Мырзалиев Бораш Смаилович
Э.ғ.д., профессор Кафедра меңгерушісі

Экономика және қаржы кафедрасы

Экономика және қаржы кафедрасы – бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. Кафедра  1991 жылы «Экономикалық теория» кафедрасы болып құрылған. Осы кафедра негізінде «Халықаралық экономикалық қатынастар» және «Менеджмент» (бұрынғы «Жалпы  экономикалық пәндер») кафедралары ашылды. 1999-2000 оқу жылында кафедра аты «Экономика», 2017-2018 оқу жылынан бастап «Экономика» және «Қаржы және аудит» кафедралары бірігіп «Экономика және қаржы» кафедрасы болып өзгертілді. Қазіргі таңда кафедраға э.ғ.д., профессор  Мырзалиев Бораш Смайлович басшылық етеді. Қазіргі кезде кафедрада 24 оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 24. Оның ішінде 2 ЖАК ғылым докторы, профессор, 1 PhD  профессор, 2 ЖАК доценті, 6 ғылым кандидаты, 3 PhD доктор, 5 аға оқытушы, 5 магистр қызмет атқарады. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және эллективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы тіл білімі, әдебиеттану, журналистиканың соңғы жетiстiктерiне жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi бар, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

Кафедарының ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші – 90,5%. Республикалық ғылыми конкурстарға ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде студенттер Э.Абдумауленова (жет. ф.ғ.к., Б.Жусупова) ІІ орын, М.Әленова (жет. ф.ғ.к., Б.Оспанова) ІІ орын;  Д.Тұрғынбаева, Р.Халдарбекова, Б.Қаратілекова, Ж.Әшірбекова, М.Төребек (жет. проф. Б.Сердәлі) ІІІ орынды иеленіп, ҚР БжҒ министрлігінің  Дипломымен марапатталды.

1994 жылдан бері кафедрада  Б.Кенжебаев атындағы әдебиет кабинеті, баспасөз кабинеті, «Мезгіл» фото, «Жаңа ғасыр» теле, «Дәуір» радио үйірмелері, «Шолпы» қыздар клубы, баспасөз клубы жұмыс істеп келеді. Мұнда  үш мыңдай кітап қоры, фототека, фонотека жинақталған. Үйірмелерде түрлі сұхбаттар, кездесулер, оқырман конференциялары өткізіліп тұрады.  Ғалым-академиктер З.Ахметов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары М.Мағауин, Д.Исабеков, ақын Қ.Мырзалиев, И.Сапарбаев, демограф-ғалым М.Тәтімов, өнер зерттеушісі, композитор А.Амандықов, ғалым А.Қыраубайқызы, диктор Сауық Жақанова осы үйірмелер ұйымдастырған іс-шаралардың қонағы болды.