуль – Шетел тілінде  оқыту әдістемесі

  • Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері
  • Ағылшын тілі сабағында оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау

технологиясын қолданудың тиімділігі

МодульТүрік тілін оқыту әдісі және мәселелері

  • Ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістері
  • Қазіргі түрік тілінің өзекті мәселелері

МодульШетел тіл білімі

  • Ағылшын диалектінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері
  • Ағылшын тілдерінің салыстырмалы грамматикасы

Модуль– Түрік тілінің негіздері

  • Түрік тілінің тарихы
  • Қазіргі түркі тілдерінің фонетикасы мен грамматикасының негіздері

Кәсіби тәжірибе

1-курста. Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде   Зерттеушілік (6 апта) І

2-курста. Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде   Зерттеушілік (6 апта) ІІ

2-курста.  Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде  Педагогикалық (3 апта)

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Ахмет Ясауи ХҚТУ

Қысқа мәлімет

Мамандығы:
Шетел тілі: екі шетел тілі

(ағылшын және түрік тілдері)

Мамандық шифры:
6М011900

Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері:
Жоғары оқу орнынан

кейінгі бiлiм

Оқу түрлері
Күндізгі
Оқу ақысы:
646300 тг