6М021200-Түркология

БІЛІКТІЛІГІ

  • Гуманитарлық ғылым магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары түркітану мамандығы бойынша гуманитарлық ғылым магистрлерін даярлау;
  • Зерттеушілік дағдыға ие және өзіндік зерттеушілік жұмыстарды жоспарлауға, орындауға, жетекшілік етуге, салааралық ғылыми бағыттарды үйлестіруге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, түркітану тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білім, дағды және жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыру;
  • Түркітану ғылымы мен педагогикалық қызмет саласында магистранттардың теориялық және практикалық дайындықтарын тереңдету;
  • Түркі және шығыс әлеміне қатысты гуманитарлық білім саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мен ұйымдастыру біліктілігін меңгеру;
  • Жоғары оқу орнындағы педагогика мен психология саласында және оқытушылық тәжірибеде қажетті білімдерді алу;
  • Ғылыми-зерттеу, білім беру, ұйымдастыру-басқарушылық, ғылыми-ұйымдастырушылық және басқа да салаларда қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілеттілікті қалыптастыру;
  • Жалпы және кәсіби мәдениеті жоғары мамандарды дайындау;
  • Білім алушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өмір бойы өз бетінше білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін түркітану және филология ғылымдары бойынша базалық білімдерді меңгеруі;
  • «Түркітану» бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және мінез-құлықты ажырата білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік іс-әрекетін табысты жүзеге асыра алуы;
  • Іргелі ғылыми зерттеуді жүргізу, кәсіби мамандықты игере отырып, оның ішінде ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін меңгеруі, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді анықтап, шеше алуы, таңдап алынған бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра және жүргізе білуі, зерттеу және басқару әрекетін табысты жүзеге асыра білуі;
  • Күнделікті кәсіби қызметте және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Қолдана білуі:

  • Негізгі оқу жоспарында қарастырылған міндетті модульдер мен әлеуметтік-гуманитарлық пәндерден білімдерді игеруі;
  • Қазақ, орыс, түрік, шетел тілдерін меңгеруі;
  • Басқару құралы ретінде компьютермен, жалпы бағыттағы бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі;
  • Жаһандық компьютерлік жүйелерден алынатын ақпараттарды пайдалана білуі; базалық пәндерді т.б. пәндердің негізгі бөлімдерін білуі;
  • Мемлекеттік және шетел тілдерінен білімін тереңдету, кәсіптік пәндерді оқу барысында: түркітану бойынша білім беру саласындағы кәсіби қызметтің барлық түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік және дағдыларды, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс.

Біліктілігі:

  • Магистратураны бітірушінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы болуы қажет;
  • Ғылыми ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістерімен қоса қазіргі ақпараттық технология әдісін білуі, ғылыми ақпаратты игеріп және қолдануы, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу және құрастыру, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу қызметін таңдаған мамандығы бойынша енгізу және жоспарлау, жоғары оқу орындарында дәріс беру, басқару және зерттеу қызметін табысты атқара білу.

Құзіреттілігі:

  • Ғылым мен практиканың жаңа теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне сай компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, ғылыми зерттеудің мәліметтерін озық тәсілдермен өңдей білуі;
  • Ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделіп, нақты практикалық нұсқаулар, басқару мәселелерінде өз бетінше шешімдер қабылдай білуі;
  • Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеруі;
  • Түркітану ғылымындағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелердің орнын білуі;
  • Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық магистранттар мен оқытушыларға психологиялық кеңес бере білуі; құралдары мен әдістерін игеруі; келешекте кәсіби іс-әрекет бейімдігін есепке алуы;
  • Білім берудің қазіргі парадигмасын, гуманитарлық ғылымдардың әдістемесін білуі;
  • Ғылымның дамуына және құбылмалы әлеуметтік тәжірибе жағдайында жинақталған тәжірибені қайта бағалауға, өз мүмкіншілігін талдауға, қазіргі заман технологиясын қолдану арқылы жаңа білім ала білуге қабілетті болуы;

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Бейіндеуші пәндер модулі

Модуль Кәсіби міндетті модуль

  • Түркітану ғылымын оқытудың қазіргі мәселелері
  • Алтайтанудың теориялық методологиялық негіздері

Модуль Кәсіби элективті модуль

  • Түркі тілдеріндегі лексика-фразеологияның негіздері
  • Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар
  • Түркі халықтары туралы зерттеулердің этно-генетикалық және генеологиялық негіздері
  • ХІ-XVI ғасырлардағы араб жазуындағы түркі ескерткіштері
  • ХІХ ғ. ІІ-ші жартысындағы түркітану ғылымы
  • Түркі тілдерінің лексикологиясы мен лексикографиясы
  • Түрік әдебиетінің дәуірлері
  • Мәмлүк қыпшақтары тілінің зерттелуі
  • Еуропа ғалымдарының түркітанымдық зерттеулері
  • XV-XIX ғғ. түрік тілдерінің зерттелуі
  • Ислам дәуіріндегі түрік әдебиеті
  • «Диуан-и Луғат-ит Түрік» шығармасындағы қанатты сөздер
  • Ескі қыпшақ ескерткіштерін зерттеу әдіснамасы
  • Түрік тілдеріндегі кірме сөздердің құрамы
  • Көне түрік жазба ескерткіштерін зерттеу әдіснамасы

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Түрік халықтарының әдебиеті мен грамматикасы

Модуль Түрік халықтарының жазба және ауыз әдебиетін зерттеу әдіснамасы

  • Түрік халықтарының жазба әдебиеті
  • Түрік халықтарының фольклористикасын зерттеу әдіснамасы

Модуль Түрік тілдерінің салыстырмалы грамматикасы мен фонетикасы

  • Түрік тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
  • Түрік тілдерінің салыстырмалы фонетикасы

ЖБТ2 Түркітанудың теориясы, методологиясы және сөздік дайындау

Модуль – Түркітану және тіл білімінің теориясы мен методологиясы

  • Түркітанудың теориясы мен методологиясы
  • Қазақ тіл біліміндегі түркітанымдық зерттеулер

Модуль Аударма теориясы және түркітануда сөздік дайындау әдістері

  • Аударма теориясы
  • Түркітануда сөздік және энциклопедия дайындау әдістері

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста өтетін «Зерттеушілік тәжірибесі І» – 6 апта (2-ші семестр);
  • 2-курста өтетін «Педагогикалық тәжірибе (үздіксіз)» – 3 апта (4-ші семестр);
  • 2-курста өтетін «Зерттеушілік тәжірибе ІІ» – 6 апта (4-ші семестр);

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

Шетелдік университтермен:

  1. Ыстанбұл 29 Майыс университеті;
  2. Йылдырым Беязит университеті;
  3. Сакария университеті;

Ұлттық мекемелермен:

  1. ҚР БҒМ ҒК «А.Байтұрсыноватындағы Тіл біліміинституты» РМҚК;
  2. ҚР БҒМ ҒК «М.Әуезоватындағы Әдебиет және өнеринституты» РМҚК;

ҚР ЖОО-мен:

  1. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;
  2. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті;
  3. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университеті ШЖК РМК;
  4. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті;

Қысқа мәлімет

Мамандығы:

Түркітану

Мамандық шифрі:

6М021200

Факультеті:

Филология

Оқу түрлері:

Күндізгі

Өту балы:

150

Оқу ақысы:

646 300 тг