6М020500-Филология: қазақ филологияcы

БІЛІКТІЛІГІ

  • Филология магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

6М020500-Филология мамандығы бойынша білім берудің мақсаты

6М020500-Филология мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:

— еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау;

—  гуманитарлық пәндер саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану;

-кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрдің негізгі және арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру;

-магистранттардың түркітанушылық үдерістер мен құбылыстарды талдауы және бақылаудың ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік әдістерін меңгеруі;

-ғылыми ойлау мен көзқарастар аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік жеке құндылықтарды қалыптастыру.

Жалпы білім берудің міндеттері:

6М020500-Филология мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі кәсіби қызметінің типтік міндеттері кәсіби қызметтің түрлеріне сәйкес келеді.

Білім беру қызметі саласында:

— білім алушылардың оқуы мен дамуы, оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерістерді жобалау мен басқару, болжау, түзету, педагогикалық қызметтің нәтижелерін болжамдау;

— жалпы білім беретін, техникалық және кәсіби оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сабақ беру; оқу жағдаятында әдістемелік білім мен қолданбалы біліктілігін жүзеге асыру;

— оқып-үйрену, қорыту, білім беру шеңберінде инновациялық тәжірибені тарату;

Оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

— педагогикалық үдерістердің заңдары, заңдылықтары, ұстанымдары, тәрбиелік тетігіне сәйкес оқу-тәрбиелік жұмыстарын жүзеге асыру;

— тәрбие жұмыстарын жоспарлау және іске асыру;

— түркітану бойынша білім алушылардың білім алу және тәрбиелеу әдістері мен әртүрлі формаларын таңдау және қолдану;

— қоғамдық ережелер мен дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға, негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды қалыптастыру және педагогикалық қызметте оларды пайдалану;

— іскерлік этика ережелерін сақтау, мінез-құлықтың құқықтық және этикалық ережелерін меңгеру.

Оқыту-технологиялық қызмет саласында:

— оқыту үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану;

— ақпараттық-коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, филологиялық ақпараттарды іздеу және өңдеу үдерістерін ұйымдастыруға қатысу;

— кәсіби және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер аясында алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана алу.

әлеуметтік- педагогикалық саласындағы қызметі:

— білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда қолайлы жағдай туғызу және педагогикалық қолдау көрсету;

— этникалық және құқықтық, іскери нормаларды объективті бағалаудың тұлғалық деңгейін қалыптастыру;

— өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды тәсілдері, психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, ойлау мәдениеті мен этникалық тәртіпті қалыптастыру;

ғылыми-зерттеу саласындағы қызметі:

— ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу;

— филология пәндері бойынша инновациялық, педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;

— педагогикалық эксперимент жасап, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

— ғылыми мекемелерде және білім беру мекемелерінде бейіндік пәндер бойынша ғылыми зерттеулерді орындау;

— зерттеу қызметінің алгоритмін білу;

— филология ғылымының, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін шығармашылықпен пайдалануға қол жеткізу және қорыту;

— ізденімдік жұмыстардың оңтайлы және теріс жақтарын алдын-ала болжай білу

— өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерін шынайы бағалай білу;

ұйымдастырушылық-басқарушылық саласындағы қызметі:

— білім алушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үшін әртүрлі деңгейдегі оқу үдерісін жоспарлау, филологиялық курс мазмұнын жасау, материал іріктеу, әдістер мен тәсілдерді пайдалану;

— оқу-білім беру тәсілдерін, процесін анықтау, ұйымдастыру және жүргізу;

— өндірісте мамандыққа сай бейінді ұйымдастырушылық-технологиялық қызмет;

— әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарда өндірістік-басқару іс-әрекеттер қызметі.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ
6М020500-Филология мамандығы бойынша педагогикалық ғылым магистрінің құзіреті білімділікке, әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзіреттілігіне және арнайы құзіреттіліктер негізінде қалыптастырылады.

Құзіреттілік түйіні ғылыми және педагогикалық магистратура бітірушінің құзыреттілігіне қойылатын түйінді талаптар:

1) түсінігі болуы тиіс:
қоғам өміріндегі ғылым мен білімнің рөлі туралы;
ғылыми танымның заманауи даму тенденцясы туралы;
әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық ғылымдардың методологиялық, философиялық, мәселелері туралы;
жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби құзіреттілігі туралы;
жаһандану жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық қарама-қайшылықтар туралы;

2) білуі тиіс:

ғылыми танымның әдіснамасын (методология);
ғылыми жұмыстың ұстанымдары мен құрылымын ұйымдастыру;
білім беру үдерісінде білім алушылардың танымдық әрекеттерінің психологиясын;
оқыту сапасын арттырудың психологиялық әдістерін және тиімділігін жақсарту.

