Бейсембаева Салтанат Байгазыновна

Әлем тілдері кафедрасы

Кафедра университеттің негізгі оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшесі болып табылады және де филология факультетінің құрамына кіреді. Төмендегі Білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарларын әзірлейді, іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді:

Бакалавриат деңгейі:

  • 5В011800 – Орыс тілі мен әдебитеті;
  • 6В01764 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
  • 5В021000 – Шетел филологиясы: қытай тілі;

Магистратура деңгейі:

  • 7М01738 – Орыс тілі мен әдебиеті;
  • 7М01739 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;

Әлем тілдері кафедрасының миссиясы: Елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың құндылықтарына, салт-дәстүрлеріне құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиеленген, сонымен қатар білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау.

Кафедраның басымдылық міндеттері:

  • Басқа жоғары оқу орындарының озық ғалымдары, дарынды студенттері талпынған динамикалық, бәсекеге қабілетті ортаны құру;
  • докторантураның үздік түлектерін тарту; академиялық ұтқырлық аясында профессорлар шақыру;
  • профессор-оқытушылар құрамының зияткерлік әлеуетін көтеру, жетекші ғалымдар мен оқытушыларды тарту, ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты арттыру, ғылыми және инновациялық қызметтің нәтижелерін іске асыру;
  • мамандықтар бойынша дуальды оқытуға біртіндеп көшу арқылы, студенттерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
  • олимпиадалар, байқаулар, мектеп және колледж оқушыларының ғылыми жобаларын ұдайы өткізу арқылы талантты студенттерді қабылдау. Мәдени әртүрлілік пен толеранттылық қағидаттарын қолдай отырып, шетелдік студенттерді университетке оқуға тарту.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны — 16. Оның ішінде 1 — ғылым докторы, профессор, 3 – доцент, 5 — ғылым кандидаты, 7 — ғылым магистрі қызмет атқарады.

Кафедраға қарасты талапқа сай, қажетті құралдармен жабдықталған арнайы мамандырылған 3 дәрісхана бар.

Кафедра академиялық ұтқырлықты дамытуда жақсы тәжірибеге ие, жыл сайын Эрджиес университетінің студенттері 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша алмасу бағдарламасы аясында келеді.

Мамандық студенттерінің командалары республикалық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болып келеді:

2015 жылы С.Естай, Қ.Пернебаева, Ш.Оразәлі 5В011800 — Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 3-ші орын (Семей, жетекші Б. Абиев)

2017 жылы В.Кравченко, А.Аманов, И.Клименко — 5В011800 — Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 3-ші орын (Астана, жетекші А.С.Қарпықбаева)

2018 жылы Ф.Шаймерден, М.Бабатаева, Ә.Ақжігіт — 5В021000 — Шетел филологиясы: қытай тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша командалық есепте 2-ші орын (Алматы, жетекші Ж.А.Жамантаева).

2019 жылы Ә.Ақжігіт — 5В021000 — Шетел филологиясы: қытай тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша 3-ші орын (Алматы, жетекші Ж.А.Жамантаева).

Сонымен қатар, 5В02100 — Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының студенттері жыл сайын қытай тілі дәрежелік емтиханына (HSK) қатысып, жоғары көрсеткіш көрсетуде. 2018 жылы бітірген түлектеріміз Шаймерденова А. , Шаймерден Ф., Бабатаева М., Каримов И. (жетекші Г.Жамантаева) қытай тілі 5-ші дәрежелік емтиханының (HSK) нәтижесі негізінде, ҚХР-ның Чау Син қаласындағы университетінің магистратурасына қабылданып, қазіргі таңда сол университетте оқуын жалғастыруда. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы 3 курс студенттері қытай тілі 4 дәрежелік емтиханынан: Ақжігіт Әсел — 281 ұпай (жалпы 300 ұпайдан), Төлбасиев Ынтымақ – 276 ұпай, Оразгелді Е. — 222 ұпай жинады (жетекші Г.Жамантаева).

2018 оқу жылында 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Клименко Иван Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының иегері.

2019 оқу жылында 5В021000 – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының 4 курс студенті Ақжігіт Әсел Тұңғыш Президент Қоры шәкіртақысының иегері.

Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші 56%.

Кафедрада әр жылға арналып ғылыми-зерттеу жұмысының (ҒЗЖ) жылдық жоспары жасалынады, оған енетін тақырыптар өзектілігіне, жаңашылдығына қарай іріктеледі. Кафедраның өз ғылыми тақырыбы бар: «Орыс және қытай филологиясының теориялық-әдістемелік зерттеу аспектілері».

