Жылқыбай Гүлімжан  Қызметқызы
ф.ғ.к., профессор м.а., кафедра меңгерушісі

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазақ филологиясы» кафедрасының тарихы тереңнен бастау алады. Кафедра негізі 1991 жылы  «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы болып қаланды. Одан беріде «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» кафедралары өз алдына жеке кафедраларға бөлінді. Кейін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Журналистика» кафедралары бірікті. «Журналистика» кафедрасының бөлініп кетуіне байланысты 2017 жылы кафедра атауы «Қазақ филологиясы» кафедрасы болып өзгерді.

Қазіргі таңда кафедра университеттегі ең ғылыми потенциалы жоғары интеллектуалдық-шығармашылық орталыққа айналды. Кафедра тамаша зияткерлік әлеуетке – ЖОО ғалымдары мен профессор-оқытушы құрамына ие. Кафедраның ғылыми дәрежесі – 95%, олар — 21 білікті оқытушы, оның ішінде 2 ғылым докторы, 1 Phd, 17 ғылым кандидаты мен доцент, 1 магистр оқытушы.

Кафедрада 2 ҚР ЖОО үздік оқытушысы бар:  Жылқыбай Г.Қ. (2008), Исаева Ж.И.(2018).

Кафедра жанында белгілі ғалымдар Рақманқұл Бердібай атындағы және Мәулен Балақаев атындағы дәрісхана ашылған. Онда  мамандыққа қатысты сабақтар өтіледі,  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Кафедра ғалымдары «Түркі мәдениетінің сабақтастығы: түркі халықтарының дүниетанымы мен тарихы, тілі иен әдебиеті, түркология ғылымының қалыптасу кезеңдері, тілдік байланыстарды теориялық-әдістемелік зерттеу аспектілері»тақырыбы бойынша   белсенді түрде жұмыс жасайды.

Кафедра жыл сайын тәжірибе алмасу және жаңа ақпараттық құзіреттіліктерді меңгеру үшін Қазақстанның, шетелдің жоғары оқу орындарына «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша ПОҚ мен студенттерді жіберіп отыруды жоспарлап отырады. Мысалы, академиялық ұтқырлық аясында  5В020500-Филология: қазақ филологиясы мамандығы 3-курс студенті Байболатова Нұрсұлу Қалмұхамбетқызы Түркия Республикасы Мугла Сыткы Кочман университетінде 24.09.2018-18.01.2019 аралығында оқып қайтты.

Қауымдастырылған профессор Исаева Ж. кәсіби біліктілігін Түркияда жоғарылатып қайтты: Turkce Sosyal Bilimler Egitimi Bolumu, Egitim Bolomu, Turk Dili ve Edediyati Ogretmenligi Anadilim Dali nda arastirma, iceleme ve staj calismalarina katilmistr. Туркия Республикасы, Гази университеті, 2 апталық  20.04.- 4.05.2019 (72 сағат).

2018-2019 оқу жылында ХІ Республикалық пәндік олимпиадаларда 5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы І орынды,  5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ІІ орынды иеленді.

2018-2019 оқу жылында 7 монография жарық көрді: 1. Т.Еңсегенұлы. Бақытжанның танылмаған келбеті. Зерттеу. Алматы: Тоғанай Т., 2018. 13,5б.т. 2. С.Ергөбек. «Айқап» және М.Сералин, Түркістан, 2018. 3. Ергубекова Ж. Қазақ батырлар жырларындағы этномәдени және ономастикалық концептілер.// Түркістан, 2018. 4. Т.Еңсегенұлы. Тереңге сүңгіген інжу іледі.А, 2019-06-17. 5. Т.Еңсегенұлы. Қазақ мысал жанрының тарихы мен теориясы, Алматы, 2019. 6. Ергөбек С. Ясауи және қазақ әдебиеті: дәстүр мен жалғастық. Түркістан, 2019. 7. Ергөбек С. Ясауи сопылық ілімі және дәстүрлі жазба әдебиет. Түркістан, 2019.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша білім алушылар арасындағы жүлдегерлер:

  1. Әмәлият А. 2-дәрежелі диплом. «Ғылым қызметкерлері күні» аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім — 2019» атты ХІV халықаралық конференциясы. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Нұр-Сұлтан. 2. Кәдірбай Ғ.3-дәрежелі диплом. «Ғылым қызметкерлері күні» аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім — 2019» атты ХІV халықаралық конференциясы. Атабек А., Куспанов М. «Ел болашағы – дарынды жастар» атты республикалық жобалар байқауында үздік жоба иегерлері, Шымкент, 2019.

Түрлі мәдени-спорттық шығармашылық байқаулар мен жарыстардағы жүлдегер білімгерлер қатарына А.Әмәлиятұлы, Батыс Тілеубек, Мейір Оразғалиев, Кәдірбай Ғылымнұр,   Төлеутай Еламан, Қайсар Бауыржандарды айтуға болады.

Бүгінде кафедра облыс, республика көлеміне кәсіби мамандар даярлау ісін жоғары біліктілікпен жүзеге асыруда.

Қ/с Профессор-оқытушылардың аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы
1 Жылқыбай Гүлімжан  Қызметқызы Каф. меңг. ф.ғ.к. проф.м.а.
 

2

Ергөбек Құлбек Сәрсенұлы профессор Ф.ғ.д. проф.
 

3

Еңсегенұлы Тоқболат профессор ф.ғ.д. проф.
 

4

Ергөбек Сапарбек Сарсенұлы проф.м.а ф.ғ.к. проф.м.а.
 

5

Кошанова Нагима Данабековна доцент ф.ғ.к. доцент
 

6

Көшенова Тоты Иманқызы доцент ф.ғ.к. доцент
 

7

Ислам Досбол Амангелдіұлы доцент ф.ғ.к. доцент
 

8

Исаева Жазира Исақызы Қауымд. профессор ф.ғ.к. Қауымд. профессор
 

9

Адиева Пакизат Минаваровна доцент м.а. ф.ғ.к. Қауымд. профессор
 

10

Ергубекова  Жанат

Сапарбекқызы

доцент м.а. Phd
 

11

Сартбаева Дудариша Каракановна доцент м.а. ф.ғ.к.
12 Мағжан Сәуле доцент м.а. ф.ғ.к.
 

13

Карсыбекова Шолпан Пернекуловна доцент м.а. ф.ғ.к.
 

14

Молдашова Акзия Абсаламовна доцент м.а. ф.ғ.к.
 

15

Толысбаева Адемау Турдыбаевна доцент м.а. ф.ғ.к.
16 Сүйінжанова Жанар Киікбайқызы доцент м.а. ф.ғ.к.
17  Мансұров Нұрлан Берденұлы доцент ф.ғ.к.
 

18

Байымбетова Раушан Қалқабайқызы Аға оқытушы Ф.ғ.к.
19 Талдыбаева Маржан Дархановна Магистр оқытушы  

 

20

 

 

Үрімова Рахила Кенжебекқызы ағааа Аға оқытушы     Аға оқытушы

 

Ф.ғ.к.
21   Даулетова Айнаш Сериковна Аға оқытушы Ф.ғ.к.