Филология: қазақ филологияcы

БІЛІКТІЛІГІ

  • Гуманитарлық ғылым бакалавры 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Болашақ мамандардың табиғат пен қоғамның басты құбылыстарын түсінуі үшін қажетті ғылымдардың негізін меңгерту;
  • Білім мен шеберлік, шығармашылық қызмет пен дүниеге эмоционалды-құндылықтар көзқарасы тұрғысынан қарау арқылы іске асқан адамзаттың әлеуметтік-мәнді тәжірибесін меңгерту;
  • Жалпы білім беру пәндерінің циклы ғылыми дүниетанымды, қоғам мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық әрі этикалық нормаларды, қоршаған ортаға адамгершілікпен қарауды, ұлтжандылықты, толеранттық пен теңдікті және пайдалы тіршілік ету түрін қалыптастыруға бағыттау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Кәсіби қызметтегі жеке және қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды игертеді;
  • Тіл, әдебиет, мемлекеттің тіл саясатының мәселелеріне қатысты өз көзқарасын айта білуге үйретеді;
  • Кәсіби қызмет түрінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолдана білуді меңгертеді.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Студент әдебиет пен фольклорлық құбылыстарды, тіл мен әдебиеттегі даму ұстанымдарын, қазақ тілінің басқа тілдермен тектік және типологиялық қатынастарын жеке және кешенді тұрғыдан талдауды игереді;
  • Қазақ тілінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметін, әдебиеттің негізгі даму сатылары туралы негізгі білімі болады;
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі теориялық ережелерін, лингвистика мен әдебиеттанудың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын және филологиялық ғылымның пікірталас мәселелерін біледі.

Қолдана білуі:

  • Лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидаттары мен категорияларын білуі керек;
  • Дербес креативті қызметке және филология саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді игеруге дайын болу керек;
  • Мәтінді талдау мен түсіндіріп беру және берілген коммуникативтік жағдайға сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндерді құру барысында алған білімді қолдана білуі керек.

Біліктілігі:

Академиялық дәреже: 5В020500 – «Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Құзіреттілігі:

Оқу-танымдық тұрғыда

  • Білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге және кәсіби салада қолдануға қабілетті.

Жеке тұлғалық тұрғыда

  • Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуға қабілетті;
  • Өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қабілетті;
  • Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және кәсіптік қызметінде қолданады; өзге халықтардың мәдениетіне толерантты.

Коммуникативтік тұрғыда

  • Ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдана біледі

Кәсіби тұрғыда

  • Ұжымда ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын біледі және жүргізе алады;
  • Білім беру үдерісін жоспарлай және жүзеге асыра алады; кәсіптік қызметін меңгеру барысында жаңа технологияларды пайдаланып білім нәтижелерін қалыптастыруға, оқу-тәрбие үдерісін модельдей алуға және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға қабілетті; қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге қабілетті.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстан тарихы
  • Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Философия

 

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

 

Модуль- Мамандыққа кіріспе

  • Қазақ тіл біліміне кіріспе
  • Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе

 

Модуль- Әдебиет және тіл І

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
  • Қазақ тілінің фонетикасы
  • Ежелгі және хандық дәуір әдебиеті

 

Модуль- Тіл І

  • Қазақ тілінің лексикологиясы
  • Қазақ тілінің семантикасы

 

Модуль- Әдебиет І

  • XІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
  • Абайтану
  • Әлем әдебиеті

 

Модуль- Әдебиет және тіл ІІ

  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы І
  • Түркі халықтары әдебиеті
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы

 

Модуль- Әдістеме

  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

 

Модуль- Әдебиет және тіл ІІІ

  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі
  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІІ

 

Модуль- Әдебиет ІІ

  • Әуезовтану
  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ

 

Модуль- Теориялық курс

  • Қазақ әдебиеті теориясы
  • Жалпы тіл білімі

 

Модуль- Әдебиет және тіл ІҮ

  • Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі
  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІV

Модуль- Әдебиет және тіл Ү

  • Тәуелсіздік дәуір әдебиеті
  • Қазақ әдеби сынының тарихы

Қазақ әдеби тілінің тарихы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Стилистика және жаңа бағыттар

Модуль- Тіл тарихы және стилистика

  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
  • Қазақ тілінің стилистикасы

Модуль- Жаңа бағыттар

  • Тіл білімінің жаңа бағыттары І
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары ІІ
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары ІІІ

ЖБТ2 Тілтану және дискурсс

Модуль- Тілдік норма және дискурсс

  • Тілдік норма
  • Тіл және дискурсс

Модуль- Тілтану

  • Тілдің әлеуметтік танымы
  • Қазақ тілінің сөзжасамы
  • Рухани және материалдық лексика

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста кафедрада, аудандық-қалалық, аймақтық өлкелерде фольклорлық, диалектологиялық  «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2 курста педагогикалық (үздіксіз) тәжірибе – 2 апта;

3 курста педагогикалық (үздіксіз) тәжірибе – 3 апта;

4-курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филиалы Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі
  • Түркістан медицина колледжі
  • Б.Кенжебайұлының Түріктану музейі
  • Түркология ғылыми-зерттеу институты
  • Түркітілдес халықтардың кітапханасы
  • Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
  • Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
  • Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
  • ОҚО, Кентау қаласы мамандандырылған Дарын мектеп интернаты
  • Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан Дарын мектеп-интернаты
  • «Қазақстан» РТРК
  • «Қазақ радиосы»
  • «Шалқар» радиосы
  • «Егемен Қазақстан» газеті
  • «Айқын» газеті
  • «Қазақ үні» газеті
  • «Алматы ақшамы» газеті
  • «Түркістан» халықаралық газеті
  • «Жас Алаш» республикалық газеті
  • «Астана ақшамы» газеті
  • «31 арна»
  • «Балдырған» журналы
  • «Ақ желкен» журналы
  • «Оңтүстік Қазақстан» газеті
  • «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы
  • «Жас қазақ» газеті
  • «Тұран-Түркістан» телеарнасы
  • «Икар» телеарнасы
  •  «Түркістан» қалалық газеті
  • «Кентау шұғыласы» қалалық газеті
  • «Қаратау тәжі» газеті
  • «Ғасыр» газеті

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Филология: қазақ тілі
Мамандық шифры
5B020500
Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Қазақ әдебиеті
Профильдік пәні
Қазақ әдебиеті
Өту балы
қазақ 90, орыс 85 мемлекеттік грант үшін; ақылы оқу -50 балл
Оқу ақысы
343000 тг