3) жасай алуы тиіс:
ғылыми зерттеулер контекстінде түпнұсқалық идеяларды қолдану мен дамыту үшін алынған білімдерді пайдалану;
бар концепцияларды сыни тұрғыдан саралау және процестер мен құбылыстарға теориялық талдау;
жаңа таныс емес жағдайларда алынған білімдерді әртүрлі пәндер шеңберінде кіріктіріп зерттеу міндеттерін шешу;
негізінде толық емес немесе шектеулі ақпараттарды, білімдерді пайымдап,интеграциялау арқылы шешім қабылдау;
жоғары мектеп өзінің педагогикалық, психология білімін педагогикалық қызметінде қолдану;
оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану;
ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысқа тарта отырып, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану;
жаңа мәселелер мен жағдайларды креативті ойлаумен және шығармашылықпен шешу;
шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру, бұл арнайы пәндер бойынша ЖОО-да ғылыми-зерттеу жүргізуге және жүзеге асыруға мүмкіндік береді;  ғылыми-зерттеу және диссертация түріндегі аналитикалық жұмыс, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазбалар және т.б. нәтижелерін қорыту;

4) дағдылануы тиіс:
ғылыми-зерттеу қызметіне, стандартты ғылыми міндеттерді шешуге;
білім беру және педагогикалық қызметті кредиттік оқыту технологиясы бойынша жүзеге асыруға;
кәсіби пәндерді оқыту әдістемесін игеруге;
білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық технологияны пайдалануға;
кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға;
шешендік өнер, ауызша және жазбаша ойды дұрыс және логикалық рәсімдеуге;

5) құзыретті болуы қажет:
ғылыми зерттеу әдіснамасы саласында;
ЖОО-дағы ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
қазіргі білім беру технологиясы мәселелерінде;
кәсіби қызметтегі ғылыми жобалар мен зерттеулерді орындауда;
білімді үнемі жаңарту, кәсіби дағды мен біліктілікті кеңейтуді қамтамасыз ету тәсілдерінде.

Арнайы құзыреттілік
A – білім мен түсіну:
А1 – ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметтің мақсаты мен міндеттерін білу;
А2 – филология негіздерінің теориялық және әдіснамалық негіздерін білу;
А3 – филология заңдылықтарының даму және қызмет ету жүйесін білу;
А4 – іргелі филологиялық заңдар мен теорияларды, табиғат пен экономикадағы құбылыстардың мәнін білу;
А5 – кешенді филологиялық зертеулер аясында салалық, аймақтық, ұлттық және іргелі мәселелерді білу;
А6 – білім берудің түрлі саласындағы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған іргелі ғылыми және ғылыми-практикалық инновациялық зерттеулер туралы білу;
А7 – қазіргі ғылыми педагогикалық мәселелерді талдауға мүмкіндік беретін филология ғылымына кіріспенің негізгі категорияларын білу;
А8 – филология мамандығына оқытуда инновациялық педагогикалық технологияның теориялық негіздерін білу.
В – білім мен түсінікті қолдану:
В1 – қазіргі білім беру парадигмасында педагогикалық ғылымның жаңа концептуалды идеялары мен даму бағытын түсіну;
В2 – ғылыми зерттеулер нәтижелерін компьютерлік үлгілеу мен теориялық талдау әдістерін меңгеру;
В3 – қызметтің әр саласында филологиялық білімді қолдану;
В4 – ғылыми зерттеудің әдіснамасын түсіну;
В5 – филологиялық зерттеулер бойынша әдіснамалық, теориялық және қолданбалы деңгейлердің өзара байланысын түсіну;
В6 – жас ерекшелігі әртүрлі білім алушылардың дамуы, қарым-қатынас жасауы, қызметін сапалы және сандық психологиялық- педагогикалық әдістер арқылы талдаудың диагностикасын өткізу;
В7 – филологияның негізгі ғылыми тұжырымдамалары мен ғылым және қоғам дамуының жалпы мәселелерімен өзара қатынасынның байланысын түсіну.
С – пайымдаудың қалыптасуы:
С1 – ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі және ғылыми – педагогикалық қызметті тұтастықта қабылдау;
С2 – диагностикалық, аналитикалық, сыни дағдылар, өз бетінше ойлау;
С3 – филология мамандығының әлеуметтік мәнін түсіну, кәсіби этика принциптерін сақтау, филолог маманның кәсіби-тұлғалық сапасын жетілдіру;
С4 – тіл мен әдебиет ресурстарын тиімді пайдалануда іргелі лингвистикалық, әдебиеттану бағытындағы жаһандық мәселелері туралы пайымдаудың қалыптасуы және оны кешенді талдауға қабілеттілік;
С5 – дүниетаным, сана, белсенділік, жеке таным, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызмет;
С6 – кәсіби-педагогикалық жеке таным, білім алушылардың жеке және кәсіби өз бетінше даму қажеттіліктерін қалыптастыру.
D – жеке қабілеттері:
D1 – филолог маманға тән кәсіби сапаның болуы, қарым-қатынас технологиясын, педагогикалық риторика дағдыларын, қарым-қатынас жасау стратегияларын меңгеру;
D2 – жаңа құндылықтарды жасауға, шығармашылық шешімдерді қабылдауға дайын болу, толеранттылық және ғылыми-педагогикалық ынтымақтастыққа қабілеттілік;
D3 – интеллектілік, адамгершілік, мәдениетті қарым-қатынас жасай білетін, ұйымдастырушылық-басқару дағдыларын дамытуға талпыну;

