6М021000-Шетел филологиясы: (ағылшын)

БІЛІКТІЛІГІ

Гуманитарлық ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары педагогтарды даярлау;
  • 6М021000- шетел филологиясы мамандықтары шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қамтамасыз ету.
  • Шетел тілінің қазіргі заманауи көп мәдениет әлеміндегі рөлі туралы таныстыру.
  • Шеттілдік білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелер туралы жалпы  мәлімет беру оқыту процесіндегі жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру оқытылатын тілдер арқылы оқыту және тәрбие процесінде өзіндік тұрғыдан іздене  білу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Білім беру мекемелерінде педагог маман ретінде педагогикалық процесті және оқу-тәрбие іс-шараларының жоспарларын жасайды, ғылыми жобаларды дайындауға қатысады, оқу жұмыс бағдарламаларын жасап, мамандығы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра меңгеруі қажет.
  • Шетел тілін оқытудың теориялық мәселелерін, қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі тіл білімі, оқытудың әдіс-тәсілдерін оқыту.
  • Шетел тілін оқытудың қазіргі технологияларын меңгерту.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Ғылыми дүниетанымның әдіснамасын меңгеруі қажет;
  • Оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін игереді;
  • Ғылыми іс-әрекет қағидалары мен құрылымын ұйымдастыра білуі қажет;
  • Педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу туралы мағлұмат алады.

Қолдана білуі:

  • Заманауи педагогикалық іс-тәжірибелерді оқып-білу және қолдана алуы керек;
  • Білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыра білуі керек;
  • Ғылыми-зерттеу қызметі, ғылыми стандарттық міндеттерді шеше білуі қажет;
  • Оқытудың кредиттік технологиясы арқылы білім беру және педагогикалық іс-әрекеттің жүзеге асыра білуі қажет;
  • Кәсіби пәндерді оқытудың әдістемесін білуі қажет;
  • Білім беру үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет.

Біліктілігі:

  • Шеттілдік білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдауы және ұқыпты шеше
  • білуі керек;
  • Ғылыми зерттеулерде өзінің алған білімін дамыту және қолдана алуы керек;
  • Қазіргі тұжырымдамаларды, үдерістер мен құбылыстарды талдауға теориялар мен тұғырларды сыни тұрғыдан талдау жасай алуы қажет;
  • Оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануы қажет;
  • Ғылыми-зерттеу және талдау нәтижелерін есеп, талдау, ғылыми мақала, диссертация түрінде жинақтау білігі болу керек;
  • Педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

  • Болашақ маман оқыту процесі жөнінде алған білімін, білігі және дағдысын кәсіби қызметте қолдана алу қабілетіне ие болуы қажет;
  • Кәсіби іс-әрекетте, ғылыми және зерттеу жобаларын орындайды;
  • Жаңартылған білім беруді қамтамасыз етуде, кәсіби білік пен дағдыларды жетілдіреді;
  • Дүние жүзілік және Отандық шетел  тілін оқыту әдістемесінің негізгі принциптері, бағыттары мен идеяларын және әдебиетті оқытуда әдеби жаңаша әдістерді қолдануға қабілетті;
  • Оқытылатын  шет тілінің және әдебиетінің негізгі даму кезеңдері мен оқыған тіліне қатысты елдердің социомәдени  жағдайын түсінуі және әдеби мәтіндерге сараптама жасай алу қабілеті;
  • Тілдік ортада еркін тілдік қарым-қатынас жасауға және әртүрлі сөздіктерді тиімді пайдалана алады.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

БЕЙІНДЕУШІ ПӘНДЕР МОДУЛЬ

Кәсіби міндетті модуль

  • Шетел тіл білімінің өзекті мәселелері
  • Шетел әдебиетінің өзекті мәселелері

Кәсіби элективті модуль 

  • Ағылшын-қазақ тілдерінің лексикалық жүйесінің типологиясы
  • Шетел тілі (кәсіби) ІІ
  • Шеттілдік білім берудегі лингвистика мәселелері
  • Фольклортануға кіріспе
  • Ағылшын тіліндегі сөзжасам мәселелері
  • Қазіргі ағылшын тіліндегі конверсия тәсілі
  • Іс-әрекет арқылы зерттеу шеттілдік білім беру жүйесінде
  • Ағылшын лингвистикасындағы ғылыми-зерттеулер
  • Көркем мәтінді әдеби талдау
  • Әдебиеттану зерттеулерінің методологиясы
  • Ағылшын тілдеріндегі кірме сөздердің құрамы
  • Ағылшын әдебиетінің философиялық-эстетикалық қырлары

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль – Шетел тіл білімінің мәселелері

  • Тіл білімінің философиялық мәселелері
  • Аударма теориясының өзекті мәселелері

Модуль Шетел тіл білімінің негіздері

  • Лингвомәдениеттанудың өзекті мәселелері
  • Когнитивті лингвистиканың негіздері

МодульФилологиялық ғылыми зерттеу

  • Ағылшын тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
  • Филологиялық ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдері

Модуль– Шетел тілін оқыту әдістемесі

  • Шетел тілін оқытудың жаңа әдістері
  • Ағылшын диалектінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері

Кәсіби тәжірибе

1-курста     Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде   Зерттеушілік (6 апта) І

2-курста      Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде   Зерттеушілік (6 апта) ІІ

2-курста       Ахмет Ясауи ХҚТУ-інде  Педагогикалық (3 апта)

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І

Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Ахмет Ясауи ХҚТУ

Қысқа мәлімет

Мамандығы:
Шетел филологиясы

(Ағылшын тілі)
Мамандық шифры:
6М021000

Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері:
Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм

Оқу түрлері
Күндізгі
Оқу ақысы:
646300 тг