Журналистика

БІЛІКТІЛІГІ

  • Әлеуметтік ғылым бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • қазіргі журналистиканың заманауи хал-ахуалы, дамуы, құрылымы жайлы ақпараттармен таныстыру. Қазіргі журналистиканың ерекшеліктері мен осы мамандық жайлы жалпы мәлімет беру.
  • қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын, зерттеу әдістерін білу, болжамдар жасау; журналистің әлеуметтік, экономикалық кәсіби рөлін білу;
  • географиялық және әлеуметтік ықшамдылық әдістемесін меңгеру;
  • өзін жеке тұлға ретінде сезіну, әлеуметтік баламалық таңдаулар жағдайында өз құқықтары мен міндеттерін қорғай білу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • студенттерге қазіргі журналистика саласының маңызы, мақсаты және құрылымымен қатар, журналистика саласындағы мамандардың рөлі мен міндеттерін оқыту;
  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, әртүрлі баспа өнімдерін басып шығарудың әдіс-тәсілдерін меңгерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • студент қазіргі журналистиканың қоғамдағы орны мен рөлін талдауды игереді;
  • әлемдік және отандық басылымдардың жүйесі, жалпы жағдайлары мен құрылымдары туралы мағлұмат алады;
  • жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • студент нарық коньюктурасын ескере отырып, журналистика саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • маркетингтік ақпарат құрылымдарының жоспарын жасай білуі керек;
  • ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Бұқаралық, жүйелік және жаңа ақпараттық құралдарды қолдана отырып, журналистика саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Журналистика саласында маркетинг, менеджмент және басқа да нарықтық механизмдерді қолдана білуі керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ журналистің маманданған құзыреттілігі жұмыс берушілер мен БАҚ-тардың талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль-Журналистика негіздері

  • Журналистикаға кіріспе
  • Қазіргі журналистиканың жанрлық формалары мен қызметі

Модуль-Журналистика тарихы және фото өнері

  • Қазақ журналистикасының тарихы
  • Шетел журналистикасы
  • Фотожурналистика

Модуль-Теориялық курс

  • Қазақ әдебиеті теориясы
  • Жалпы тіл білімі

Модуль-Телерадио-журналистика

  • Телерадио-журналистика
  • Телемонтаж негіздері

Модуль-Құқықтық журналистика

  • Құқықтық журналистика
  • БАҚ этикасы

Модуль-БАҚ тілі мен стилистикасы

  • БАҚ тілі мен стилі
  • Ақпарат жинау және жазу шеберлігі
  • Журналисттік шеберлік

Модуль-Журналистиканының социологиясы мен психологиясы

  • Журналистиканың социологиясы
  • Журналистиканың психологиясы

Модуль-Журналистиканы басқару

  • Медиа менеджмент
  • Интернет-журналистика және жаңа медиа

Модуль-Баспасөз өнімдерін дайындау

  • Мерзімді баспасөз дизайны
  • Қазіргі баспасөз қызметі

Модуль-Салалық журналистика І

  • Іскерлік журналистика
  • Практикалық журналистика
  • Жергілікті журналистика

Модуль-Салалық журналистика ІІ

  • Саяси журналистика
  • Спорт журналистикасы
  • Арт-журналистика

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Тележурналистика

Модуль-Телевизиядағы шығармашылық

  • Тележүргізуші имиджі
  • Телевизиядағы ойын-сауықтық бағдарламалар
  • Телеоператор шеберлігі

Модуль-Деректі фильм жасау шеберлігі

  • Деректі фильм жасау технологиясы
  • Телережиссер шеберлігі
  • Тікелей эфир табиғаты

ЖБТ2 Радиожурналистика және PR

Модуль-Радиохабар әзірлеу шеберлігі

  • Радиожүргізуші шеберлігі
  • Радиоредактор шеберлігі
  • Радиодағы жаңалық

Модуль-PR және жарнама

  • Жарнама өнері
  • Радиомонтаж негіздері
  • Журналистің шеберлік сыныбы

ЖБТ3 Баспа ісі және онлайн-журналистика

Модуль-Электронды журналистика

  • Web-дизайн
  • Интернеттегі жаңалық
  • IT-журналистика

Модуль-Баспа жұмысы

  • Кітаптану
  • Баспа технологиясы: газет-журнал шығару
  • Стилистика және әдеби редакциялау

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста аудандық-қалалық БАҚ-тарда өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2,3-курстарда облыстық БАҚ-тарда өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 3 апта;

4-курста облыстық, республикалық БАҚ-тарда өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста облыстық, республикалық БАҚ-тарда өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • «Қазақстан» РТРК
  • «Қазақ радиосы»
  • «Шалқар» радиосы
  • «Егемен Қазақстан» газеті
  • «Айқын» газеті
  • «Қазақ үні» газеті
  • «Алматы ақшамы» газеті
  • «Түркістан» халықаралық газеті
  • «Жас Алаш» республикалық газеті
  • «Астана ақшамы» газеті
  • «31 арна»
  • «Балдырған» журналы
  • «Ақ желкен» журналы
  • «Оңтүстік Қазақстан» газеті
  • «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы
  • «Жас қазақ» газеті
  • «Тұран-Түркістан» телеарнасы
  • «Икар» телеарнасы
  • Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
  • Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
  • Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
  • «Түркістан» қалалық газеті
  • «Кентау шұғыласы» қалалық газеті
  • «Қаратау тәжі» газеті
  • «Ғасыр» газеті

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Журналистика
Мамандық шифры
5B050400
Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Шығармашылық емтихан
Профильдік пәні
Шығармашылық емтихан
Өту балы
қазақ 94, орыс 88
Оқу ақысы
343000 тг