Пралиева Рабига Есимовна
Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы

Жалпы пәндер кафедрасы  

2006-2007 оқу жылынан бастап Кентау қаласында шетелден келген қазақ диаспорасы өкілдері мен оралман тыңдаушылардың жалпы білімдік  дайындық деңгейін арттыру мақсатында және оларға жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына түсуге қажетті жағдайлар жасау мақсатында Дайындық бөлімі ұйымдастырылып келеді. Жалпы пәндер кафедрасы 2006-2013 оқу жылдары аралығында  Біліктілік жетілдіру факультетінің құрамында болды. 2015-2016 оқу жылынан бастап Дайындық факультеті құрамына енгізілді.

Оқу жоспарындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 8,75. Бүгінгі күнде кафедрада 1 PhD докторы,  6 аға оқытушы,  4 магистр оқытушы,  1 аға лаборант қызмет атқарады.  Кафедрада  Қазақ тілі, Математика, Физика, Химия, Биология, Ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, Бүкіл әлем тарихы, Орыс тілі, Дене шынықтыру пәндерін күзгі және көктемгі семестр бойы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар үшін, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде тілдік даярлық деңгейін арттыру бойынша тыңдаушыларға жоғарыда аталған пәндер бойынша оқыту жүйесі үздіксіз білім беру моделі арқылы оқытылады. Пәндер бойынша аралық бақылау тапсырмалары, тест сұрақтары ұйымдастырылып,  кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiледі.

Кафедраның оқытушы-профессорлар құрамы Республикалық ғылыми конференциялар мен басылымдарға жұмыстарын жариялауда.

2018-2019 оқу жылында  кафедра мәжілісінің шешімі негізінде Жалпы пәндер кафедрасының оқытушылары Қазақ диаспора өкілдері мен оралман тындаушылары мен қазақстандық тыңдаушыларды  топтарға бөлініп, тәлімгерлері тағайындалды. Топ тәлімгерлерінің құрған тәрбие жұмыстарының жоспары  негізінде түрлі ашық тәрбие жұмыстары мен іс-шаралар ұйымдастырылады. Тыңдаушылардың университет тарапынан ұйымдастырылған түрлі мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.
Солардың бірі тақырыбы мен мазмұны жағынан өте маңызды «Армысың, арман далам, «Атажұртым» және «Тәуелсіздік тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты Университет және Кентау қаласы көлемінде жоғарғы деңгейде аталып өтілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасына сәйкес тыңдаушылардың арасында «Болашағымыз бірлікте, Елдігіміз-еңбекте» тақырыбында форум- дебат өткізу.