Жанатаев Қазақбай 
Ф.ғ.к. доцент м.а., кафедра меңгерушісі

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы

Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы университеттің оқу жүйесінде барлық мамандықтарға ағылшын тілінен, сондай-ақ белгілі бір мамандықтарға латын тілінен практикалық сабақтар жүргізуге бағытталады. Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.Жанатаев. Жалпыакадемиялық ағылшын тілі кафедрасы 2006 жылы «Тіл пәндері» кафедрасы ретінде медицина факультетінің құрамында болды. 2007-2008 оқу жылында кафедра екіге бөлініп «Шетел тілдері» болып аталынды. 2008 оқу жылында Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ құрылымында өзгерістердің болуына байланысты «Шетел тілдері» кафедрасы жабылып, орнына «Жаратылыстану мамандықтары ағылшын тілі» кафедрасы құрылды. Кафедра филология факультетінің құрамына енгізілді. Қазіргі таңда кафедрада жалпы саны 20 ОПҚ, оның ішінде 1 кандидат, 6 аға оқытушы, 13 оқытушы қызмет етуде. Кафедра оқытушылары әр оқу жылында біліктілік арттыру мақсатында біліктілік жетілдіру курстарына қатысып отырады. Практикалық ағылшын тілі пәні бойынша студенттік конференциялар және студенттік олимпиадалар ұйымдастырылады.

Кафедраның жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушылар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 20. Оның ішінде, 1 ғылым кандидаты, 6 аға оқытушы және 13 оқытушы қызмет атқарады. Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында, кафедра оқытушылары Қ. Жаңатаев, Г. Дүйсебаева Түркия мемлекетінде білімін жетілдіру курсынан өтсе, оқытушы М.Жанибеков «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның курстарына қатысып сертификатталды. Сондай-ақ кафедра оқытушылары А. Бимағанбетова, Г.Утегулова біліктілік арттыру мақсатымен Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық қазақ-түрік университеті Үздіксіз білім беру институтының курстарына қатысып, біліктіліктерін арттыра түсті.

Кафедраның ғылыми дәреженің пайыздық көрсеткіші 8,69%. Кафедра ОПҚ ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша белсенділік танытып отырады. Атап айтсақ, 2017-2018 оқу жылында алыс шетелдік басылымдарда 2 мақала, оның бірі Scopus базасына кіретін басылымда жарияланған, жақын шетелдік басылымдарда 1 мақала, ЖАК бекіткен басылымдарда 40 мақала және 1 оқу құралы жарық көрді. 2014-2016 оқу жылында 7 оқу-әдістемелік электронды оқулықтар, 9 оқу-әдістемелік құралдар, 2 лекциялар жинағы әзірленді. 2017-2018 оқу жылында 1 оқу-әдістемелік құрал, 2 лекциялар жинағы әзірленді.

Напишите свой вопрос

 

×