Амирбек Айдарбек Ануарбекұлы
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІ

Халықаралық қатынастар

Халықаралық қатынастар кафедрасы 1998 жылы ашылған. Халықаралық қатынастар мамандығының негізгі мақсаты — халықаралық аренада болып жатқан оқиғаларды түсіндіру және теория мен практикаға сүйене отырып болашаққа болжау жасай білу қабілетін ашу болып табылады. Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алу барысында халықаралық ұйымдар, дипломатиялық қарым қатынастар, халықаралық құқық, әлемдік экономика секілді бағыттарда жан-жақты  білімге ие болады. Бұл мамандық бойынша шетелдік (Ұлыбритания, Түркия, АҚШ-тан келген) және отандық мамандар дәріс беруде. Дәрістер казақша, түрікше, орысша және ағылшынша жүргізіледі. Дәрістер шет тілдерінде жүргізілуін қамтамасыз ету барысында English Club және университет тарапынан  тегін курстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар студенттер іс-тәжирибеден өту үшін Туркияға жіберіледі. Халықаралық қатынастар  мамандығының студенттері 2016-2017 оқу жылында халықаралық «БҰҰ моделі» конференциясыны ұйымдастырып, Қазақстандағы БҰҰ ресми өкілдерінің сертификаттарына ие болды.

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 13. Оның ішінде 2 профессор, 3 Phd докторы, 1 доценті, 3 ғылым кандидаты, 1 аға оқытушы, 3 магистр қызмет атқарады. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылар мен бірге Түркиядан келген білікті мамандар жүргiзедi. Эллективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы халықаралық қатынастардың талаптарына сай таңдалады. Сонымен қатар, жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынады. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi бар, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.

Кафедарының ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші – 75%. Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері Түркияда болып жатқан «Халықаралық ғылыми-практикалық» конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Сонымен қатар, 2012-2016 жыл аралығында 15 студентіміз Түркияның үздік университеттерінде магистратура және доктарантура бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда. Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері, алғаш рет 2016 жылында «БҰҰ моделі» конференциясын Түркістан қаласында ұйымдастырып, Қазақстандағы БҰҰ ресми өкілдерінің сертификаттарына ие болды.

Халықаралық қатынастар мамандығының студенттері «Көмек және Ынтымақтастық», «Sinema», «Халықаралық қатынастар» және «English Club» клубтар аясында өздерін мүмкіншіліктерін көрсетуде. Қазақстандық және шетелдік қонақтар, дипломаттар, министірлердің және әр түрлі деңгейдегі көрнекті қайраткерлердің қатысуымен сұхбаттар, кездесулер, семинарлар және конференциялар өткізіліп тұрады.