Дайындық факультеті

Дайындық факультеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 06.10.1997 жылғы №1/447 бұйрығымен ашылды. Құрылған кезінен бастап Түркі дүниесінен келетін білім алушылар түрікше, қазақша, орысша және ағылшын тілін курс жүйесіне қарай үйренуде. Білім алушылар, Дайындық факультетінде 2 семестр бойынша тек қана тіл үйренеді. Дайындық факультетінде оқитын білім алушылар, топтарға бөлініп, әр топта 2 тілде білім алады. Білім алушылар, тіл үйренгеннен кейін факультеттерді таңдай отырып, өз мамандықтарына қарай жалғастырады.

Дайындық факультеті тіл үйретуді жетілдіре отырып, дайындық курсын бітіруші түлектерімізге әртүрлі салаларда тіл білудің артықшылықтары мен өздеріне жаңа бір білім есігін ашу мүмкіндігін тудыртты. Білім алушыларымыздың ең озық үлгіде білім алуларын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерімізді қолдана отырып, білім алушыларымызға қолдау көрсетудеміз.

16
Мемлекет
766
Білім алушы
72
ОПҚ

Факультетіміздің оқытушы-профессор құрамы индикативтік жоспарын бекітіп, жоспар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.

Дайындық факультетінде білім алушыларға түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, Атамекен, Қарашаңырақ, Қазақша үйренейік, Turkish club, English club үйірмелері білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға, сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баулиды, үйретеді.
Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқытушылар мен студенттер спартакиядасына оқытушы-профессор құрамы мен білім алушыларымыз белсенді түрде қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.

Дайындық факультетіне жыл сайын түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан тыңдаушылар келіп білім алуда. Балтық елдері, Ресей Федерациясына кіретін Түркі тілдес Республикалар, Моңғолия, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Ауғанстандағы ұлттық орталықтар арқылы байланыс жасап, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіледі.

Университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін оқытушылар мен студенттер спартакиядасына оқытушы-профессор құрамы мен білім алушыларымыз белсенді түрде қатысып, жүлделі орындардан көрінуде.

2017-2018 оқу жылы ұйымдастырылған спартакиядада оқытушы-профессор құрамы жүлделі екінші орынға ие болды.

Түрік тілі кафедрасының оқытушылары А.Бегділла, Ж.Ералиев және Н.Ирисбекова Юнус Эмре институтының емтиханын тапсырып, С1 сертификатын алды.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары Қ.Ағайдарова, З.Мухамедвалиева және А.Орманов 2016 жылы IELTS (Academic) емтиханын тапсырып, сертификатын алды.