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылымға бейімдеу, ғылыми баяндамалар, ғылыми жобалар дайындау мақсатында аталған жалпыкафедралық тақырыптың негізінде кафедрада 4 ғылыми секция құрылып, жұмыс атқаруда. Кафедра оқытушылары төмендегідей 4 бағытта жұмыс істейді:

  1. Орыс тілінің теориясы мен әдістемесі
  2. Орыс әдебиетінің теориясы мен әдістемесі
  3. Оқытудағы жаңа технологиялар мен инновациялық әдістер.
  4. Қытай тілі мен әдебиетінің теориясы мен әдістемесі

Кафедра оқытушы-профессор құрамы халықаралық және республика көлеміндегі ғылыми конференцияларға қатысады. 2018-2019 оқу жылында ОПҚ-ның 129 ғылыми еңбектері халықаралық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Оның ішінде 35-ы  ККСОН ұсынған басылымдарда, 6-ы Scopus, Thompson Reuters, 28-ы РИНЦ базаларына кіретін басылымдарда, 3–і Түркология журналында, 5-і алыс шетелдегі, 2-і жақын шетелдегі, 5–і отандық басылымдарда жарияланған болса, 45-ы әртүрлі халықаралық, республикалық конференциялардың жинағында жарық көрді. 3 монография жарияланды.

Кафедрада жыл сайын дәстүрлі түрде «Жаңа формацияда кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. 2018-2019 оқу жылында конференция материалдары 3-томдық жинақ болып жарық көрді.

Кафедра студенттері ғылыми-теориялық конференцияда жыл сайын белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

«Әлем тілдері» кафедрасында жүргізілетін тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: Жалпыадамдық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Кафедраның тәрбие жұмысының жоспары университеттің жылдық жоспарына сәйкес жасалған. Студенттерге түрлі бағытта танымдық — тәрбие беретін көптеген шаралар жоспарланған. «Білім күні», «Тілдер мерекесі», «Ұстаздар күні», «Халықаралық студенттер күні», «Мамандыққа қош келдің!» шараларын жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Кураторлар шетелден келген студенттермен жеке жұмыстар жүргізеді. Тәрбие жоспарында атаулы күндерге арналған түрлі кураторлық сағаттар белгіленген.

Кафедра оқытушылары мен білімгерлерінің бастауымен атқарылатын іс-шаралар рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; білімгерлердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіруге бағытталған.

Сонымен қатар, студенттердің қызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысу ұйымдастырылады. 5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы білімгерлері үшін «Живое слово» (жетекшісі ф.ғ.к., доцент Байтуова А.Н.), 5В021016 – Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығының білімгерлері үшін «Kuaile Hanyu» (жетекшісі Әдіш Дархан) атты үйірмелер қызмет атқаруда.

Студенттер мен оқытушылар қауымының арасында азаматтық және лидерлік қасиеттердің деңгейін жоғарылату мақсатында іс-шаралар (әртүрлі форумдар мен дөңгелек столдар, конференциялар және т.б.) жыл бойы өткізіліп отырады. Тарихи-өлкетану орындары мен мәдени, қасиетті орындарға саяхат жасайды. Студенттер мен оқытушылар қауымы арасындағы ұлттық, ұлтаралық және этникалық құндылықтарды сақтау, жас таланттарды қолдау, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатындағы іс-шаралар дұрыс жолға қойылған.

Профессор-оқытушылардыңаты-жөні Қызметі Ғылымидәрежесі

Ғылымиатағы

1 Бейсембаева Салтанат Байгазиевна заведующий кафедры к.ф.н., и.о.доцента
2. Еркибаева Гульфайруз Гинаятовна профессор к.п.н. профессор
3. Байтуова Айгуль Назировна и.о.проф. к.ф.н. доцент
4. Чаканова Салима Жалгасовна и.о.проф. к.п.н. доцент
5. Бердалиева Рамиля Шаншархановна и.о.доцент к.ф.н.
6. Ошакбаева Жанар Бактыбаевна старш.препод. к.ф.н.
7. Абиев Бакытжан Мирзахметович старш.препод.
8. Жорабекова Манат Курманбековна преподователь
9. Бабаева Карлыгаш Сабитовна преподователь
10. Адамова Гулнара Максатовна преподователь
11. Жамантаева Гулзада Абибуллаевна старш.препод.
12. Тұрсын Ардақ Тұрсынқызы преподователь
13 Оспангалиева Гүлжан Үсенбайқызы преподователь

ОПҚ туралы толық мәлімет

Напишите свой вопрос

 

×