6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

БІЛІКТІЛІГІ

  • PhD докторы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Докторанттардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды сақтай отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің жоғары сапасына қол жеткізу;
  • Докторанттарды дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмыстарының тиімділігін бақылау жүйесін құру;
  • Докторантурада білім алушылардың құқықтары мен жауапкершілігін реттеу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Докторанттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу жұмыстары және кәсіптік қызметтерін ынталандыру;
  • Халықаралық білім беру кеңістігінде және еңбек нарығында Қазақстан Республикасының «философия докторы» (PhD) және «бейіні бойынша доктор» академиялық дәрежесін беру туралы құжаттарының мойындалуын қамтамасыз ету.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Түсінігі болуы қажет:

  • Ғылыми дүниетанымы мен тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағды көлемі туралы;
  • Өз мамандығы мен басқа мамандықтар арасындағы сабақтастық, қоғамдағы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының орны туралы;
  • Адамзат құндылықтары, оның ішінде ұлттық құндылықтар туралы;
  • Мінез-құлық пен кәсіби әрекет, басқару құзіреті туралы.

Білуі керек:

  • ҚР білім беру тұжырымдарының негізгі ережелерін;
  • Қазіргі білім беру саясатын, кәсіби шеберлік өлшемдерін;
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық-әдіснамалық ұстанымдарын;
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың тарихын, зерттеулерді;
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың дамуының жаңа бағыттары мен өзекті мәселелерін;
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиетті оқытудың дәстүрлі, инновациялық технологияларын, жоғары мектепте қазақ тілі мен әдебиетті оқытудың дәстүрлі және жаңа педагогикалық технологияларын.

Іскерлігінің болуы:

  • Үздіксіз, жүйелі білім беруді жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Оқу-тәрбие мекемелерінде ғылыми негізделген білім беру;
  • Педагогикалық технологияларды, оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдана білу.

Дағдысы болуы:

  • Кәсіби сөйлеу мәдениетін игеруі;
  • Білім беру үдерісінде дұрыс қарым-қатынас жасай білуі; ұжымда қалыпты психологиялық ахуал жасай білуі;
  • Білім беру жүйесінде оқу процесін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу.

Құзіретті болу:

  • Өз саласына және білім беру саласына қатысты шараларды жоспарлауда, талдауда;
  • Кәсіби әрекетінің міндеттеріне байланысты туындайтын мәселелерді шешуде;
  • Білім таңдаған ғылыми бағытына қатысты қалыптасқан көзқарасын, пайымдауларын дұрыс таңдалған тұжырымдар негізінде жүзеге асыруға.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Педагогиканың философиясы және әдіснамасы

Кәсіби элективті модуль

  • Жазушы шығармашылық шеберханасын зерттеудің методологиялық мәселелері
  • Қазақ балалар әдебиеті және оны зерттеу-тану мәселелері
  • Тіл біліміндегі таным теориясының универсалдық сипаты
  • Қазіргі қазақ тіл білімінің және әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары
  • Ясауи және қазақ поэзиясы
  • Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері
  • ЖОО-да қазақ әдебиетін оқытудың әдістемелік негізі
  • ЖОО-да қазақ тілін оқытудың әдістемелік негізі

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста университетте өтетін «Педагогикалық тәжірибе»  (3 апта);

1-курста Түркология ғылыми-зерттеу институтында өтетін «Зерттеушiлік тәжірибе»  (8 апта);

Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркология ғылыми-зерттеу институты
  • Б.Кенжебайұлының Түріктану музейі
  • Түркітілдес халықтардың кітапханасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мамандық шифры
6D011700
Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері
PhD докторантура
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Тіл және әдебиет
Профильдік пәні
Тіл және әдебиет
Өту балы
150 балл
Оқу ақысы
гранттық негізде