6М050600 - Экономика

БІЛІКТІЛІГІ

Экономика мамандығы бойынша білім магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

6M050600-Экономика мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-  білім, ғылым, басқару және экономика салаларында инновациялық  әрекетке қабілетті біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау болып табылады.

Мақсаттарға байланысты 6M050600-Экономика мамандығы бойынша магистранттарды дайындаудың білім беру бағдарламасының мақсаттары оқу үрдісінің барысында білім алушыда қалыптасатын білімдер, түсініктер мен біліктерінің негізінде айқындалатын құзіреттіліктермен сипатталады. Оларға келесілер жатады:

  • Экономикалық объектілердің әрекетін талдау, ғылыми тұрғыдан негізделген қорытындылар жасау және өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың қажетті формаларын таңдау, басқарушы шешімдерді қабылдау қабілеттіліктерін қалыптастыру;
  • Сапалы және сандық талдау мен синтез жасау арқылы үдерістерді, құбылыстарды және жағдайларды сипаттау мен болжамдау үшін модельдерді құру мен пайдалану қабілеттерін қалыптастыру;
  • Үлкен көлемді ақпараттарды пайдалану, кәсіби мәселелерді шешу үшін түрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу мен компьютер техникасын пайдалану қабілеттерін игеру;
  • Статистикалық және есеп мәлеметтерін негізге ала отырып алынған нәтижелерді талдау мен сараптау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуде жалпы ғылыми әдістемесін, логикасын және технологиясын игеру дағдыларын қалыптастыру.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жалпы ғылыми әдістемені, логика мен технологиясын білу және зерттеу, ғылыми және эксперименталды жұмыстарды өз бетінше меңгереді;
  • Күнделікті кәсіби қызметте және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгереді.

Біліктілігі:

  • Ғылыми зерттеулерде идеяларды дамыту мен қолдану мүмкіндігі немесе негізі болып табылатын бакалавр деңгейінде алған білімін, түсінігін көрсетеді;
  • Зерттеу саласымен байланысты  кең салалар шеңберінде және жаңа немесе  белгісіз жағдайларда  мәселелерді білу, түсіну, шешу қабілеттерін қолданады;
  • Білімді интеграциялау, күрделі мәселелерді шеше білу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде білімдерін қолданғаны үшін  этикалық және әлеуметтік  жауапкершілікті есепке ала отырып, пікір айта алады;
  • Өз білімдері мен жауаптарын нақты және дәл жеткізе алады, оларды  мамандар мен маман емес тұлғаларға негіздейді;
  • Өздігінше білім алуды жалғастырады.

Құзіреттілігі:

Болашақ экономиканы маманданған құзыреттілігі жұмыс берушілер мен БАҚ-тардың талаптарына сай болуы қажет.

Бейіндеуші пәндер модулі

Кәсіби міндетті модуль

  • Микро-макроэкономикалық талдау
  • Фирманың эжкономикалық қауіпсіздігі

Кәсіби элективті  модуль

  • Фирманың инвестициялық тиімділігін талдау
  • Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру
  • Фирмадағы еңбекке ақы төлеу
  • Инновациялық жобалардың бизнес жоспары
  • Әлемдік экономикадағы Қазақстан
  • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
  • Экономикалық даму саясаты
  • Аграрлық экономика
  • Жұмыспен қамту саясаты
  • Әлеуметтік экономика
  • Энергетика экономикасы
  • Сыртқы сауда саясаты

ЖБТ1  Экономикалық зерттеу

Модуль – Ғылыми зерттеу

  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
  • Магистрлік диссератция жазу мен дайындаудың әдістемелік негіздері

Модуль – Ғылыми  экономика

  • Экономикалық пәндерді оқытудың әдістемесі
  • Ғылыми жазба

ЖБТ1  Экономикалық даму

Модуль – Экономикалық модельдеу

  • Экономикалық процестерді модельдеу
  • Макроэкономикалық модельдеу

Модуль – Экономикалық өсу

  • Экономикалық жоспарлау және болжамдау
  • Экономикалық өсу және дағдарыс

Кәсіби тәжірибе

Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

2-курста «Зерттеушілік  тәжірибе»  – 6 апта;

4-курста «Зерттеушілік  тәжірибе»  – 6 апта;

4-курста «Педагогикалық  тәжірибе»  – 3 апта.

Тәжірибеден өтетін мекемелер

  • Оңтүстік-Батыс  мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу  институты» Шымкент қ. арнайы ғылыми-зерттеу институты
  • Экономика кафедрасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Экономика

Мамандық шифры

6М050600

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері:

Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм

Оқу түрлері:

Күндізгі

Оқу төлем ақысы:

646 300 тг