5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті

БІЛІКТІЛІГІ

  • Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білім бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Болашақ мамандардың табиғат пен қоғамның басты құбылыстарын түсінуі үшін қажетті ғылымдардың негізін меңгерту;
  • Білім мен шеберлік, шығармашылық қызмет пен дүниеге эмоционалды-құндылықтар көзқарасы тұрғысынан қарау арқылы іске асқан адамзаттың әлеуметтік-мәнді тәжірибесін меңгерту;
  • Жалпы білім беру пәндерінің циклы ғылыми дүниетанымды, қоғам мен жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық әрі этикалық нормаларды, қоршаған ортаға адамгершілікпен қарауды, ұлтжандылықты, толеранттық пен теңдікті және пайдалы тіршілік ету түрін қалыптастыруға бағыттау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Кәсіби қызметтегі жеке және қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды игертеді;
  • Тіл, әдебиет, мемлекеттің тіл саясатының мәселелеріне қатысты өз көзқарасын айта білуге үйретеді;
  • Кәсіби қызмет түрінде гуманитарлық ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолдана білуді меңгертеді.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Студент әдебиет пен фольклорлық құбылыстарды, тіл мен әдебиеттегі даму ұстанымдарын, қазақ тілінің басқа тілдермен тектік және типологиялық қатынастарын жеке және кешенді тұрғыдан талдауды игереді;
  • Қазақ тілінің құрылымы, тілдік бірліктері мен олардың қызметін, әдебиеттің негізгі даму сатылары туралы негізгі білімі болады;
  • Тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі теориялық ережелерін, лингвистика мен әдебиеттанудың әдістері мен әдістемелік ұстанымдарын және филологиялық ғылымның пікірталас мәселелерін біледі;

Қолдана білуі:

  • Лингвистикалық және әдебиеттану ғылымдарының негізгі теориялық ережелерін, әдістемелік қағидаттары мен категорияларын білуі керек;
  • Дербес креативті қызметке және филология саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді игеруге дайын болу керек;
  • Мәтінді талдау мен түсіндіріп беру және берілген коммуникативтік жағдайға сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндерді құру барысында алған білімді қолдана білуі керек.

Біліктілігі:

Академиялық дәреже: 5В011700– «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры

Құзіреттілігі:

Оқу-танымдық тұрғыда

  • Білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу және жаңа шешімдер ұсына біледі;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруге және кәсіби салада қолдануға қабілетті.

Жеке тұлғалық тұрғыда

  • Кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылуға қабілетті;
  • Өз уақытын тиімді ұйымдастыруға, жауапкершілікті өзіне қабылдауға, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға қабілетті;
  • Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі және кәсіптік қызметінде қолданады; өзге халықтардың мәдениетіне толерантты.

Коммуникативтік тұрғыда

  • Ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеттерін жүйелі, сауатты, дәлелді және нақты қолдана біледі

Кәсіби тұрғыда

  • Ұжымда ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнын, түрлерін, заңдылықтарын, принциптерін, технологияларын біледі және жүргізе алады;
  • Білім беру үдерісін жоспарлай және жүзеге асыра алады; кәсіптік қызметін меңгеру барысында жаңа технологияларды пайдаланып білім нәтижелерін қалыптастыруға, оқу-тәрбие үдерісін модельдей алуға және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға қабілетті; қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын зерделеуге қабілетті.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстан тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль- Мамандыққа кіріспе

  • Қазақ  тіл біліміне кіріспе
  • Қазақ әдебиеттану ғылымына кіріспе

Модуль- Психология және физиология

. Психология және адам дамуы

. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы

Модуль- Тіл және әдебиет І

  • Қазақ халық ауыз әдебиеті
  • Қазақ тілінің фонетикасы

Модуль- Мектеп педагогикасы

  • Педагогика І
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

Модуль- Тіл және әдебиет ІІ

  • Қазақ тілінің лексикологиясы
  • Ежелгі және хандық  дәуір әдебиеті
  • Қазақ тілінің семантикасы

Модуль- Тіл және әдебиет ІІІ

  • ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
  • Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
  • Абайтану

Модуль- Әдістеме

  • Қазақ тілін оқыту әдістемесі
  • Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі

Модуль- Тіл және әдебиет ІҮ

  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы І
  • Әлем әдебиеті

Модуль- Басқару, ұйымдастыру, бағалау

  . Инклюзивті білім беру

. Бағалаудың өлшемдік технологиялары

. Білім берудегі менеджмент

Модуль- Теориялық курс

  • Қазақ әдебиеті теориясы
  • Жалпы тіл білімі

Модуль- Тіл және әдебиет Ү

  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІІ
  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ

Модуль- Тіл және әдебиет ҮІ

  • XХ ғасыр қазақ әдебиетінің тарихы ІV
  •  Тәуелсіздік дәуір әдебиеті

Қазақ әдеби сынының тарихы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел
  • Психологиялық денсаулық профилактикасы
  • Өзін-өзі тану

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Тіл тарихы және жаңа бағыттар

Модуль- Тарихи грамматика

  •  Қазақ әдеби тілінің тарихы
  • Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Модуль- Тіл білімінің жаңа бағыттары

  • Қазақ тілінің синтаксисі
  • Тіл білімінің жаңа бағыттары ІІ
  • Қазақ тілінің стилистикасы

ЖБТ2 Тіл танымы және дискурсс

Модуль- Тілтану және дискурс

  • Паремиология
  • Тіл және дискурс

Модуль- Тіл  танымы

  • Тілдің әлеуметтік танымы
  • Психолингвистика

Қазақтың көне түркі тілі

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста кафедрада, аудандық-қалалық, аймақтық өлкелерде фольклорлық, диалектологиялық  «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2 курста педагогикалық (үздіксіз) тәжірибе – 2 апта;

3 курста педагогикалық (үздіксіз) тәжірибе – 3 апта;

4-курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің филиалы Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі
  • ОҚО, Кентау қаласы мамандандырылған Дарын мектеп интернаты
  • Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан Дарын мектеп-интернаты
  • №3 Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебі
  • №23 жалпы орта мектебі
  • М. Әбенова атындағы жалпы орта мектебі
  • Ататүрік атындағы орта мектебі
  • Хамза атындағы №2 ЖОМ
  • С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп лицейі
  • №19 ЖОМ КММ
  • М. Мәметова атындағы №6 ЖОМ КММ
  • М. Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназия
  • Н. Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектебі
  • №31 бастауыш мектеп –балабақша кешені КММ
  • А. Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі
  • №19 жалпы орта мектебі
  • ҚР ҚМ Кеңес одағының батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық «Жас Ұлан» мектебі

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Мамандық шифры
5В011700
Факультеті
Филология
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
Қазақ әдебиеті
Профильдік пәні
Қазақ әдебиеті
Өту балы
қазақ -90, орыс -85- мемлекеттік грантқа
Ақылы түрде оқуға-50 балл
Оқу ақысы
443,000 тг