Булент Байрам

Түрік филологиясы кафедрасы

Түрік филологиясы кафедрасы – ХХІ ғасыр талабына сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты ойлау қабілеті жоғары дамыған, түрік тілі мен әдебиетін терең меңгерген және іс жүзінде теориялық білімдерін қолдана алатын, өз ісінің шебері, кәсіби маман даярлайтын университетіміздің құрылымы болып табылады.

Түрік филологиясы кафедрасының негізі 1991 жылы Шығыстану факультетінің құрамында «Түрік тілі және әдебиеті» кафедрасы болып қаланды. 2006-2007 оқу жылында кафедра Шетел филологиясы факультетінің құрамында болды. 2007-2014 жылдар аралығында Филология факультетінің «Түрік тілі мен әдебиеті» кафедрасы болды. Ал 2014 жылы «Түрік филологиясы» кафедрасы атауын алды.

Кафедраның ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші – 33,3%.

Кафедрада 1 бакалавр және 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.

Шетел филологиясы: түрік тілі мамандығының студенттері 2013, 2014, 2015 жылдары өткен ІІ Республикалық пәндік олимпиадаларда қатарынан 2-ші және 3-ші орындарды иеленіп келеді.

Өз қызметінде кафедра университет жарғысын, университеттің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын, университеттің бұйрықтары мен өкімдерін, ішкі тәртіп пен ережелерін, корпоративтік мәдениет кодексін, университеттің құжатталған процедураларын басшылыққа алады.

Мамандықтардың оқу жоспарларындағы базалық және кәсіптік пәндер бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 27. Оның ішінде, 3- PhD докторы, 6-ғылым кандидаты және 18- оқытушы.

Жыл сайын кафедрамыздың оқытушы-профессор құрамы «Мевлана» бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдіреді. Атап айтсақ:

2014-2015 оқу жылында Түркия Республикасының ЖОО-да    Байниязов Аябек Жандарбекович – Ардахан университетінде (Ардахан қаласы); Маметова Дилфуза Алимовна — Джумхуриет университетінде (Сивас қаласы);

2015-2016 оқу жылында   Омирбаев Ержан Жарилкасинович – Джумхуриет университетінде (Сивас қаласы);

Нурмагомбетова Ынтымақгүл Ерлановна – Битлис Эрен университетінде (Битлис қаласы) біліктілігін арттырды.

Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және элективті курстардың тақырыптары жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

Кафедраның ғылыми дәрежесінің пайыздық көрсеткіші – 33 %.

Кафедра оқытушы-профессор құрамының импакт-факторлы журналдарда мақалалары жарық көруде. 2013-2014 оқу жылында кафедрамыздың оқытушысы ф.ғ.к., профессор Байниязов Аябектің «Билиг» (Thomson Reuters базасында: Impact Factor_2014: 0,057; Scopus базасында: SJR_2014: 0,111) журналында мақаласы жарық көрді.

2015-2016 оқу жылында кафедрамыздың оқытушысы PhD. Оспанова Гульмираның «Билиг» (Thomson Reuters базасында: Impact Factor_2014: 0,057; Scopus базасында: SJR_2014: 0,111) және «Милли фольклор» журналдарында (Thomson Reuters базасында: Impact Factor_2016: 0,057) мақалалары жарық көрді.

2016-2017 оқу жылында кафедрамыздың оқытушысы PhD. Жиенбаев Ерланның «Билиг» журналында (Thomson Reuters базасында: 0,111) Impact Factor 2017: 0,057 Scopus базасында:SJR _2017:) мақаласы жарық көрді.

Кафедрада ай сайын оқытушылар бекітілген бағыттар аясында  қазіргі ғылымның жетістіктері бойынша ғылыми семинарларда баяндама жасайды.

Тәрбие жүмыстары жоспарда түзілген кесте бойынша жүргізіледі. Топ студенттерінің үлгерімін қадағалау, жастарды әдептілікке, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу, білімін жетілдіру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие беру мақсатында топ студенттерімен кездесулер ұйымдастырылады. Бұл кездесулер пікірталас, сұхбат, дөңгелек үстел, пікірсайыс, баяндама түрінде өткізіліп тұрады.

Тәлімгерлік тәрбие сағаттарына кафедра оқытушылары мен студенттер шақырылып, тақырып бойынша пікірталастар өтілeді. Сондай-ақ, тәрбие сағаттарына кафедра меңгерушісі және өзге де оқытушылар қатысып өздерінің өмір жолындағы іс тәжірибелері бойынша ой бөлісіп ақыл-кеңестерін ұсынуда.

Қ/с Профессор-оқытушылардың

аты-жөні

Қызметі Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы
1.

 

Байрам Бүлент Каф. меңгерушісі PhD Проф.
2. Адильбекова Эльмира Сейтимовна ХҚТУ доценті
3. Ашимов

Рустам Жорашович

доцент м.а. ф.ғ.к.
4. Өмірбаев

Ержан Жарилкасинович

доцент м.а. ф.ғ.к.
5. Жиенбаев

Ерлан Бейбитович

доцент м.а. PhD      —
6. Файзулла

Гулназ Файзуллақызы

аға оқытушы филос.ғ.к.      —
7. Алашбаев

Ерлан Жорабекұлы

аға оқытушы PhD      —
8. Дагыстан

Сердар

аға оқытушы PhD      —
9. Молдатаев Канат Бахытбекович аға оқытушы      —
10. Нурмагомбетова Ынтымакгул Еролановна аға оқытушы      —
11. Каримова Шахноза Атабаевна аға оқытушы      —
12. Мейірбекова Жазира Әбдірайымқызы аға оқытушы      —
13. Аблаева

Райхан Бабайбековна

магистр оқытушы
14. Сейтметова Жибек Абраймовна магистр оқытушы
15. Маметова Дилфуза Алимовна магистр оқытушы
16. Өмірзақ

Элмира Қауышқызы

магистр оқытушы
17. Усенбаева

Шынар Амантаевна

магистр оқытушы
18. Тулендиева Фарида Тобагабыловна магистр оқытушы
19. Нурман Мырзалы Балталыұлы магистр оқытушы
20. Джасымбеков Ералы Алибекович магистр оқытушы
21. Алиева Ляззат Бердуакасовна магистр оқытушы
22. Семиз Кенан магистр оқытушы
23. Алпайдын Фатих магистр оқытушы
24. Якар Фатих магистр оқытушы
25. Гедик Фирузе Туба магистр оқытушы
26. Ардалы Эййуип магистр оқытушы
27. Ташпынар Севда магистр оқытушы
28. Муратова Лиана Максудовна магистр оқытушы
29. Байниязов Аябек Жандарбекович аға оқытушы ф.ғ.к. ХҚТУ профес

соры, доцент

30. Шенгүн Айгүл Мұстафақызы аға оқытушы
Напишите свой вопрос

 

×