D4 – жоғары педагогикалық қызметке, педагогикалық инновацияны шығармашылық тұрғыдан қолдануға, өз бетінше білім алуға, өзін- өзі жүзеге асыруға талпыну;
D5 – ғылыми білімнің қалыптасуы мен дамуы заңдылықтарын мәдениет феномені ретінде түсінуге қабілеттілік;
D6 – ғылыми еңбекті жасау арқылы білімнің кеңістігін кеңейтетін ерекше зерттеулер негізінде ғылымға үлес қосуға қабілеттілік;
D7 – денсаулық сақтау принциптерін жүзеге асыру.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Педагогика
  • Психология

ЖБТ1 Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудағы жаңа бағытар

Модуль- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық мәселелері

  • Тілдің жалпы теориясы
  • Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясы

Модуль- Қазақ тілі мен әдебиетінің тарихи кезеңдері

  • Түркі тілдерінің даму үдерістері
  • Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу мәселелері

ЖБТ2 Тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдіснамалық мәселелері

Модуль- Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың тарихи мәселелері

  • Қазақ жазуының тарихи негіздері
  • Тарихи поэтика

Модуль- Қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы

  • Сөйлем мүшелерінің теориясы
  • Қазақ драматургиясы: тууы, қалыптасуы, дамуы

Кәсіби міндетті модулі

  • Тіл білімінің /әдебиеттанудың жаңа бағыттары
  • Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері

Кәсіби элективті модуль

  • Тіл білімінің философиялық-әдістемелік мәселелері
  • Әдебиеттанудың философиялық-әдістемелік мәселелері
  • Дәстүрлі жазба әдебиет және оның теориялық мәселелері
  • Қазақ лингвистикасындағы ғылыми-зерттеулер
  • Қазақ тілінің парадигмалық және синтагмалық қатынастары мен деңгейлері
  • Қазақ өлеңінің теориялық мәселелері
  • ХХІ ғасыр лингвистикасы: мәселелері мен әдістемесі
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары
  • Паралингвистика
  • Прозадағы лиризм
  • ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әдебиет
  • Әдебиеттанудың жаңа бағыттары

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Түркология ғылыми-зерттеу институтында өтетін «Зерттеушiлік тәжірибе» (6 апта) І;

2-курста Түркология ғылыми-зерттеу институтында өтетін «Зерттеушiлік тәжірибе» (6 апта) ІІ;

2-курста университетте өтетін «Педагогикалық» – 3 апта (үздіксіз);

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркология ғылыми-зерттеу институты
  • Б.Кенжебайұлының Түріктану музейі
  • Түркітілдес халықтардың кітапханасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Филология (қазақ тілі мен әдебиеті)
Мамандық шифры
6М020500
Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері
Магистратура
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Тіл және әдебиет
Профильдік пәні
Тіл және әдебиет
Өту балы
150 балл
Оқу ақысы
гранттық негізде