6D050600-Экономика

БІЛІКТІЛІГІ

Экономика мамандығы бойынша философия (РhD) докторы

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6D050600-Экономика мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты  білім, ғылым, басқару және экономика салаларында инновациялық  әрекетке қабілетті біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау және  фундаментальды, әдістемелік және зерттеу дайындығы қалыптасқан ғалымдар қатарына кіруге және PhD докторы ғылым дәрежесін алуға дайын мамандарды даярлау.

Мақсаттарға байланысты 6D050600-Экономика мамандығы бойынша докторанттарды дайындаудың білім беру бағдарламасының мақсаттары оқу үрдісінің барысында білім алушыда қалыптасатын білімдер, түсініктер мен біліктерінің негізінде айқындалатын құзіреттіліктермен сипатталады. Оларға келесілер жатады:

  • Білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамытуға қабілеттіліктерді, белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өзіндік шығармашылық тұрғыдан игеру қажеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
  • Қазіргі заманның ғылыми және практикалық мәселелерін құрастыру мен шешуге және ғылыми-зерттеу мен басқарушылық әрекетті табысты жүзеге асыруға қабілетті жоғары кәсіби дайындығы бар мамандарды дайындау;
  • Экономикалық объектілердің әрекетін талдау, ғылыми тұрғыдан негізделген қорытындылар жасау және өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың қажетті формаларын таңдау, басқарушы шешімдерді қабылдау қабілеттіліктерін қалыптастыру;
  • Сапалы және сандық талдау мен синтез жасау арқылы үдерістерді, құбылыстарды және жағдайларды сипаттау мен болжамдау үшін модельдерді құру мен пайдалану қабілеттерін қалыптастыру;
  • Үлкен көлемді ақпараттарды пайдалану, кәсіби мәселелерді шешу үшін түрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу мен компьютер техникасын пайдалану қабілеттерін игеру;
  • Статистикалық және есеп мәлеметтерін негізге ала отырып алынған нәтижелерді талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде жалпы ғылыми әдістемесін, логикасын және технологиясын игеру дағдыларын қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Экономиканың жаһандану  мен интернализацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуындағы заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын қолдана отырып ғылыми зерттеулерді жоспарлап, іске асырады; ұлттық және халықаралық жарияланымдардың ережелерін меңгереді;
  • Ғылыми-зерттеу саласында кәсіби міндеттерді шешу үшін алынған нәтижелерді өңдеп оған баға бере алады және зерттеушілік дайындығына қол жеткізуге саралау, тұжырымдау, тәжірибелік жұмыстарды қорытындылайды;
  • Заманауи педагогикалық технологияларды  қолданады, ғылыми-шығармашылық ізденіс барысында педагогикалық дағдыларын игереді және жетілдіреді.

Біліктілігі:

  • Экономика саласында қолданылатын   білім шеберлілігі мен зерттеу тәсілдерін, зерттеу саласында  жүйелі түсінуді  көрсете  біледі;
  • Ғылыми зерттеулердің кешенді процесін жоспарлайды, әзірлейді, жүзеге асырады және  түзетеді;
  • Ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялауға лайықты  меншікті түпнұсқа  зерттеулермен  үлес қоса алады;
  • Статусы бойынша тең келетін ғылыми қауымдастық және қоғаммен өз саласының тақырыптары бойынша қарым-қатынас орната алады;
  • Жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және жүйелеуді жүзеге асыра алады.

Құзіреттілігі:

Ғалым-зерттеуші,  ғылыми жетекші, өндірістік-басқару саласындағы  және  ЖОО-дағы қызметкерлер жұмыс берушілер мен БАҚ-тардың талаптарына сай болуы қажет.

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль  – Мемлекеттік міндетті модуль

  • Экономикалық зерттеулер әдіснамасы  

Модуль– Бейіндеуші пәндер модулі

  • Экономикалық ғылымның теориясы
  • Экономикалық дамуды іске асыру механизмдері
  • Экономика субъектілерінің инвестициялық-инновациялық қызметі
  • Бәсекелестікті бағалау теориясы мен әдіснамасы
  • Кластер экономикасы
  • Қазақстан аймақтарының дамуы
  • Қазақстанда стратегиялық жоспарлау
  • Ұлттық экономиканың жаһандануы мен тұрақтылығы

Кәсіби тәжірибе

  • Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
  • 1-курста «Педагогикалық тәжірибе»   – 3 апта;
  • 1-курста «Зерттеушілік  тәжірибе»  – 8 апта;

Тәжірибеден өтетін мекемелер

  • Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институты» Шымкент қ. арнайы ғылыми-зерттеу институты
  • Экономика кафедрасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Экономика

Мамандық шифры

6D050600

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері:

Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм

Оқу түрлері:

Күндізгі

Оқу төлем ақысы:

1 307 000