5В021000-Шетел филологиясы: (қытай тілі)

БІЛІКТІЛІГІ

Гуманитарлық білім  бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Қытай тілінің табиғатын фонетикалық, грамматикалық және лексикалық деңгейлер бойынша меңгеру, тілдік біліктілікті, құзыреттілікті қалыптастыру.
  • Шет тілдік коммуникативтік құзіреттіліктің базалық деңгейіне жету.
  • Білім, дағды және қабілетті жүйелеу, бекіту және тереңдету.

Жалпы білім берудің міндеті:

  • 5В021000-Шетел филологиясы: қытай тілі мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қалыптастырған бакалаврларды даярлау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Қытай тілінің жазу жүйесін, грамматикасын, лексикасын, әдебиетін, мәдениетін жаңа ақпараттық құралдарды қолданып меңгереді.
  • Қытай тілі пәні бойынша негізгі базалық білімді игеріп, орфоэпиялық тұрғыда қытай тілінің дыбыстарын дұрыс айту, грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеу, өз ойын жүйелі, көркем тілде жеткізе білу, лексикалық қорды кеңейту, қытай тілінің грамматикалық ережелерін меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Қытай тілінің грамматикалық және фонологиялық құбылыстарын жеке интерпретациялауды жүзеге асыра білу.
  • Ғылыми, көркем және ақпараттық әдебиеттермен, материалдармен аударма жұмыстарын жасай білу.

Біліктілігі:

  • Оқытудың қазіргі әдістері мен технологияларын, ақпараттық және мультимедиялық құралдарды, сондай-ақ әртүрлі сөздіктер, ғылыми және ақпараттық әдебиеттермен жұмыс жасауға қабілетті.
  • Тұлғааралық рефлексия мен мәдениетаралық коммуникацияға қабілетті.

Құзіреттілігі:

  • мәдениетаралық қарым-қатынас барысында негізгі сөйлеу формаларын қолдана алады.
  • баяндау, сипаттау, тұжырымдау, монолог, диалог, пікірталас, сұқбат жүргізу және әңгіме мен пікірсайыс нәтижелерін бағалап, қорытындылай біледі.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік (қазақ) тілі

ЖОО электив модулі  

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

Базалық кәсіптендіру модулі

Модуль – Шетел тілі бастауыш деңгей

  • Қытай тілі (А1 деңгейі)
  • Қытай тілінің практикалық фонетикасы

Модуль – Мамандыққа кіріспе

  • Қытай тіл біліміне кіріспе
  • Қытай әдебиетіне кіріспе
  • Қытай тілі (А2 деңгейі)

Модуль – Шетел тілі орта деңгей 1

  • Қытай тілінің практикалық грамматикасы І
  • Қытай тілі тыңдау және сөйлеу І

Модуль – Шетел тілі орта деңгей 2

  • Қытай тілі (B1 деңгейі)
  • Қытай тілінің практикалық грамматикасы ІІ
  • Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум

Модуль – Шетел тілі орта деңгей 3

  • Қытай тілі (В2 деңгейі)
  • Қытай тілі тыңдау және сөйлеу ІІ

Модуль – Іскерлік тіл

  • Жалпы қытай тіл білімі
  • Қытай тілінің ресми іс-қағаздары

Модуль – Әдістеме

  • Қытай тілін оқыту әдістемесі
  • Қытай әдебиетін оқыту әдістемесі
  • Қытай әдебиетінің теориясы

Модуль – Әдебиет І

  • Қытай тілі (С1 деңгейі)
  • Қытай әдебиеті I
  • Аударма теориясы

Модуль – Әдебиет ІІ

  • Әдеби шығармаға стилистикалық талдау
  • Қытай әдебиеті ІІ

Модуль – Шетел тілі жоғары деңгей

  • Қытай тілінің лексикологиясы
  • Қытай тілі (С2 деңгейі)

Модуль – Әдебиет ІІІ

  • Қытай тілінің теориялық фонетикасы
  • Қытай әдебиеті ІІІ

ЖБТ1 Тіл және шығарма

Модуль – Тіл теориясы

  • Қытай тілінің стилистикасы
  • Қытай тілінің теориялық грамматикасы
  • Лингвоелтану

Модуль – Әдеби шығармашылық

  • Қытай тілінің тарихы
  • Қытай тілінде әдеби шығармашылық (эссе)

ЖБТ1 Фольклор және диалект

Модуль – Фольклор

  • Қытай баспасөз тілі
  • Қытай фольклоры
  • Қытай тіліндегі шешендік өнер

Модуль – Шығарма талдау

  • Қытай диалектілері
  • Қытай тілінің морфологиясы

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;

2-курста «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта;

3-курста «Педагогикалық тәжірибе» – 2 апта;

4-курста «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;

4-курста «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қытай Мұнай құрылыс компаниясы Шымкент бөлімшесі
  • Қытай Мұнай компаниясы (CNPC) Ақтөбе
  • ҚХР ШҰАР Қазына экономика университеті

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Шетел филологияфсы: қытай тілі

Мамандық шифры

5В021000

Факультет

Филология

Оқу деңгейлері

Бірінші жоғары білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Профильдік пән

Ағылшын тілі

Оқу ақысы

343300 тг.